3. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады.
4. Кепiлдiк және кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген және белгiлеуге болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк және кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен бастап, екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады.»;
55) 341-баптағы «төленбеген проценттерге» деген сөздер «алынбаған сыйақыға (мүддеге)» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 353-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртібімен өндiрiп алу кезiнде сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады.
2. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртібі белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады.
3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың 1-тармағының негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.»;
57) 366-баптың 3-тармағындағы «процент» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 387-баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолындағы «банк» деген сөз алынып тасталсын.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» заң күшi бар 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат):
1) 1-баптың бесiншi бөлiгіндегі «және басқа заңдарда» деген сөздер алынып тасталсын;
2) 4-баптың:
атауындағы және мәтіндегі «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiктегi «клиенттерiнiң» деген сөзден кейiнгi «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың және» деген сөздер алынып тасталсын;
3) 5-бап алынып тасталсын;
4) 6-баптың:
бiрiншi бөлiгіндегі «өз қарамағындағы бөлiмшелермен бiрге» деген сөздер «өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгіндегі «басқармалары мен басқа да бөлiмшелерiн» деген сөздер «филиалдары мен өкiлдiктерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
«- банк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банктер кредиторлары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау жүктеледi.»;
6) 8-баптың:
б), в), г), д) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«б) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетедi;
в) банктер ашуға және олардың ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуы мен таратылуына рұқсат бередi, банктерге Қазақстан Республикасы аумағында, ал резидент-банктер үшiн республика аумағынан тыс жерлерде филиалдарын (оларды бiрiктiруге) және өкiлдiктерiн ашуға, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн банктерге лицензия беруге келісім бередi, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi;
г) белгiленген тәртiппен банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiлерiне мемлекеттік тiркеуге дейiн мiндеттi түрде сараптау жүргiзедi, оларға енгiзiлетiн өзгерістердi келiседi және банктердiң бағалы қағаздар шығару мен оларды орналастыру жиынтығы туралы есебiне, құрылтай құжаттарына қорытынды бередi, сондай-ақ банктiң құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге, оны қайта тiркеуге, банктiң басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келісім бередi;
д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;»;
е) тармақшасындағы «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операциясын жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алынып тасталсын;
ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы;»;
к) тармақшасындағы:
«сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздер алынып тасталсын;
«нормативтi» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
л) тармақшасындағы «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операциясын жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алынып тасталсын;
м) тармақшасындағы «есеп айырысу, ағымдағы, бюджеттік және басқа шоттарын» деген сөздер «банк шоттары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
н) тармақшасы «жәрдемдесетiн» деген сөзден кейiн «және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«р) елдiң төлем балансын жасап, жүргiзедi;»;
с) тармақшасындағы:
«ақша қаражатын есептен шығаруға» деген сөздер «ақшаны алып қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есептен шығаруға» деген сөздер «алып қою» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есептелген проценттердiң» деген сөздер «есептелген сыйақының (мүдденiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
у) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;»;
7) III тараудың атауындағы «пайдасын» деген сөз «табысын» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 9-баптың:
бап атауындағы «жарғылық қоры» деген сөз «жарғылық капиталы» деген сөзбен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Ұлттық Банкінің билiгiне негiзгi қорларды беру жолымен және оның табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыдан 10 миллиард Қазақстан теңгесi мөлшерiнде құралады»;
екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
үшiншi бөлiк екiншi бөлiк болып саналсын;
9) 10-бапта:
бап атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв қоры, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)»
бiрiншi бөлiгiнде:
«жарғылық қоры» деген сөз «жарғылық капиталы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өз пайдасы» деген сөздер «өз табысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның iшiнде күмәндi және үмiтсiз қарыздардың» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
«Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты оның iшiнде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады.»;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебiнен күмәндi және шығынды банк активтерiнен, оған қоса кредиттерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) арнайы провизиялар (резервтер) құралады»;
үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
10) 11-баптың:
баптың атауындағы «пайдасы» деген сөз «табысы» деген сөзбен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiгіндегі:
«Пайдасы» деген сөз «Таза табысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Үмiтсiз және күмәндi қарыздарды есептен шығару мен» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің таза табысы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн абсолюттiк сомада жарғылық капитал мен резерв қорын қарауға бағытталады.»;
үшiншi бөлiгіндегі:
«алынған пайданың», «алынған пайда» деген сөздер «алынған таза табыстың», «алынған таза табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қорларын» деген сөз «жарғылық капитал мен резерв қорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiгіндегі «пайдасының» деген сөз «табысының» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 12-баптың үшiншi бөлiгіндегі «департаменттер мен дербес қызметтерден тұратын орталық аппарат, облыстық (аумақтық) басқармалар, аудандық бөлiмдер және басқа бөлiмшелер» деген сөздер «департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 13-баптың екiншi бөлiгіндегі «кредит» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 15-баптың бiрiншi бөлiгіндегі:
б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«б) Қазақстан Ұлттық Банкінің банк қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық актілерін бекіту;»;
г) тармақшасындағы:
«орталықтандырылған» деген сөз «ресми» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және Қазақстан Республикасының бюджетiмен» деген сөздер алынып тасталсын;
з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«з) алтын-валюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн белгiлеу;»;
л), м), н) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«л) Қазақстан Ұлттық Банкінің табыстары мен шығындары туралы жылдық балансы мен есебiн қарау және бекіту;
м) Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, оның жарғылық капиталы мен резерв қорын құрау тәртібі туралы нормативтiк құқықтық актiлердi, негiзгi қаражат пен басқа да мүлiктердi пайдалануды, ақылы қызмет көрсетудi, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен бюджетiн (шығыстар сметасын) бекіту, Қазақстан Ұлттық Банкінің департаменттерi директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерi мен ұйымдарының басшыларын тағайындау;
н) қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес банктер мен басқа да ұйымдар үшiн пруденциялық нормативтер мен сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекіту;»;
о) тармақшасындағы «мен оның бөлiмшелерi» деген сөздер «оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
п) тармақшасындағы «ұйымдарға» деген сөз «және осы жарлыққа сәйкес өзге де ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа с) тармақшасымен толықтырылсын:
«с) бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу.»;
14) 16-баптың екiншi бөлiгіндегі «Төрағасы, оның төрт орынбасары және Қазақстан Ұлттық Банкi бухгалтерлiк қызметiнiң басшысы» деген сөздер «Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 17-баптың төртiншi бөлiгіндегі «бiрiншi орынбасары» деген сөздер «мiндетiн атқарушы адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 19-баптың:
үшiншi бөлiгіндегі «бiрiншi» деген сөз алынып тасталсын;
алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» заң күшi бар Жарлығында белгiлеген тәртiппен Директорлар кеңесi басқарманың өкiлеттiгiне жатқызылмаған кейбір шаралар түрлерiн банктерге қолдану туралы шешiмдi, сондай-ақ банк заңдарымен көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.»;
17) 20-бапта:
бап атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары»;
бiрiншi бөлiктегi «облыстық (аумақтық) басқармалары» деген сөздер «филиалдары мен өкiлдiктерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Жарлықпен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.»;
18) 21-баптағы «мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң» деген сөздер «оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 23, 24, 25, 26, 27, 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агент
Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оларға басқа да қызметтер көрсетедi.
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетедi.
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
28-бап. Бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы.»;
20) 30-баптың:
екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын»
« - Қазақстан Ұлттық Банкінің кредиттер бойынша банктерге беретiн сыйақы (мүдде) ставкаларының деңгейi;»;
бесiншi азатжолдағы «және Үкiметке» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
«- ресми есептеу (дисконттiк) ставкасы.»;
21) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын, сондай-ақ олар жүргiзетiн операциялар бойынша басқа да сыйақы (мүдде) ставкаларын белгiлейдi. Ақша рыногының жалпы жай-күйiне, кредит бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтулер деңгейiне қарай қайта қаржыландырудың ресми ставкасы белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi сыйақы (мүдде) ставкасының саясатын мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүзеге асыру шеңберіндегі сыйақының (мүдденiң) рыноктық ставкаларына ықпал ету үшiн пайдаланады.»;
22) 32-баптың:
бесiншi бөлiгіндегі «Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiгіндегі «банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды керi қайтарып алған» деген сөздер «банк қызметiн тоқтатқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiк алынып тасталсын;
23) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Ресми есептеу (дисконттiк) ставкасы
Қазақстан Ұлттық Банкi ресми есептеу (дисконттiк) ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi ресми есептеу (дисконттiк) ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, кредиттер бойынша сұраныс және ұсынысқа қарай анықтайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік ақша-кредит саясаты шеңберiнде банктердiң есептеу (дисконттiк) ставкаларына ықпал ету үшiн есептеу (дисконттiк) саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн ұсынылатын шарттарды белгiлейдi.»;
24) 35-баптың:
екiншi бөлiгіндегі «мен Үкiметке» деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi бөлiгіндегі «екiншi дәрежедегi» деген сөздер алынып тасталсын;
25) 37-баптағы:
баптың атауы «Банк операциялары бойынша сандық шектеулер» деп толықтырылып жазылсын.»;
бiрiншi бөлiгіндегі «проценттiк ставкалары» деген сөздер «сыйақы (мүдде) ставкаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «процестердi» деген сөзден кейiн «жанама» деген сөзбен толықтырылсын;
26) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Төлем құралы
Қазақстан Ұлттық Банкінің заң актілерінде, нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады».
27) 40-баптағы, 42-баптың бiрiншi бөлiгіндегі және 47-баптағы «ақша қаражатын» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 41-баптың екiншi бөлiгіндегі «резервiнiң» деген сөз «активтерiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 47-баптағы «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заң актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 48-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
31) 49-баптағы «құқықтық тәртібін» деген сөзден кейiн «банктiк» деген сөзбен толықтырылсын;
32) 51-бап алынып тасталсын;
33) 52-баптың:
екiншi азатжолындағы «жоғары сыныпты (өтiмдiлiгi жоғары тәуекелсiз)» деген сөздер «өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолындағы «чектерiн, жай және аударым вексельдерiн сатып алады және сатады» деген сөздер «қайта есепке алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi азатжолындағы:
«облигациялар» деген сөз алынып тасталсын;
«дисконтты және проценттiк» деген сөз «борыштық» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегiзiншi азатжолындағы «мекемелерiнде» деген сөз «ұйымдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
«- чектер жазады және вексельдер бередi;»;
34) 53-баптың:
бiрiншi бөлiгiнiң:
екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
« - аффинирленген алтын;»;
төртiншi және бесiншi азатжолдарындағы «жоғары сыныпты» деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi бөлiгіндегі «проценттер» деген сөз «сыйақы (мүдде) төленбеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 54-баптың бiрiншi бөлiгiнiң:
екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
« - осы Жарлықта көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;»;
үшiншi азатжолындағы «мен оның бөлiмшелерiнiң» деген сөздер «мен оның филиалдарының, өкiлеттiктерi мен ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) Х тараудың атауындағы «және арнайы резервтер» деген сөздер алынып тасталсын;
37) 56-баптың бiрiншi бөлiгiнiң:
а) тармақшасындағы «процент ставкаларының» деген сөздер «сыйақы (мүдде) ставкаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi банктерде Қазақстан Республикасының резиденттерiне шет ел валютасымен шоттар ашудың тиiмдiлiгiн, тәртібі мен шарттарын анықтайды және шоттар ашуға рұқсат бередi» деген сөздер шет ел банктерiнде Қазақстан Республикасының резиденттерiне «шет ел валютасымен банк шоттарын ашу шарттарын анықтайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
г) және д) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«г) беру, тiркеу ережелерiн белгiлейдi және валюта заңдарында көзделгендей, валюталық операциялар жүргiзуге лицензиялар бередi;
д) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шет ел валютасына шаққандағы бағамын, оның iшiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзу, кедендiк және салық төлемдерi, сондай-ақ шет ел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесiне рыноктық баға белгiлеу мақсаты үшiн Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми бағамын белгiлеу жолымен реттейдi»;
е) тармақшасындағы «резервтерiн» деген сөздер «активтерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және уәкiлдiк берiлген мемлекеттік статистикалық органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындаулары үшiн мiндеттi валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу мен есеп беру тәртібі мен нысандарын белгiлейдi;»;
и) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;»;
л) тармақшасындағы «шет ел валютасындағы ақша қаражатын» деген сөздер «шет ел валютасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
м) тармақшасы алынып тасталсын;
н), о), п) тармақшалары тиiсiнше м), н), о) тармақшалары деп есептелсiн;
м) және н) тармақшаларындағы «шет елден» деген сөздер «Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
о) тармақшасындағы «режимдi енгізу және өзгерту» деген сөздер «режимдi енгiзедi және өзгертедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 57-бапта:
баптың атауындағы «валютамен» деген сөздiң алдынан «шетелдiк» деген сөзбен толықтырылсын;
бiрiншi азатжолы «құндылықтарымен» деген сөзден кейiн «және бағалы металдармен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi азатжолындағы «қазынашылық вексельдерi мен басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi және бесiншi, алтыншы азатжолдары мынадай редакцияда жазылсын:
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкіметі мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға;
« - аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;»;
сегiзiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
« - Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;»;
бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
« - қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы»;