Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің
мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 22 сәуірдегі № 430 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.11.96 ж. № 1345; 08.04.97 ж. № 505; 22.07.97 ж. № 1143;
18.12.97 ж. № 1788; 14.01.98 ж. № 10; 27.04.99 ж. № 481; 22.05.99 ж. N
616; 27.02.04 ж. № 239 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.30.08. № 662 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 22.07.97 ж. № 1143; 18.12.97 ж. № 1788; 27.04.99 ж. № 481 қаулыларымен атауы өзгертілді
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiн жоғары деңгейде сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 01.11.96 ж. № 1345; 22.07.97 ж. № 1143 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республиканың елдi мекендерi мен объектiлерiнде мемлекеттік өрт қадағалау мен өрт сөндiру Мемлекеттік өрттен қорғау қызметiнiң департаментi мен олардың бөлiмшелерiне жүктелетiн болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143; 27.04.99 ж. № 481 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік өрт қадағалау туралы Ереже:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттiктiң қарамағына берiлмейтiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының Мемлекеттік өрттен қорғау қызметтерiнiң тiзiмi № 1 қосымшаға сәйкес;
Мемлекеттік өртке қарсы кәсiбилендiрiлген қызметтi Мемлекеттік әскерилендiрiлген өртке қарсы қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта ұйымдастыру кестесi 2 қосымшаға сәйкес.
ҚР Үкіметінiң 01.11.96 ж. № 1345; 22.07.97 ж. № 1143 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік өрттен қорғау департаментi бастығы лауазымы бойынша әрi өрт қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасарлары - өрт қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Мемлекеттік өрттен қорғау департаментi құрылымдық басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары лауазымдары бойынша әрi өрт қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Алматы қалалық, облыстар мен Ленинск қалалық Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары, аумақтық органдардың мемлекеттік өрт қадағалау бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң бастықтары, лауазымдары бойынша әрi тиiстi аймақтардың (облыстардың, қалалар мен аумақтардың) өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Басқа мемлекеттік өрт қадағалау органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, мемлекеттік өрт қадағалау инспекторлары, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ететiн барлық мемлекеттік өрт қадағалау органдарының бас мамандары, аға инженерлерi, аға инспекторлары, инженерлерi мен инспекторлары лауазымдары бойынша өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 01.11.96 ж. № 1345; 22.07.97 ж. № 1143 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Жекелеген қалалар, поселкелер мен аудан орталықтары бойынша әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң санын өзгертудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi бекiтетiн болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 01.11.96 ж. № 1345; 22.07.97 ж. № 1143 қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн ұстауға, өрт сөндiру депосының жайларын салуға, өрт сөндiру техникасын, жабдықтары мен мүлкiн сатып алуға арналған шығындар:
- қалалардағы, поселкелер мен аудан орталықтарындағы әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерi бойынша жергiлiктi бюджет есебiнен;
- меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiп кәсiпорындары мен басқа да шаруашылық объектiлеріндегі әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерi бойынша тиiстi кәсiпорындармен, ұйымдар және мекемелермен жасалған шарттар бойынша алынатын қаражат есебiнен жұмсалатын болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiне: - өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен басқа да объектiлерде әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн тиiстi кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден шарттар бойынша алынатын қаржы есебiнен құру;
- республикалық, облыстық, қалалық Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi басқармаларының, бөлiмдерiнiң, мемлекеттік өрт қадағалау органдарының, оқу, ғылым орындары мен бөлiмшелерiнiң санын әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен, бiрақ осы санның 6 процентiнен аспайтындай мөлшерде көбейту;
- қажет болған жағдайда қалалар арасында әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң санын белгiленген лимит шегiнде қайта бөлу;
Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң типтiк штаттарын әзiрлеу және бекіту құқы берiлсiн.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер таратылған жағдайда олардың аумағынан тысқары жерлердегi әскерилендiрiлген, кәсiби және ведомстволық Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң қызмет жайларын, өрт сөндiру техникасын, автокөлiгiн, мүлкiн, мүкәммалы мен басқа да материалдық құндылықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментiнiң балансын тегiн өткізу тәртібін әзiрлесiн.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143; 27.04.99 ж. № 481 қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді
8. Облыстардың, Астана және Алматы қаласының әкiмдерi:
- қалалық және ауылдық мекендердi, сондай-ақ өнеркәсiптiк тораптарды салу мен қайта жаңартуда қызмет көрсетудiң нормативтiк радиусына сәйкес өрт сөндiру деполарының жайларын жергiлiктi бюджеттер қаражаты мен кәсiпорындардың үлестi қатысуы есебiнен күнiлгерi салуды қамтамасыз етсiн;
- әрбiр елдi мекенде, меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық және өзге де объектiлерде iске сақадай сай өртке қарсы құрамаларды (жасақтарды, командаларды, бөлiмшелердi, топтарды) нормативтерге сәйкес өрт сөндiру деполарымен, өрт сөндiру техникасымен және құрал-жабдықтарымен олардың өз қаражаты есебiнен қамтамасыз ете отырып құратын болсын.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi № 3 қосымшаға сәйкес жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 22 сәуірдегі
№ 430 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалау туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалау республика қалаларында, басқа да елдi мекендерде және меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн жоғары деңгейде ұстау мақсатында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінiң 01.11.96 ж. № 1345; 22.07.97 ж. № 1143 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi департаментi, Алматы қалалық облыстық Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi басқармалары, бөлiмдерi, мемлекеттік өрт қадағалау бөлiмдерi, бөлiмшелерi мен инспекциялары, қалалардың, поселкелердiң, аудан орталықтарының, әскерилендiрiлген Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi отрядтары мен бөлiмдерi, бөлiмшелерi Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалау органдары болып табылады.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік өрт қадағалауды қамтамасыз ететiн органдар мен лауазымды адамдар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң өзге де шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiн, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерi мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi департаментi бастығының актілерін және басқа да қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекітілген нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік өрт қадағалау органдарының негiзгi мiндетi елдi мекендерде, меншiк нысанына қарамастан шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Мемлекеттік өрт қадағалау органдары:
өрт қауiпсiздiгiн қадағалауды жүзеге асыруға;
өрт туралы iстер бойынша тексерулер жүргiзуге;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге асыруға мiндеттi.
ҚР Үкіметінiң 01.11.96 ж. № 1345 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Мемлекеттік өрт қадағалау органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес;
министрлiктерде, ведомстволарда, қарастылығына және меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі мемлекеттік өкiмет пен басқару органдары актілерінiң орындалуына бақылау жасауды, әкiмшiлiк өкiлдерiнiң қатысуымен өртке қарсы талаптардың, стандарттардың, нормалар мен ережелердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыруға;
кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдар мен азаматтарға анықталған ереже бұзушылықтарды жою және өрттiң алдын алу жөніндегі шаралар өткізу туралы ұйғарымдар жiберуге;
министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң есебiнен өрт себептерiн айқындау үшiн өткiзiлуге мiндеттi сараптамалар, сондай-ақ құрал-жабдықтарды, бұйымдарды, заттарды, материалдарды олардың өрт туғызу қаупiнiң дәрежесiн анықтау үшiн бақылау сынақтарын тағайындауға;
ведомстволық қарастылығына қарамастан елдi мекендер мен объектiлердiң өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауға;
меншiктiң барлық нысандарындағы жобалау және құрылыс ұйымдарының кәсiпорындарды, үй-жайларды, ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
жер учаскелерiн таңдау және үй-жайларды, кәсiпорындар мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға;
өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттар, нормалар мен ережелер жобаларын, сондай-ақ нормалар мен ережелер белгiленбеген объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсуге;
төтенше жағдайларда өрт сөндiру және апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, ведомстволық қарастылығына қарамастан көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды жұмылдыруды;
қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiрiп әкетуге өкiм беруге, құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға;
өрт сөндiруге, адамдар мен мүлiктi құтқаруда ерекше көзге түскен азаматтарды ынталандыруға;
мемлекеттік органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, лауазымды адамдарға, жеке меншiк иелерiне өрттiң шығуына мүмкiндiк беретiн жағдайларды, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуды болдырмау жөніндегі шаралар туралы орындалуға мiндеттi ұсыныстар мен ұйғарымдар енгiзуге, ал олар қабылданбаған жағдайда айыптыларды заңда көзделген жауапкершiлiкке тартуға;
бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен басқа да қызметкерлерiнен, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдардан объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн сипаттайтын мәлiметтер мен құжаттар алуға;
заңдарда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны туралы хаттамалар жасап, iстер қарауға құқылы;
өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi жасау және келiсу;
Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттердi (олардан келген зардаптарды) мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру.
7. Мемлекеттік өрт қадағалау органдарының ұйғарымдары жазбаша түрде берiледi және ведомстволық қарастылығы мен меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың лауазымды адамдары, сондай-ақ азаматтар үшiн орындауға мiндеттi болып табылады. Ұйғарым алған және онымен келiспейтiн лауазымды адамдар мен азаматтар ұйғарым тапсырылған күннен бастап 10 күндiк мерзiмде жоғары тұрған мемлекеттік өрт қадағалау органына шағым беруге құқылы.
8. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорында, мекемеде, ұйымда тiкелей өрт шығу қаупiн туғызатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғанда, сондай-ақ объектiлердi, кәсiпорындарды, мекемелердi, ғимараттарды, үй-жайларды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жабдықтау кезiнде жобада немесе жобалау нормаларында көзделген өртке қарсы талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, облыстардың, қалалардың және аумақтардың өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары кәсiпорынның, жеке өндiрiстiң, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтатуға, үйдi, құрылысты пайдалануға тыйым салуға, ал өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - кәсiпорынның (жеке өндiрiстiң) жұмыс iстеуiнiң тұтастай тоқтатылуына әкелiп соқпайтын болса, жекелеген жайларды пайдалануға тыйым салуға, өндiрiс учаскесiнiң немесе агрегаттың, электр торабының, жылыту құралының жұмысын және өрт шығу қаупi бар жұмыстардың жүргiзiлуiн тоқтатуға құқылы.
Кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтатуға немесе үйдi, ғимаратты, жайларды пайдалануға тыйым салу туралы қаулы объектiнiң басшысына берiледi және осындай шешiм қабылдауға негiз болған ереже бұзушылықтар жойылғанға дейiн күшiнде болады.
Кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның басшысы кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтату, үйдi, ғимаратты немесе жайды пайдалануға тыйым салу туралы қаулы жөнiнде ол берiлген күннен бастап 5 күндiк мерзiмде жоғары тұрған мемлекеттік өрт қадағалау органдарына немесе сотқа шағымдануға құқылы. Шағымның берiлуi қаулының орындалуын тоқтатпайды.
Кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтату, үйдi, ғимаратты немесе жайды пайдалануға тыйым салу туралы қаулыны, осы шешiмдi қабылдаған орган, лауазымды адам, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік өрт қадағалау органы немесе сот жоюы немесе өзгертуi мүмкiн.
9. Мемлекеттік өрт қадағалау органдарының жоғары тұрған лауазымды адамдарының нұсқаулары мен өкiмдерiн мемлекеттік өрт қадағалау органдарының төменгi лауазымды адамдары орындауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық Ұланының, әуе, темір жол, теңiз және су көлiктерiнiң объектiлерiнде мемлекеттік өрт қадағалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi мен Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары арасындағы келісімдермен белгiленедi.
Шахталардың, рудниктердiң, кенiштердiң жер асты құрылыстарында, әуе, теңiз, су және автомотоэлектр көлiктерiнде, сондай-ақ орман, дала аумақтары мен тоғайлы алаптарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуына тиiстi министрлiктер мен ведомстволар бақылау жасайды.
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң төрағасы қажет болған жағдайларда өзге министрлiктер мен ведомстволардың басшыларымен бiрлесiп шаруашылық объектiлерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Ереженi қолдану жөнiнде бұйрықтар мен нұсқамалар шығарады.
12. Осы Ережеде көзделген мiндеттердiң мемлекеттік өрт қадағалау органдарына жүктелуi министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларын, әкiмдердi елдi мекендердiң, объектiлердiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі белгiленген талаптардың орындалуына жүйелi түрде бақылау жасау мiндеттерiнен босатпайды және кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдар басшыларының өз қарамағындағы объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi үшiн дербес жауапкершiлiгiн шегермейдi.
ҚР Үкіметінiң 01.11.96 ж. № 1345 қаулысымен 13-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінiң 08.04.97 ж. № 505 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді;
13. Объектiлер, олардың өрт қауiптiлiгiнiң маңыздылығы мен дәрежесiне қарай I, II, III және IV топтарға бөлiнедi. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн мемлекеттік өрт қадағалау органдары айқындайды.
IV топқа қатысты объектiлер мемлекеттік өрт қадағалау органдарының жыл сайын паспорттау жүргiзуiне жатады.
Паспорттау жүргiзу туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі жасайды және бекiтедi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 22 сәуірдегі
№ 430 қаулысына
№ 1 қосымша
Өртке қарсы қызметтi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөніндегі комитетiнiң қарауына берiлмейтiн Қазақстан Республикасы
министрлiктерi мен ведомстволарының
Тiзбесi
ҚР Үкіметінiң 22.07.97 ж. № 1143 қаулысымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Әуе және темір жол көлiктерi кәсiпорындары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 22 сәуірдегі
№ 430 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметнiң 14.01.98 ж. № 10 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда
Кәсiби Мемлекеттік өртке қарсы қызметiн әскерилендiрiлген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта құрудың
КЕСТЕСI
Елдi мекендердiң атауы |
Қайта құру жылы |
1997 | 1998 | 1999 | 2000 |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ақмола облысы Балкашин с. Державин қ. Ақкөл қ. Краснознаменск с. Жақсы с. Қорғалжын с. Ерейментау қ. Промышленный пос. Вишневка пос. Шортанды пос. Астраханка с. Атбасар қ. Макин қ. Есіл қ. Ақтөбе облысы Батамашин пос. Хромтау пос. Қарабұтақ пос. Кобда а. Қарғалы с. Алға қ. Мәртөк пос. Ойыл с. Қандыағаш қ. Ембi қ. Темір қ. Ақраб с. Ырғыз с. Шалқар қ. Бөгеткөл пос. Шұбарқұдық пос. Байғани пос. Алматы қаласы Алатау пос. Алматы облысы Шелек с. Сарыөзек пос. Ақши с. Кеген с. Қарабұлақ пос. Жәркент қ. Бақанас с. Нарынқол с. Киров пос. Лепсi пос. Қабанбай а. Жансүгiров пос. Қапал с. Сарқант қ. Қоғалы с. Текелi қ. Үшарал қ. Үштөбе қ. Атырау облысы Құлсары пос. Индербор пос. Мақат пос. Миялы с. Махамбет пос. Балықшы пос. Шығыс Қазақстан облысы Шульбинск пос. Жезкент пос. Георгиев с. Көкпектi с. Қарауыл с. Жаңа шульба с. Бақыршық пос. Ақсуат с. Бородулиха с. Большая Шар қ. Мақаншы с. Владимировка с. Үржар с. Аягөз қ. Жамбыл облысы Ассы с. Сарыкемер а. Ақкөл с. Луговое пос. Бауыржан Төлеби а. Байқадам с. Фурмановка с. Момышұлы а. Қаратау қ. Құлан а. Георгиев с. Шу қ. Мерке с. Батыс Қазақстан облысы Чапаев а. Переметное с. Федеровка с. Казталовка с. Жымпиты а. Каменка с. Жәнiбек с. Шыңғырлау с. Қаратөбе с. Сайхин а. Жаңғала а. Қарағанды облысы Қаражал қ. Атасу пос. Ағадыр пос. Үлытау с. Ақсу-Аюлы с. Ақтоғай с. Шашубай пос. Қызылорда облысы Қазалы қ. Арал қ. Жалағаш пос. Шиелi пос. Жаңа Қазалы пос. Жаңақорған пос. Тереңөзек пос. Қостанай облысы Боровской пос. Уруцкий пос. Қарасу с. Ленинское с. Комсомолец пос. Федоров пос. Қашар пос. Тобыл пос. Құсмұрын пос. Аманқарағай Орджоникидзе с. Троебратский пос. Обаған с. пос. Октябрс с. Торғай с. Докучаев с. Затобол пос. Семиозерное с. Камышное с. Жiтiқара қ. Таран с. Арқалық қ. Жалдама с. Амангелдi с. Павлодар облысы Ақсу пос. Шiдертi пос. Железинка с. Майқайың пос. Қалқаман пос. Баянауыл с. Көктөбе с. Төртқұдық пос. Ақтоғай с. Ертіс с. Лебяжье с. Успенка с. Качир с. Ленинск пос. Солтүстiк Қазақстан облысы Бескөл с. Возвышенка с. Тимирязев с. Корнеев с. Преснов с. Благовещенка с.Явленка с. Соколов с. Заозерный пос. Арықбалық с. Чистополье Чкалов с. Саумалкөл пос. Келлеровка с. Рузаев с. Ленинград с. Зерендi с. Булаев қ. Уәлиханов с. Тайынша қ. Смирнов пос. Мамлютка қ. Кiшкенекөл пос. Сергеевка қ. Новоишимск пос. Степняк қ. Талшық пос. Боровое пос. Оңтүстiк Қазақстан облысы Тұрар Темірлан с. Асықата пос. Шәуiлдiр с. Рысқұлов а. Шардара қ. Ильич пос. Бәйдiбек с. Көксаяқ с. Абай с. Мырзакент пос. Шолаққорған с. Қазығұрт а. Арыс қ. Леңгiр қ. Жетiсай қ. Сарыағаш қ. Ақсу с. |