Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 12 шілдедегі № 944 қаулысы
ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.";
18-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";
5) тармақша "құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi" деген сөздерден кейiн "және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi