«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1143 қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж, № 16, 125-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінiң 1997.12.18. № 1788 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі:
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң 12970 бiрлiктегi, оның iшiнде орталық аппараттың 42 бiрлiгi бар 180 бiр бiрлiктегi орталық аппаратының республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын штаттарын;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалын.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөніндегі өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiне берсiн.
ҚР Үкіметінiң 1997.12.18. № 1788 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалының базасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң заңды тұлға құқығы бар Көкшетау жоғары техникалық училищесi (бұдан әрi - Училище) құрылсын.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi белгiленген тәртiппен Училищенiң Жарғысын бекiтсiн және тiркесiн. Училище бастығын тағайындап, оқу процесiн ұйымдастыру жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінiң 1997.12.18. № 1788 ; 1999.05.22. № 611 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. ҚР Үкіметінiң 2005.06.30. № 662 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
ҚР Үкіметінiң 1997.12.18. № 1788 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4.ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен күшi жойылды
ҚР Үкіметінiң 1997.12.18. № 1788 қаулысымн 5-тармақ өзгертілді
5.ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен. күшi жойылды
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне:
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң ұсталмайтын қордың санаттарға бөлiнген материалдық құралдары қоймаларын келісім-шарт негiзiнде күзету;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң Алматы жоғары техникалық училищесiнде келісім-шарт негiзiнде кемiнде күндiзгi оқу бөлiмiнде 50 және сырттан оқу бөлiмiнде 50 орын шегiнде «өрт қауiпсiздiгi» мамандығы бойынша жоғары білімдi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет кадрларын оқыту мен даярлау жүктелсiн.
ҚР Үкіметінiң 2005.06.30. № 662 (бұр.ред.қара ) ; 2005.27.07 № 781 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7 тармақ өзгертілді
7. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi:
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн;
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өзгеруiне байланысты «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Мемлекеттік өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат) қосымшасына екi апта мерзiмде тиiстi өзгерістер енгiзсiн.
9. Құпия.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
№ 1143 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
департаментi (Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет департаментi) туралы
ҚР Үкіметінің 1997.12.18. № 1788 қаулысымен тақырыбы және мәтiн өзгертілді
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi (бұдан әрi - Департамент) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік басқару органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департаменттi ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 1997.12.18. № 1788 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
II. Негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
5. Департаменттiң өз қызмет саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
министрлiктердiң, комитеттердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, өртке қарсы қызмет ұйымдары мен бөлiмшелерiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі жұмыстарын үйлестiру;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалауды қамтамасыз ету;
өрт сөндiрудi қамтамасыз ету және жүзеге асыру;
өрт қауiпсiздiгi саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдау және тұжырымдау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
өз жұмысын жақсарту жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгізу;
халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
өзiне заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер.
6. Департамент Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң құзыретi шегiнде өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өрт қауiпсiздiгi
саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру
жөніндегі қызметiн ұйымдастыруды және үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
республикадағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне талдау жасау мен болжауды жүзеге асырады;
мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелері жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуына бақылау жасайды;
меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске әзiрлiк жағдайына мемлекеттік бақылауды, өрттiң алдын алу жөніндегі жұмысқа бақылауды жүзеге асырады;
кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;
өрт қауiпсiздiгi саласында барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн орындалуы мiндеттi болып табылатын нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлейдi және уәкiлеттi орталық атқарушы органдардың бекiтуi үшiн келiседi, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi саласында мемлекеттік есеп жүргiзедi;
өрттен және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық туралы iстер бойынша тексерудi ұйымдастырады;
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақ КСР Кодексiнде көзделген iстер бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
өрт қауiпсiздiгi саласында белгiленген тәртiппен лицензиялауды және сертификаттауды жүзеге асырады;
өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердi салуға жобалық шешiмдердi келiседi;
өрт қауiпсiздiгi саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және тұжырымдайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
заңдарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7. Департамент өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде:
заңды тұлғалардың өкiлдерiнiң (филиалдарының және өкiлдiктерiнiң) және жеке тұлғалардың көзiнше өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтердiң, стандарттардың және ережелердiң орындалуына тексеру жүргiзуге;
өрт құзыретi шегiнде министрлiктерге, комитеттер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға, меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға, азаматтарға орындалуы мiндеттi нұсқамалар мен нұсқаулар беруге;
жобалау және құрылыс ұйымдарының ұйымдары, үй-жайлары және ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды орындауын бақылауға, жер учаскелерiн таңдау және ұйымдарды, үй-жайлар мен ғимараттарды қабылдап алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;
меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерiнен, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдардан объектiнiң өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн сипаттайтын мәлiметтер мен құжаттар алуға;
өрт қауiпiн туғызатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық кезiнде, сондай-ақ ұйымдарды, объектiлердi, ғимараттарды, үй-жайларды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобада немесе жобалау нормаларында көзделген өртке қарсы талаптар орындамаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толықтай тоқтатуға, үй-жайды, ғимаратты, электр желiлерiн, жылыту құралдарын пайдалануға тыйым салуға және өртке қарсы жұмыстар жүргiзуге;
заңдарда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға;
төтенше жағдайларда өрт сөндiру және авариялардың, апаттардың және табиғи апаттардың зардаптарын жою үшiн өрт сөндiру және апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, ведомстволық қатыстылығына қарамастан, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiрiп әкетуге нұсқау беруге, құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға;
белгiленген тәртiп сақталған кезде дипломатиялық иммунитетi бар шет ел мемлекеттердiң өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдарды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйлерi мен өзге де үй-жайларын оларға тиесiлi жер учаскелерiн, үй-жайларды азаматтардың өрт қауiпсiздiгiмен байланысты жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiн болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған белгiленген шараларды қолдану мақсатында бөгетсiз қарауға;
азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға үйлер мен үй-жайларға кiруiн шектеуге немесе уақытша тыйым салуға, белгiлi бiр орынды тастап кетуге мiндеттеуге;
өрт сөндiруде және өрттен сақтандыруда, адамдар мен мүлiктi құтқаруда көзге түскен азаматтарды көтермелеуге құқылы.
III. Қызметiн ұйымдастыру
8. Департаменттi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады.
Департамент Бастығы лауазымы бойынша сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Департамент Бастығының орынбасары болады, оны Департамент Бастығының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Департамент Бастығының орынбасары лауазымы бойынша сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
9. Департамент Бастығы Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
10. Осы мақсаттарда Департамент Бастығы:
өзiнiң орынбасары мен Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
Департаменттiң орталық аппараты қызметкерлерiн қызметке тағайындайды, орнын ауыстырады және қызметтен босатады, оларға қолданылып жүрген заңдарда көзделген көтермелеу және тәртiптiк жаза шараларын қолданады;
Департамент құзыретi шегiнде Департаменттiң орталық аппаратының, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер, бұйрықтар шығарады;
Департаменттiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретi шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
11. Департаменттiң аумақтық органдарының басшыларын Департамент Бастығының ұсынуы бойынша және тиiстi облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
12. Департамент, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстары бөлiмшелерi белгiленген тәртiппен қаржыландырылады.
13. Департаменттiң аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
14. Департаменттiң аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты бөлiмшелерi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
15. Департаменттiң құрылымы мен құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
16. Департаменттiң орталық аппаратының құрылымы мен адам санын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Төрағасы, ал штат кестесiн белгiленген құрылым, адам саны және еңбекақы төлеу қоры шегiнде - Департамент Бастығы бекiтедi.
17. Департаменттi ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
№ 1143 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 1997.12.18. № 1788 қаулысымен.қосымша өзгертiлдi
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi
мен оның ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiнiң
Штат саны
___________________________________________________________________
№ | Атауы |Мыналардың есебiнен ұсталатын
р/с| | штат саны
| |_____________________________________
| |республикалық|жергiлiктi|оның iшiнде
| |бюджеттен |бюджеттен |аттестация.
| | | |ланған
| | | |құрамның
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
1. Мемлекеттік өртке 40 - 39
қарсы қызмет департаментi 2. Тыл және қамтамасыз ету 27 - 21
қызметi (Департамент
жанындағы басқарма
құқығында) 3. Өрт қауiпсiздiгiнiң арнаулы 24 - 24
ғылыми-зерттеу лабораториясы 4. Көкшетау техникалық 87 - 72
жоғары училищесi
5. Мемлекеттік өртке қарсы - 743 682
қызметтiң облыстық, Алматы
қалалық басқармалары 6. Мемлекеттік өртке қарсы - 12047 8852
қызметтiң қалалық және
аудандық бөлiмшелерi
оның iшiнде:
бiрiншi кезектегi
авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргiзу
жөніндегі мамандандырылған
өрт бөлiмдерi - 674 644
өрт бөлiмдерi - 9729 7315
техникалық қызмет бөлiмдерi - 746 192
оқу пункттерi, Алматы
кәсiби даярлық мектебi - 125 101
«ҚҚ» қоймалары - 167 57
басқа бөлiмшелер - 543 543
___________________________________________________________________
Жиыны 178 12790 9690