Қазақстан Республикасының Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1345 Қаулысы
(2005.30.06. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ қалаларды, елдi мекендердi өрттен қорғауды арттыру және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң әскери даярлығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) 1-қосымшасында:
6-тармақтың төртiншi абзацындағы «және монтаждық» деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақтың екiншi абзацындағы «ретке келтiру» деген сөздiң алдынан «монтаждау» деген сөз қосылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары