екiншi азатжолындағы «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
7 және 8 тармақтар тиiсiнше 5 және 6-тармақтар болып есептелсiн;
5-тармақтағы «елу процентiнен» деген сөздер «үштен бiрiнен» сөздерiмен ауыстырылсын;
6-тармағындағы:
«жарғылық қорының иелерi» деген сөздер «құрылтайшылары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздерден кейiн «(немесе уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 4-баптың:
«заң актілерімен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да актілерімен» деген сөздер «заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 5-бапта:
баптың атауында және мәтiнiнде «Банктiк емес қаржы мекемесi» деген сөздер «Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жекелеген банк операцияларын» деген сөздер «осы Жарлықта көзделген жекелеген банк операцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-баптың:
1-тармағында:
бiрiншi азатжолындағы «Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздер алынып тасталсын;
а) тармақшасындағы:
«Депозиттер қабылдауға, сондай-ақ» деген сөздер алынып тасталсын;
«өзге де» деген сөздер алынып тасталсын;
в) тармақшасындағы:
«депозиттер қабылдайтындай» деген сөздер алынып тасталсын;
«басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн;
7) 7-баптың 2-тармағында:
бiрiншi азатжолындағы «жарғылық қорлар» деген сөздер «жарғылық капитал» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi азатжолындағы «жарғылық қорларындағы» деген сөздер «(немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның) жарғылық капиталындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызмет
1. Банктерге банк қызметiне жатпайтын не осы Жарлықтың 30-бабының 4-тармағында көзделмеген кәсiпкерлiк қызмет ретіндегі операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген реттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тыйым салу мына жағдайларда:
а) банктердiң, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компанияларының, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг берушi ұйымдардың, сондай-ақ акциялары қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың (бiр эмитенттiң акциялары олардың жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде) жарғылық капиталына банктердiң қатысуына;
б) қаржы рыногының инфрақұрылымдық бөлiгi болып табылатын және (немесе) банк қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына;
в) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына;
г) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына осы ұйымдардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары банктердiң оларды iске жаратуына дейiн кепiл туралы келісім шарттарына сәйкес банктердiң меншiгiне көшкен реттерде банктердiң қатысуына;
д) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялар пакетiн және қатысу үлесiн (қатысушылар салымдарын) банктердiң сенiм бiлдiрiлген бақылауына;
е) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлер мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызметке қолданылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделгендей заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудан басқа банктерге мынадай қызметтер түрiмен шұғылдануға рұқсат етiледi:
а) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi жүзеге асыруға;
б) кез келген ақпарат тарату түрлерiнде банк қызметiнiң мәселелерi жөніндегі арнаулы әдебиеттердi сатуға;
в) өз мүлiктерiн сатуға;
г) заем алушының кепiлге берген мүлiктерiн осы Жарлықта және қолданылып жүрген өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен сатуға;
д) қаржы қызметiне байланысты мәселелер жөнiнде кеңес беру қызметiн көрсетуге;
е) банк қызметiне байланысты мәселелер жөнiнде басқа да тұлғалардың мүддесiн бiлдiруге;
ж) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың біліктiлiгiн көтеру жөніндегі оқуды ұйымдастыруға»;
9) 10-баптың 3-тармағындағы «проценттiк ставкаларды» деген сөздер «сыйақы (мүдде) ставкаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 11-баптың:
2-тармағындағы:
«жарғылық қорының» деген сөздер «жарғылық капиталының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
«Еншiлес банктiң басқа еншiлес банк құруға құқығы жоқ»;
3-тармағындағы «құрылады» деген сөзден кейiн «жабылады» деген сөзбен толықтырылсын;
11) 12-баптың:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктер жабық акционерлік қоғамдар нысанында ұсынушыға арналған акциялар шығару құқығынсыз құрылады.
Мемлекеттік банктер мемлекеттік кәсiпорындар нысанында құрылуы да мүмкiн;
2-тармағындағы:
«Банктi ашық үлгiдегi» деген сөздерден кейiн «ашық» деген сөзбен толықтырылсын;
«ашық үлгiдегi» деген сөздер алынып тасталсын;
«депозиттер қабылдауға және ақшалай нысанда кредиттер беруге» деген сөздер «банк операцияларын жүргiзуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«лимиттердi сақтаған жағдайда» деген сөздерден кейiн «Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағындағы:
«акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейiн» деген сөздердiң алдынан «ашық» деген сөзбен толықтырылсын;
«ашық үлгiдегi» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
12) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Ұлттық Банктiң банк ашуға рұқсат беруi
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы Ұлттық Банк шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
Банк ашуға берiлген рұқсатты Ұлттық Банк керi қайтарып ала алады.
3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк Ұлттық Банкке қайтаруға тиiс.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқықты»;
13) 14-баптың:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.»;
2-тармағындағы:
бiрiншi азатжолындағы «шаруашылық серiктестiктер туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi азатжолдағы «фирмалық» деген сөз алынып тасталсын;
3-тармағының:
бiрiншi азатжолындағы «шаруашылық серiктестiктер туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi азатжолындағы «фирмалық» деген сөз алынып тасталсын;
үшiншi азатжол алынып тасталсын;
төртiншi азатжолындағы «және пайдалану принциптерi» деген сөздер «түрлерi мен тәртібі туралы мәлiметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 15-баптың 1-тармағындағы:
бiрiншi азатжолдағы «фирмалық» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жаңа екiншi азатжолмен толықтырылсын:
«Банктiң атауында мiндеттi түрде «банк» деген сөз немесе одан туындайтын сөз болуы тиiс»;
15) 16-баптың:
атауындағы «жарғылық қоры» деген сөздер «жарғылық және меншiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктiң жарғылық капиталы (мемлекеттік банктен басқа) акцияларды сату не құрылтайшылардың жарналары есебiнен құралады»;
2-тармағындағы «ақшалай қаражаттармен» деген сөздер «ақшамен» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктiң жарғылық капиталына құрылтайшылардың меншiк капиталының шегiнде олардың басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталының акцияларына орналастырылған активтерi мен қатысу үлесiн есептен шығарып тастағаннан кейiн, ақша енгiзiлуi мүмкiн.»;
5-тармағындағы «жарғылық қорына» деген сөз «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банктiң өз акцияларын банкке бақылау жасау құқығы бар акционерлерден сатып алуға құқығы жоқ.»;
7-тармағындағы «Банк капиталы» деген сөздер «Банктiң өз меншiгіндегі капиталы (бұдан әрi - Банк капиталы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының:
бiрiншi азатжолындағы «жарғылық қорындағы» деген сөздер «жарғылық капиталындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
«Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.»;
16) 17-баптың:
2-тармағында:
«жарғылық қорының» деген сөздер «жарғылық капиталының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының бiрiншi азатжолындағы «оның бiрде-бiр құрылтайшысы (акционерi)» деген сөздер «бiрде-бiр адам, оның құрылтайшыларын (акционерлерiн) қоса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының резидентi емес банктерi Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының елу проценттен астамын сатып алу жағдайларына қолданылмайды»;
18) 19-баптың:
3-тармағында:
б) тармақшасындағы «фирманың» деген сөз «ұйымның» деген сөзбен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы «жарғылық қорына» деген сөздер «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармақшасының бiрiншi азатжолындағы «банк емес қаржы мекемесi және үшiншi азатжолындағы», «банк емес қаржы мекемесiнiң» деген сөздер тиiсiнше «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар», «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолындағы «фирманың» деген сөз «ұйымның» деген сөзбен ауыстырылсын;
д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«д) осы Жарлықта белгiленген талаптарға сәйкес банктiң басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылатын адамдар туралы мәлiметтер»;
е) және ж) тармақшалары алынып тасталсын;
з), и), к), л), м), н) тармақшалары тиiсiнше е), ж), з), и), к), л) тармақшалары болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды банктiң уәкiлеттiк берiлген органдары бекітуi тиiс»;
4-тармағындағы «фирманың» деген сөз «ұйымның» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 20-баптың:
1-тармағындағы «және олардың орынбасарлары» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармағындағы «осы баптың 3-5-тармақтарында» деген сөздер «осы бапта» деген сөзбен ауыстырылсын. «Олардың» деген сөздiң алдынан «Банктiң басшы қызметкерлерi қызметке Ұлттық Банктiң келісімiмен тағайындалады, сайланады» деген сөздермен толықтырылсын;
3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атқаратын қызметiне сай келмейтiн немесе банктiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға болмайды деп:
а) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
б) банк заңдары жөніндегі білімдi жеткiлiктi игермеген;
в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны ерiксiз тарату туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын мерзiм iшiнде бұрын банктiң немесе басқа заңды тұлғаның бiрiншi басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Осы аталған талап заңдарда белгiленген тәртiппен банктi мәжбүрлеп тарату немесе заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған күнге дейiн бес жыл бойы қолданылады.
4. Байқаушы кеңестiң төрағасы, банк Басқармасының төрағасы және оның орынбасары лауазымына тағайындау үшiн мiндеттi түрде жоғары білімi болуы тиiс. Банктiң бас бухгалтерiнiң, филиалдың бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң жұмыстың кәсiби бағдарына сай жоғары немесе арнаулы орта білімi болуы тиiс.»;
5-тармақтың:
бiрiншi азатжолындағы:
«қызметке Ұлттық Банктiң келісімiмен тағайындалады (сайланады) және» деген сөздер алынып тасталсын;
бiрiншi азатжолы «банк филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы бiр жылдан» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi азатжолдағы «Аталған» деген сөз «Басшы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi азатжолдармен толықтырылсын:
«Кандидатурасы банктiң басшы қызметкерi лауазымына алыну үшiн келiсуге ұсынылған адамның қызмет мiндеттерiн нақты орындап жүргенiне қарамастан, Ұлттық Банк оның тағайындалуына, сайлануына келісім беруден бас тартқан жағдайда, банк Ұлттық Банктiң шешiмiн алған сәттен бастап аталған қызметкер атқарып жүрген қызметiнен 30 күннен аспайтын мерзiмде босатылуы тиiс. Осы баптың талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу кезеңiнде қызметке жаңадан қабылданатын адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады.»;
20) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң қатысуымен банк құру үшiн қажеттi қосымша құжаттама
1. Банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды немесе жеке тұлға, осы Жарлықтың 19-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшiне, тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидентi - банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат берiлгенi туралы жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) мемлекеттiң заңдары бойынша аталған құрылтайшыдан мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдемесiн қоса тiркеуге мiндеттi.
2. Банктiң құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын, банкке бақылау жасау құқығын берудi өтiнушi резидент емес-заңды тұлға 19-бапта және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа мына құжаттарды табыс етуге мiндеттi:
а) құрылтайшы-заңды тұлғаның тиiстi органының Қазақстан Республикасының резидент-банкiне өзiнiң қатысуы туралы шешiмi;
б) Осы Жарлықтың 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның аудиторлық ұйым (аудитор) куәландырған соңғы үш қаржылық (операциялық) жылындағы тиiстi дәрежеде ресiмделген (жинақталған баланс пен пайда және шығын туралы есептi қоса) жылдық есебi.
3. Банк құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банкi 19-бапта және осы баптың 1-2-тармақтарында көрсетiлген құжаттардан басқа мынадай құжаттар беруге мiндеттi:
а) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiк банк қызметiн жүзеге асыруға арналған күшіндегі лицензиясы бар екенiн жазбаша растауы;
б) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiң бiрiккен негiзiнде қадағалауға жататындығын жазбаша растауы»;
21) 22-баптың:
1-тармағында:
а) тармақшасындағы «қоры» және «қорының» деген сөздер тиiсiнше «капиталы» және «капиталының» сөздерiмен ауыстырылсын;
в) тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi және алтыншы азатжолдары осы тармақшаның екiншi азатжолы болып есептелiп, мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi активтердiң тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейдi»;
2-тармағындағы «пруденциалдық нормативтер» деген сөздердiң алдынан «сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 23-баптың 1-тармағындағы:
«алты» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тоғыз» деген сөз «алты» сөзiмен ауыстырылсын;
23) 24-баптың 1-тармағының «в» тармақшасындағы «жарғылық қоры» деген сөздер «жарғылық капиталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 25-баптың бiрiншi бөлiгi «және оның құрылтай құжаттары Ұлттық Банкпен келісілгендiгiн растайтын деректер» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 26-баптың:
1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
«Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi»;
2-тармақтың «б» тармақшасындағы «жарғылық қорға» деген сөздер «жарғылық капиталға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағындағы «Ұлттық Банк республикалық екi газетте» деген сөздер «Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс»;
26) 28-баптың:
1-тармағындағы «Банктiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн» деген сөздерден кейiн «оның iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртібі Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi»;
27) 29-бапта:
баптың атауындағы «құру» деген сөзден кейiн «жабу» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың екiншi азатжолындағы «жарғылық қоры» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың б) тармақшасындағы «19-бабы 3-тармағының ж) тармақшасының» деген сөздер «19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының» сөздерiмен ауыстырылсын;
5-тармағының:
а) тармақшасындағы «осы Жарлықтың» деген сөзден кейiн «19-бабының 3-тармағында және» сөздерiмен толықтырылсын;
в) тармақшасы «нормативтердi» деген сөзден кейiн «және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң» сөздерiмен толықтырылсын;
г) тармақшасы «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтың г) тармақшасындағы «фирма» деген сөз «ұйым» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн жабу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Банк филиалын жатқан кездегi есептiк тiркеу деректерiне өзгертулер Ұлттық Банкпен алдын ала келісілгеннен кейiн әдiлет органдарына табыс етiледi»;
28) 30-бапта:
2-тармағының:
в) тармақшасындағы «банк емес қаржы мекемелерiнiң» деген сөздер «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармақшасындағы:
«айырбастау» деген сөзден кейiн «сұрыптау» деген сөзбен толықтырылсын;
д) тармақшасындағы «ақшалай қаражатын» деген сөздер «ақшасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;»;
и) тармақшасындағы «ақшалай қаражатты» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
к) тармақшасы «клиринг» деген сөзден кейiн «(есеп айырысу)» деген сөзбен толықтырылсын;
н), о) тармақшалары алынып тасталсын;
п), р), с) тармақшалары тиiсiнше н), о), п) тармақшалары болып есептелсiн;
соңғы азатжолы алынып тасталсын;
3-тармақтың:
а) тармақшасындағы:
«бағалы металдарды» деген сөздердiң алдынан «тазартылған» деген сөзбен толықтырылсын;
«ұсақталған, ұнтақ, кристалл» деген сөздер алынып тасталсын;
б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«б) депозиттiк сертификаттар шығару»;
д) тармақшасындағы «(акциялар, облигациялар, вексельдер мен депозиттiк сертификаттар)» деген сөздер «(акцияларды қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:
а) мемлекеттік бағалы қағаздармен делдалдық;
б) мемлекеттік бағалы қағаздармен-дилерлiк;
в) кастодиалдық;
г) клирингтiк түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды Ұлттық Банктiң келісімiмен уәкiлеттi орган бередi.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерінде банктiк болып табылмайтын қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң лицензия алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Жарлыққа сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.»;
29) 31-баптың 2-тармағында:
бiрiншi азатжолдағы «жалпы шарттарын» деген сөздер «жалпы шарттары туралы ережелерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«б» тармақшасындағы «проценттiк ставканың» деген сөздер «сыйақы (мүдде) ставкасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«в» тармақшасындағы «проценттер» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 32-баптың 2-тармағындағы «жалпы шарттары» деген сөздер «жалпы шарттар туралы ережесi» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы»;
32) 34-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Несие операциясы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Несие операциясы дегенiмiз банктiң басқа тұлғаларға қайтарымдылық және ақы төлеу шартымен ақша беруi болып табылады.»;
2-тармақтағы «бекiтетiн iшкi кредит саясатына» деген сөздер «бекiтетiн iшкi кредит саясаты туралы ережеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 36-баптың үшiншi азатжолындағы «ақшалай қаражатынан» деген сөздер «ақшасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзiмi
Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды».
35) 38-бапта:
«ақшалай қаражаттар», «ақшалай қаражаттардың» деген сөздер «ақша», «ақшаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «шығарып тастауға» деген сөздер «алып қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 39-баптағы «проценттер» деген сөз «сыйақылар (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 40-бапта:
2-тармақтың үшiншi азатжолындағы «проценттер» деген сөз «сыйақылар (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың «б» тармақшасындағы «жеке» деген сөзден кейiн «немесе заңды» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 41-баптың үшiншi азатжолындағы «нұсқаулықтар мен басқа да нормативтiк» деген сөздер «нормативтiк құқықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 42-бапта:
1-тармақтың:
екiншi азатжолындағы «жарғылық қорының» деген сөз «жарғылық капиталының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолындағы «өз қаражаты» деген сөздер «өз капиталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi азатжолындағы «нормативтер» деген сөзден кейiн «және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер» деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi азатжолындағы «нормативтердi» деген сөзден кейiн «және (немесе) өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «нормативтердi» деген сөзден кейiн «және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 45-баптың үшiншi азатжолындағы «провизия» деген сөзден кейiн «(резервтер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 45-баптың үшiншi азатжолындағы «жарғылық қорды» деген сөздер «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 46-баптың:
1-тармағындағы:
«нұсқаулықтар мен басқа да нормативтiк» деген сөздер «нормативтiк құқықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мынадай» деген сөзден кейiн «шектеулi» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтағы «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
43) 47-бапта:
2-тармағының:
а) тармақшасындағы «заңдарында» деген сөз «заң актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын:
«е) төраға мен Байқаушы кеңестiң мүшелерiнен басқа, осы Жарлықтың 20-бабында көрсетiлген адамдарды осы мәселенi банктiң тиiстi органы қарағанға дейiн, банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету»;
мынадай мазмұндағы 4-8-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Банк операцияларын жүргiзуге арналған барлық лицензиялардың күшiн жою, қызметтiң басқа түрлерi бойынша лицензияларға берген келісімiн Ұлттық Банктiң қайтып алуына және олардың орындалуын лицензияны берген орган (органдар) тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтата тұруға әкелiп соқтырады.
5. Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясының (лицензияларының) күшiн жою туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
6. Ұттық Банк банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясының (лицензияларының) күшiн жойғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкімін) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.