Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 3 ақпандағы № 151
қаулысы (ҚР Үкіметінің 06.07.2000 г. № 1027; 14.10.2000 г. № 1527;
03.11.2000 № 1665; 12.07.01 г. № 944; 19.08.02 г. № 916 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916 қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
3 ақпандағы № 151
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916 қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық
кешен құрылысы комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527; 03.11.00 ж. № 1665 19.08.02. № 916 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының автожолдар секторында және көлiктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 12.07.01 ж. № 944 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.
4. Комитет өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Әуезов көшесі, 71.
ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. № 916 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы және автомобиль көлігі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берілген жағдайда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары
және құқықтары
ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары желілерін, дамытудың тұжырымдамасын және автомобиль тасымалдары мен автомобиль жолдарының желісін жетілдіру мен дамытудың бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ көліктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымы құрылысының бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
2) жол саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
3) жол секторында бірыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, жүргізу және кадрларды даярлау;
4) жол секторының қызмет көрсету және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысырыногын қалыптастыруға қатысу болып табылады;
ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916 қаулысымен 11-тармақ өзгерді
11. Комитет өзіне жүктелген негізгі міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) республикалық жол желілерін дамыту бағдарламалары мен сызбаларын әзірлеуді ұйымдастырады, кешенді салааралық бағдарламалар мен жол-көлік кешенінің жобаларын дайындауға қатысады, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты мен басқа да көздердің есебінен қаржыландырылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың құрылысын салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаларға талдау жүргізеді;
2) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жобалау, құрылысын салу, жөндеу және ұстау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
3) жол шаруашылығы және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласындағы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыруға қатысады, тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады;
4) жол секторын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша көлік саясатын әзірлеуге қатысады;
5) жол шаруашылығы жұмылдырушылық дайындауға қатысады;
6) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, мемлекеттік органдармен автомобиль жолдары желілерінің құрылысын салу, ұстау және пайдалану мәселелері бойынша үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасайды;
6-1) көліктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады;
7) мемлекетаралық шарттар мен келісімдерді, республикалық бағдарламаларды іске асыру үшін қаржы қаражатына, материалдық және еңбек ресурстарына қажеттілікті негіздейді;
8) автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының сақталуын, техникалық және көліктік-пайдалану деңгейінің өсуін, автомобиль жолдары желілері мен ондағы құрылыстардың дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаның экологиялық қорғалуын және қорғауды қамтамасыз етуге қатысады;
9) өз құзыретінің шегінде автомобиль жолдарының желісін, автомобиль тасымалдарын жобалау, құрылысын салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлейді, шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныс енгізеді, бірлескен жобаларды іске асыруда шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасасады;
10) жол секторын және көлiктік ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын дамытудың мемлекетаралық шарттары мен келісімдерін, бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға, өнімдерді сатып алуға және жеткізіп беруге арналған тапсырыстарды қалыптастыру және орналастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
11) ақылы автомобиль жолдарын салу және пайдалану туралы ұсыныстарды қарайды және қорытынды дайындайды, олардың техникалық және пайдалану параметрлерін келіседі;
12) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527; 03.11.00 ж. № 1665 19.08.02 ж. № 916 қаулыларымен 12-тармақ өзгерді
12. Комитеттің негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен:
1) республикалық автомобиль жолдарының желілерін дамыту бағдарламаларын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысуға;
2) республикалық бюджеттен автомобиль жолдарын және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын ұстауға, жөндеуге және салуға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға;
3) өз құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың жол секторы қызметінің мәселелері бойынша нормалар мен стандарттардың, халықаралық шарттар мен келісімдердің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
4) жол салаcының қызметі мен жұмыс істеуі, олардың экономиканың басқа салаларымен өзара қатынастарын реттеудің принциптері мен тетіктерін пысықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
5) өз құзыретінің шегінде автомобиль жолдары мен автомобиль көлігі саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі шарттар мен келісімдерге қол қою үшін келіссөздер мен дайындық іс-шараларын жүргізуге;
6) қажет болған кезде меншік нысандарына қарамастан жол шаруашылығы мен автомобиль көлігі ұйымдарынан Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттарды, материалдарды, анықтамалық деректерді сұратуға;
7) автомобиль жолдары мен автомобиль көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың құрылтай құжаттарын әзірлеуге қатысуға;
7-1) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын соларға қатысты жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болуға;
8) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 06.07.00 ж. № 1027 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның өзінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 12.07.01 ж. № 944 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Төраға осы мақсатта:
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi бекітеді;
6) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.