Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 6 шілдедегі № 1027 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы № 151 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитеті туралы ережеде:
16-тармақтың 2 абзацындағы "екі орынбасары болады" деген сөздер "үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Қ. Тоқаев |