Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 4 ақпандағы № 107 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1253 Қаулысымен күші жойылды
«Білiм туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Алтын белгі» белгiсi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 374-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген "Алтын белгi" белгiсi туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Алтын белгі" белгісiмен марапатталған оқушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға басым құқығы бap.";
6-тармақтың 2) тармақшасындағы "қабылдау емтиханын тапсырмастан" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген "Алтын белгі" белгiсiнің сипаттамасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 4 ақпандағы № 107 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219 қаулысымен
бекiтілген
"Алтын белгі" белгісiнің сипаттамасы
"Алтын белгi" белгiсiнiң диаметрi 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
Белгiнiң бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерiлген ашық кiтап бейнеленген. Осы бейненiң үстіңгi жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгi" жазба контуры, ашық кiтап және лавр бұтағының бейнелерi бедер түрiнде
1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгiнiң артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.