«Алтын белгі» белгісі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.08.99 ж. № 428; 2005.04.02. № 107 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 Қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереже;
2) "Алтын белгi" белгiсiнiң сипаттамасы бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын.
1) "Жалпы білім беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 1146 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 308-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1146 қаулысымен бекiтілген жалпы білім беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң 1 тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi № 968 қаулысы.
ҚР Үкіметінің 16.04.04 ж. № 428 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне білім беру ұйымдарын қаржыландыру үшiн бөлiнетiн қаржының шегінде "Алтын белгi" белгiсiнiң қажетті санын дайындасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы 23 тамыздағы
№ 219 қаулысымен
бекітілген
"Алтын белгі" белгiсi туралы ереже
1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
ҚР Үкіметінің 16.04.04 ж. № 428 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. "Алтын белгi" белгiсiмен мына талаптардың жиынтығына сәйкес келген жағдайда:
1) үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім стандарттарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде орта білімнiң негiзгi және жоғары сатыларында "5" деген жылдық қорытынды бағалары бар;
2) жалпы орта білiм курсы үшiн мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өте жақсы деген бағамен мараппатталады;
3) республикалық (халықаралық) олимпиадалардың (жарыстардың) жеңiмпазы (жүлдегерi) болған оқушылар марапатталады.
Олимпиадалар мен жарыстарды республикалыққа және халықаралыққа жатқызу туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді.
3. "Алтын белгi" белгiсiмен оқушылар облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының (департаменттерiнiң) марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сай екендiгiн растайтын құжаттары қоса берiлген ұсыныстарының негiзiнде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.
4. "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау салтанатты жағдайда өткiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.04.02. № 107 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. "Алтын белгі" белгісiмен марапатталған оқушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға басым құқығы бap.
ҚР Үкіметінің 2005.04.02. № 107 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Заңдарда белгіленген тәртіппен таңдаған жағдайда "Алтын белгі" белгісімен марапатталғандарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранты Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін көзделген мөлшерде беріледі;
2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы Қазақстан Республикасының денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орындарына, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.
7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын барлық білім ұйымдарының оқушыларына қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы 23 тамыздағы
№ 1219 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.04.02. № 107 қаулысымен сипаттама жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
"Алтын белгі" белгісiнің сипаттамасы
"Алтын белгi" белгiсiнiң диаметрi 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
Белгiнiң бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерiлген ашық кiтап бейнеленген. Осы бейненiң үстіңгi жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгi" жазба контуры, ашық кiтап және лавр бұтағының бейнелерi бедер түрiнде
1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгiнiң артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.