- шекаралық темір жол станцияларын өткізу пунктi ретiнде айқындау;
- кедендiк бақылаудың заңдар мен халықаралық шарттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын қолдану;
- аталған постыларды кейiн кеден мәртебесiн беру арқылы нығайтуға, кеңейтуге, жарақтандыруға кiрiсу.
Айтылғандарды ескере отырып тiкелей Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасында автокөлiкпен өткiзілетін тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресімдеуді ұйымдастыру үшiн:
- мұндай ресiмдеу үшiн жедел және сапалы кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн қажеттi жеке құраммен, техникалық және басқа да құралдармен жасақталған неғұрлым iрi постыларды дайындау;
- банктiк, брокерлiк және басқа да қызмет көрсетулердi қалыптастыру;
- осы посттарда кедендiк ресiмдердi тiкелей кеден шекарасында жүргiзуге тiлек бiлдiрген заңды және жеке тұлғаларды ресiмдеуге кiрiсу;
- жүк тасымалдарының көлемдерi өскен кезде тәжiрибенi зерделеу және басқа мейлiнше жанды учаскелерде посттарды дамыту;
- қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзудiң тетiгi:
- сыртқы экономикалық айналымды жеделдетуге септiгiн тигiзетiн жағдайларды жасауды (тиiмсiз немесе басы артық кедендiк рәсiмдердi жою);
- тауарлар мен көлiк құралдарының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етушiлiк тәртібін сақтауды;
- контрабандаға, кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күресуге, сондай-ақ шекара арқылы есiрткi заттарының, қарудың, оқ-дәрiнiң, жарылғыш заттардың, көркем өнер туындыларының, халықтың тарихи және археологиялық игiлiктерiнiң заңсыз айналымының жолын кесудi;
- кедендiк баждарды, салықтар мен өзге де кедендiк төлемдердi уақытылы және толық төлеудi;
- Қазақстанның сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргiзудi;
- кеден органдарының құзыретiнiң шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тауар өндiрушiлердiң атына келiп түсетiн немесе олар жөнелтетiн және өнеркәсiптiк өндiрiсте пайдаланылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн, өндiрiстiң тоқтауына жол бермеу мақсатында мыналар көзделiп отыр:
- адал ниеттi, бiрiншi кезеңде iрi тауар өндiрушiлердiң тауарларын бақылау бойынша кеден органдарында арнаулы бөлiмше (топ) құру;
- аталған бөлiмшенiң жұмысына кеден органдарының кәсiптiк тұрғыда мейлiнше даярланған қызметкерлердi тарту, олардың арнаулы білімі болғаны жөн;
- аталған бөлiмше кеден органдарының қызметкерлерi кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды өндiрiстiк процестi тоқтатпай тiкелей кәсiпорындарда жүзеге асыруы, есеп пен бақылауды кәсiпорындардың қызметiне араласуынсыз жүргiзуi тиiс;
- тауарларды алу мен жөнелту кеден органы қызметтерiнiң бақылауымен де, сондай-ақ кәсiпорын алдын ала немесе кейiн кедендiк ресiмдей отырып технологиялық сызбаларға сәйкес жүргiзе алады;
- басшылық пен бақылауды тек кеден органының бастығы ғана жүзеге асыруы тиiс.
Негiзгi күштi отандық экспортшыларды қолдауға жұмсау көзделуде, мұны экспорт режимiн қолдану кезiнде қажеттілік және жеткiлiктілік принципi бойынша кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тетiгiн жетiлдiру және одан әрi оңайлату есебiнен қол жеткізуге болады.
Өнiмiн экспортқа шығаратын өндiрiсшiлер үшiн айтарлықтай мәнi бар кедендiк режимдерге қатысты экспортты ынталандыруға және импортты алмастырушы өндiрiстi көтермелеуге қатысы бар мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу жолымен кеден саясатын әзiрлеуге белсене қатысу қабылданатын болады.
ҚР Үкіметінің 15.05.01 ж. № 643 қаулысымен 4-басымдық өзгертілді
4-БАСЫМДЫҚ. Кадр саясатын жетiлдiру
МАҚСАТ:
Кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгi
МIНДЕТТЕР:
- Кадрларды iрiктеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізу
- Кадрларды жаңартып-ауыстырып тұрудың жүйесiн әзiрлеу
- Кадрлардың біліктілігiн арттыру бағдарламасын әзiрлеу
- Ұйымдастыру құрылымдарын оңтайландыру және кадрларды орналастыруды жетiлдiру
- Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қорғау.
Кеден органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды шешу елеулi дәрежеде кадр саясатын жетiлдiруге тәуелдi.
Қазiргi уақытта ҚР кеден органдарының бiрыңғай жүйесi дегенiмiз - бұл бәрiнен бұрын Қазақстанның бiртұтас ұйымдық бiрiктiрiлген кеден органдары, оған:
- Қазақстан Республикасының орталық кеден органы (ҚР МКМ Кеден комитетi),
- бас кеден басқармалары (БКБ),
- кеден басқармалары (КБ)
- кедендер, кеден постары, сондай-ақ ҚР МКМ ГК-ге ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдар кiредi.
Кеден органдарының құрылымы Қазақстан Республикасының Кеден қызметiне жүктелген негiзгi функциялардың орындалуы бойынша барлық бөлiмшелерiнiң тиiмдi өзара іс-қимылын қамтамасыз етуi тиiс. Кеден органдарындағы ұйымдастырушылық штаттық жұмысы берiк нормативтiк базаға негiзделуi тиiс. Бәрiнен бұрын қызметтiң қарқынды әдiстемесiне: еңбектiң сапасын арттыруға, кеден бақылауының технологиясын, компьютерлендiрудiң есебiнен кеден ресiмдеуiнiң өзара iс-қимыл және техникалық жарақталу схемасын жетiлдiруге бағдарлануы керек.
Қазiргi уақытта барлық мемлекеттік құрылымдардың оларды жинақтау кәсiби күрделi қаржы жағдайындағы басынан кешiрiп отырған қиыншылықтарды ескере отырып, штат мәселелерiн шешуде iс-тәжiрибесiн кеден органдарында қалыптасқан елеулi түзету жөніндегі шаралар қолданылатын болады. Бәрiнен бұрын:
- қосымша сан кеден инфрақұрылымын дамыту үшiн ғана пайдаланылады;
- басымдықты бағыттарды дамыту мәселелерiн шешу негiзiнен штат санын және жергiлiктi жерлердегi қолда бар бос орындарды қайта бөлу есебiнен жүргiзiлетiн болады;
- кеден органдарының құрылымдық бөлiмшелердiң жеке құрамының жұмыс жүктемесiн зерделеу және бөлiмшелер санының жұмыстың iс жүзіндегі көлемiне сәйкестiгiнiң негiзiнде кеден органдарында штат санының ұтымды пайдалануы қамтамасыз етiледi.
Кеден қызметшiсiнiң мәртебесiне көшуге мүмкiндiк беретiн шаралар кешенiн тез жүзеге асыру талап етiледi және осыған байланысты мынадай мiндеттер қойылады:
- Кеден қызметшiсiнiң жаңа бейнесiн айқындау. Осы мақсатта кеден органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекітуден басқа "Кеден ар-намысының кодексi" секiлдi бiрқатар шаралар, анттың мәтiнi әзiрлендi.
- Қазiр кеден органдарында қызмет етiп жүрген контингентке баға беру.
- Соңғы екi-үш жылда қызметке алынған қызметкерлерге терең және сапалы талдау жүргiзу. Әрбiрiнiң мүмкiндiгi мен қабiлетiн айқындау, кездейсоқ адамдардан арылу.
- Кадрларды бастапқы даярлау және қайта даярлаудың жүйесiн құруды қамтамасыз ету
- Кеден органдарында тиiмдi тәрбие жұмысын құру.
- Кеден органдарының басшылары мен жұмыстың үйлесiмдi жүйесiн құру: лауазымға iрiктеп алу, даярлау, қайта даярлау, тағылымдама. Осыған байланысты Қаржы полициясы академиясының негiзiнде кеден iсiнiң факультетiн, жоғары және орта басшы буынның біліктілігiн арттыру үшiн курстар ашу.
- Бiрыңғай басшылық принциптерiн одан әрi дамытуды қамтамасыз ету, басшылық ұжымда жоғары ұйымшылдықты, атқарушылық тәртiптi және сонымен бiрге басшының қабылдаған шешiмi үшiн дербес жауапкершiлiктi көздейдi.
Кеден органдарының жұмысын ақсататын түрлi субъектiлер қызметiнiң күшеюiне байланысты, сондай-ақ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн кеден органдарының жүйесiнде өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердi қайта дүниеге әкелу қажет. Осыған байланысты:
- кеден органдары лауазымды адамдарының қылмыстық iс-әрекетiн анықтауға және жолын кесуге;
- қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн лайықты орындауы тұрғысында кеден органдары бөлiмшелерiнiң қызметiн тексеруге;
- ақпаратты, хабарлауларды жинауға, талдауға ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
Президенттiң мемлекеттік органдарының iс жүргiзуiне қазақ тiлдi енгізу туралы Жарлығын орындау мақсатында қызметкерлердi қазақ тіліне оқытуды, оны кезең-кезеңмен енгізудi заңда белгiленген мерзiмдерге сәйкес қамтамасыз ету көзделiп отыр.
Кәсiптiк борышты орындау құқықтық және этикалық нормаларды қатаң сақтау көп жағдайда кеден органы қызметкерлерiнiң "Әлеуметтiк көңiл-күйiне" қызметтiк өсуi келешегiн көруге еңбегiне қанағаттануы мен материалдық әл-ауқатының деңгейiне байланысты. Бұл саладағы қызметтiң маңызды бағыттары:
- еңбекке ақы төлеудi жетiлдiру;
- Кеден органдары лауазымды қызметкерлерiнiң қызмет атқару кезiнде қаза тапқан, жарақат алған немесе денсаулығына өзгедей зақым болған жағдайда тиiстi әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету;
- кеден органдары лауазымды адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесiн шешу сияқты әлеуметтiк мәселелердi шешу болуы тиiс.
Кадрларды iрiктеудiң, орналастырудың жаңалап-ауыстыруы принциптерi:
- Кәсiбилiк және құзыреттiлік;
- Қазiргi заманғы компьютерлiк техниканы игеру;
- Жедел және негiзделген шешiмдер қабылдай бiлу;
- Принциптілік және отан сүйгiштілік;
- Өз көзқарасын қорғай білу;
- Өзiне және бағыныстағыларына талап қоя бiлу;
- Қойылған мақсатқа жетудегi табандылық;
- Қызметтестермен және әрiптестермен сыпайы қарым-қатынас жасай бiлу;
- Жоғары атқарушылық тәртiп.
ҚР Үкіметінің 15.05.01 ж. № 643 қаулысымен 4-басымдық өзгертілді
5-БАСЫМДЫҚ. Кеден органдарының
фискальдық-экономикалық қызметiн жетiлдiру
МАҚСАТ:
Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мен экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету.
МIНДЕТТЕР:
- Мемлекеттік бюджетке кедендiк төлемдер мен салықтардың толық түсiмiн қамтамасыз ету
- Өзара саудада тауарлардың жылжуына бақылау орнату тетiгi және "баратын елi" принципi бойынша салықтар салу тәртібі
- Қазақстан Республикасының кеден және басқа да заңдарының сақталуын, кеден ісiн жүзеге асыруда азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету.
Iшкi экономикалық процестерде кеден iсi мен кеден саясаты рөлiнiң объективтi түрде өсе түсуi және СЭҚ-тың ырықтануы жағдайында олардың өрiсiнiң кеңейе түсуi өз кезегiнде кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеумен байланысты барлық күрделi және бiрыңғай емес қатынастар кешенiн реттеудiң жаңа жолдарын iздестiру қажеттілігiн шартты етiп отыр.
Кеден органдарының СЭҚ кедендiк-тарифтiк реттеу тетiгiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмысының негiзгi бағыттары:
- кедендiк-тарифтiк саясатты жетiлдiруге бағытталған нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу;
- кедендiк-тарифтiк реттеу бөлiгiнде кедендiк төлемдер мен салықтарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құру негiзiнде мәлiметтер қалыптастырудың бiрыңғай жүйесiне кезең кезеңiмен көшу;
- тарифтiк реттеудiң кешендi технологияларын әзiрлеу және енгізу,
- есепке алудың толық автоматтандырылған жүйесi мәлiметтерiне негiзделген iшiнара таңдап бақылау және тексеру технологиялары болуы тиiс.
Қазiргi заман жағдайында ұлттық мүдделердi тиiмдi қорғау үшiн кедендiк тариф барынша сараланған болуы тиiс. Кедендiк тариф ДСО-ға кірудi және кедендiк одақтың негiзгi принциптерiмен күрделене түсуге тиiс екенін ескере отырып, тауарлық позициялары ГС пен ТМД СЭҚ ТН-ға сәйкес саралануы тиiс.
Мыналарды жасау қажет болып отыр:
- тауарлардың кедендiк құнын тиiмдi бақылау тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
- ГАТТ/ДСҰ талаптарына сәйкес тауарлардың кедендiк құнын анықтау және бақылау тәртібін iс жүзiнде жүзеге асыру;
- СЭҚ-ға қатысушыларға кедендiк төлемдер мен салықтар төлеу жөнiнде жеңiлдiктер берудiң бiрыңғай тәртібін әзiрлеу;
- СЭҚ ТН-ға, тауарлар шығарылған елдiң белгiлеуiне сәйкес тауарлардың жiктелу дұрыстығына бақылау тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
- Қазақстан Республикасы кеден органдарының тауарларға берiлген шығу сертификатының дұрыстығын бақылау жөнiнде бенефициар елдердiң құзыреттi органдарымен өзара iс-қимыл тәртібін әзiрлеу және iс жүзiне асыру;
- елдiң экономикасына шетел инвестицияларының құйылуына қолайлы жағдай жасау мақсатында кеден төлемдерiн алуды ДСҰ талаптарымен үндестiру;
- СЭҚ қатысушыларының кеден және салық заңдарын сақтауын бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының кеден және салық қызметтерiнiң өзара iс-қимыл тетiгiн әзiрлеу және оны іс жүзіне асыру;
- СЭҚ-тың барлық мүшелерiне теңдей жағдай жасау, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiнде жеке жеңiлдiктердiң болмауы. Осы принциптiң сақталуы сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде адал бәсекелестiкке жағдай жасайды;
- кеден баждарын төлеуден босату не болмаса кеден баждарының ставкаларын төмендету, не болмаса Қазақстан Республикасымен бiрге еркiн сауда аймағын немесе кеден одағын құрған не болмаса қостараптық келісімдер жасасқан мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына преференциалды әкелiнуiне тарифтiк квота белгiлеу түрiнде тарифтiк преференциялар беру тетiгiн әзiрлеуге белсене қатысу;
- кеден төлемдерi мен салықтарының түсуiн есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн қалыптастыру;
- кеден төлемдерi мен салықтары жөніндегі статистикалық есептердiң есепке алынуы мен өңделуiн бақылауды автоматтандыру;
- кеден төлемдерi мен салықтары салынатын тауарлар бойынша экспорттық-импорттық келісімшарттар мониторингi.
Кедендiк-тарифтiк реттеулердiң жоғарыда аталған барлық шаралары:
- ұлттық өндiрушiлердi шетелдiк жағымсыз бәсекелестiктiң қолайсыз ықпалынан қорғауға;
- республикада импорттың орнын толтыратын өндiрiстi дамытуға;
- ел аумағына әкелiнетiн тауарлардың құрылысын тексеруге;
- бюджеттiң кiрiс бөлiгiн қалыптастыруға бағытталған.
Сыртқы экономикалық байланыстарды экономикалық реттеудi жолға қою жөніндегі шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайындағы және оның халықаралық жағдайындағы өзгерістерге сәйкес болуға тиiс. Тек осындай жағдайда ғана мемлекет мүдделерi тұрғысында сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мен оның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi тиiмдi шешу мүмкiн болмақ.
Контрабандаға және кеден ережелерiн
бұзуға қарсы күрес
Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оның экономикалық мүдделерiн қорғау, контрабандаға, кеден ережелерiн бұзуға қарсы күрес жүргiзу, кеден iсiн жүргiзу кезiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету, кеден шекарасы арқылы есiрткi құралдарының, қарудың, республика игiлiгіндегi көркем, тарихи және археологиялық бұйымдардың заңсыз айналымының жолын кесу - Кеден органдарының алдына ?кімет қойған аса маңызды мiндет болып табылады.
Кеден органдарының құзырына кiретiн осы және басқа да функциялар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз, соның iшiнде қылмыстық сипатта жүрiп-тұруға тiкелей қарсы iс-әрекет жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 20.06.97 ж. № 3558 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 1997-1998 жылдарға арналған және құқық қорғау қызметiнiң 2000 жылға дейiнгi негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттік бағдарламасы республиканың кеден органдарының алға қойылған мiндеттердi шешудегi рөлiн айқындап бердi.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстiң 65-бабына сәйкес кеден органдары жедел-iздестiру қызметін жүзеге асырады, контрабанда iстерi және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару бойынша тергеу-анықтау органдары болып табылады. Кеден ережелерiн бұзушылық бойынша iс жүргiзедi, олар бойынша жауапкершiлiкке тартады.
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 26.06.98 ж. № 233-1 Заңының қабылдануымен байланысты кеден органдары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде жұмыс жүргiзуде.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 02.07.98 ж. № 267 Заңымен кеден органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мiндеттер жүктелген.
"Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес кеден органдары жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiсi болып табылады.
Экономикалық мүдделердi қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық нормаларын одан әрi жетiлдiру үшiн кеден органдары бiрқатар мынадай шараларды жүзеге асыруы қажет:
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүрiп-тұру кезiнде контрабандаға қарсы күрес жөніндегі және рұқсат беру тәртібінiң сақталуын қамтамасыз ету функцияларын дамыту.
Бұл функциялардың мәнi заңды тұлғалардың және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасында Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген құқықтық қарым-қатынастарды сақтауын қамтамасыз ету, кеден iстерi саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жүргiзу жөніндегі саяси, құқықтық, ұйымдастыру Экономикалық, жедел және өзге де шараларды жүзеге асыру болып табылады.
- Экономикалық кедендiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
- Құқық бұзушылықты тергеу әдiстерiн, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық полициясы органдарымен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен өзара бiрлескен iс-қимыл тетiгiн әзiрлеудi қамтамасыз ету қажет.
- Контрабанданың аса қауiптi түрлерiне қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
Энергия көздерiнiң, валютаның, есiрткiнiң, қару-жарақ пен оқ-дәрiнiң заңсыз тасымалдануын, интеллектуалдық меншiк құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудi бақылау жөніндегі шараларды күшейту. Алдын ала жедел ақпарат алуға жағдай жасау, құқық бұзушылыққа қарсы iс-қимылдың тиiмдi тетiгiн табу, контрабандаға қарсы күрес жөніндегі бөлiмшелердiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру және бөлiмшелердi техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету қажет.
Осы бағыттың шегiнде Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кинологиялық орталығын құру, көне және өнер бұйымдарының, санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң, Энергия көздерiнiң тасымалдануын бақылау мәселелерi бойынша кеден қызметкерлерiн кәсiптiк даярлауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
- Контрабанданы, кеден ережелерiн бұзушылықты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтарын анықтау, ескерту және жолын кесу мақсатында жедел-iздестiру шараларын жүргiзу.
- Анықтаудан, сондай-ақ кеден және басқа да мiндеттi төлемдерiн төлеуден жалтарып, жасырынып жүрген адамдарды анықтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
- Құқық қолданушылық қызметi.
Контрабандаға және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресте мемлекеттiң құқық қорғау және өзге де органдарында өкiлеттiк және қызметтiк шектерiн нақты айқындау және нормативтiк жағынан бекіту, кеден органдарының жедел-iздестiру қызметiнiң нормативтiк базасын жасау, Кеден одағы жағдайында кедендiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тұжырымдамасын әзiрлеу, құқық қорғау органдарының ғылыми әлеуетiн пайдалана отырып, кеден ережелерiн бұзғандығы үшiн және кеден iсi саласындағы қылмысы үшiн жауапкершiлiк шегiн анықтау кезiнде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiнде түсiнiктеме әзiрлеу.
- Кеден органдарының қызметiн ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету.
Құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу тетiгiн жолға қою, кеден iсi саласындағы қылмыстарды қылмыстардың бiрыңғай есебiне енгізу қажет, ол үшiн жедел есепке алу мен қылмыстық статистиканы енгізу жоспарланып отыр.
Контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлiмшелердiң материалдық-техникалық базасын дамыту.
Қару-жарақпен, арнаулы құралдармен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ қазiргi заманғы iздестiру, криминалистикалық құралдармен және аспаптармен, жедел және арнаулы техникамен қамтамасыз ету.
2-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КЕДЕН ОРГАНДАРЫ МЕН КЕДЕНГЕ ҚАТЫСТЫ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-
ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ДАМЫТУ
МАҚСАТ:
Кеден органдарының нақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
МІНДЕТТЕР:
- Кеден органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту
- Кеден бекетшілерi мен өту пункттерiн салу
- Кеден органдарын дамытуды қаржыландыру үшiн қосымша қаражат тарту
- Кеден қызметтерi рыногын жедел дамыту.
Кеден органдары алдында тұрған мiндеттердiң тиiмдi атқарылуы Қазақстан Республикасы кеден органдарының техникалық жарақталу деңгейiне және материалдық-техникалық базасының (МТБ) жалпы жағдайына тiкелей байланысты.
КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
(КБТҚ)
КБТҚ-ны пайдалану кеден бақылауы технологияларының iс жүзiнде барлық кезеңдерiнде ажыратылмас бөлiгi болып табылады. Қажеттi сапалық деңгейде және саны жеткiлiктi КБТҚ-ның болмауы кедендiк бақылау процесiн тым ұзаққа созып, оған керi әсер етедi.
Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы және экономикасы дамыған елдердiң кеден қызметiнiң оның жетiстiктерiн пайдалану тәжiрибесi кезеңiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары алдында өзiнiң техникалық және сапалық сипаттамасы жағынан әлемдiк стандарттарға сай келетiн кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алу мiндетi тұр.
Қазақстан Республикасының қазiргi кезде дамыған елдермен қарым-қатынастың жаңа шебiне шығуы жағдаятында металлдарды, тастарды, валютаны және құжаттарды, есiрткi және жарылғыш заттарды ажыратып-танитын техникалық құралдар (АТҚ) кеден басқармалары мен кедендерде мүлдем жоқ болғандықтан оларды сатып алу және жабдықтау қажет болып отыр. Бұл проблеманың көкейкестілігi таяу шетелдердегi шиеленiстi жағдайдан көрiнедi.
PARISCAN X-RAY үлгiсіндегі арнаулы рентген қондырғысын орнату объектiнi ашып көрмей-ақ бейнелi бақылау мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Құбырлық тасымал көлiгiмен, ыдыстармен экспортталатын мұнайды, мұнай өнiмдерi мен газды кедендiк бақылауды, сондай-ақ электр энергиясын бақылауды қамтамасыз ету үшiн КБТҚ қажет. Осы мақсатта мұнай өнiмдерiн бақылау аппараттарын орнату қажет. Электр энергиясының тасымалдануын бақылау кезiнде техникалық шешiмдердi зерттеу және iздестiру қажет.
Радиоактивтi материалдардың тасымалдануын бақылау кеден қызметiнiң тiкелей мiндетi болып табылады. ҚР кеден органдарына iзгiлiк көмек ретiнде берiлетiн радиациялық бақылау құралдары көбiнесе бейiмдеудi қажет етедi. Берiлген және сатып алынған радиациялық iздеп табу приборларын тиiмдi пайдалану үшiн осы жабдықтармен жұмыс iстеудi жеке құрамға үйрететiн, бұл iсте тәжiрибесi бар мамандар қажет.
ШҚО бойынша КБ-да таяуда құрылған аймақтық кеден зертханасы өзi құрылғалы берi бiр жылдың iшiнде жұмысында едәуiр нәтижеге қол жеткiздi.
Кеден сараптамасы қызметiн тиiстi әлемдiк деңгейге көтеру үшiн 2000-2002 жылдары республиканың Солтүстiгiнде, Батысында және Оңтүстiгiнде тағы да 3 аймақтық кеден лабораториясын құру жоспарланып отыр.
Кеден органдарының қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай жасау жабдықтаудың орныққан жүйесiне, қаржылай да, материалдық-техникалық құралдар жағынан да қажеттi қор (резерв) көлемiн құруға тiкелей байланысты.
БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Кеден органдарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн радиобайланыстың қорғалған ведомстволық жүйесiн құру қажет. Бекетте немесе рейдте жүрген инспектордың кеден бекетiмен немесе Кеденмен (Базамен) байланысып тұруға мүмкiндiгi жоқ, бұл оқыстан туа қалған жағдайда оны iс жүзiнде қорғансыз күйге түсiредi. Жылжымалы және тұрақты радиобайланыстың болмауы, сондай-ақ кеден бөлiмшелерiнiң (бекеттерiнiң) өздерiнiң аймақтық орталықпен (КБ, кеденмен) iс-қимылдарының келісілуiне керi әсерiн тигiзедi. Сондықтан УҚТ радиобайланыстың НҒ-SSВ жүйесi (жер бедерiне байланысты 100 км дейiн) мен ҚТ диапазонын (қашықтағы байланыс) енгізу жоспарланып отыр, бұл тұрақты және алып жүретiн диапазондық станциялармен кеден бөлiмшелерiн Кеден комитетiнен бастап тұрақты бекеттен 100 км қашықтықта тұрған қатардағы инспекторға дейiн қамти отырып, республиканың күллi аумағы бойынша ҚР кеден органдарының ведомстволық байланыс проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi.
Бағыттар бойынша аталған радиобайланыспен бөлiмшелердi жабдықтау кезектілігi:
2000 жыл:
- Оңтүстiк (ОҚО бойынша КБ, Жамбыл облысы бойынша КБ, Қызылорда облысы бойынша КБ);
- Оңтүстiк-батыс (Маңғыстау облысы бойынша КБ);
- ҚХР-мен шекара учаскесi (Қалжат, Бақты, Майқапшағай, Қорғас кедендерi);
2001 жыл:
- Батыс (БҚО бойынша КБ);
- Шығыс (ШҚО бойынша АБ, Павлодар облысы бойынша КБ);
- Солтүстiк (Қостанай облысы бойынша КБ, Ақтөбе облысы бойынша КБ, СҚО бойынша КБ);
2002 жыл:
- республика орталығындағы кеден бөлiмшелерi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Кеден қызметiнiң бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiнiң жұмысын жақсарту үшiн мынадай шаралар жүзеге асырылуы қажет: