39) 58-баптың:
баптың атауы мен мәтiніндегі «резервтерi», «резервтердiң», «резервтерiн» деген сөздер тиiсiнше «активтерi», «активтердiң», «активтерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiктiң:
екiншi азатжолындағы «алтыннан» деген сөз «аффинирленген алтыннан» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолдағы «сақтаулы банк қаражатынан» деген сөздер «және Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi, алтыншы және жетiншi азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын:
« - шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;
- шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;
- мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.»;
бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.»;
екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктер тиiсiнше үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктер деп есептелсiн;
үшiншi бөлiктегi «Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен» деген сөздер «осы Жарлықпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктiң:
бiрiншi азатжолындағы «алтын-валюта резервтерiн толықтыру» деген сөздер «алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар (мүдде);»;
бесiншi азатжолдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде» деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы азатжолдағы «Қазақстан Республикасы Президентінің келісімi бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi бөлiктегi:
бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:»;
екiншi азатжолдағы «сатуға» деген сөз «сату» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолдағы :
«жүзеге асыруға» деген сөздер «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шығындарын» деген сөзден кейiн «сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік сыртқы қарызына қызмет көрсетудi» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi азатжолдағы:
«сатуға» деген сөз «сату» деген сөзбен ауыстырылсын;
(«валюталық своп» сияқты операция) деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi азатжол мынадай мазмұнда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің алған кредитi бойынша негiзгi соманы және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару.»;
мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
«шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.»;
40) 59-баптағы:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Сыртқы активтердiң өтiмдiлiгi және сақталуы»;
мәтіндегі «валюта резервтерiнiң» және «валюта резервтерiн» деген сөздер тиiсiнше «активтердiң», «активтерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiктегi «өтiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн» деген сөздер «өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 60-бапта:
баптың атауындағы «Валюта резервiн» деген сөздер «Алтын-валюта активiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«табысы» деген сөз «жұмсалмаған табысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«резерв» деген сөз «актив» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және валютамен» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ шет мемлекеттердiң немесе халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына байланысты операциялар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 61-баптың:
бiрiншi және төртiншi бөлiктеріндегі «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi бөлiгіндегі «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алдындағы үтiрмен қоса алынып тасталсын;
бесiншi бөлiгіндегі «Қазақстан Ұлттық Банкi берген лицензиялар негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алынып тасталсын;
43) 62-баптың:
бiрiншi бөлiгіндегі: «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi бөлiгіндегі:
екiншi азатжолындағы:
«ережелердi белгiлеп, директивалар, нұсқаулықтар шығаруға» деген сөздер «нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi азатжолындағы «сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi азатжолындағы:
«сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер» деген сөздер алынып тасталсын;
«әрi тиiмдi» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi азатжолдармен толықтырылсын:
«- банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкімін) тағайындауға;
- депозиттер мен оны iске асыру тетiгiнiң мiндеттi түрде ұжымдық сақтандыру жағдайларын белгiлеуге өкiлеттi».
44) 63-баптағы:
баптың атауы «және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер» деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiгіндегі «екiншi деңгейдегi» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциалдық нормативтердi Қазақстан Ұлттық Банкi, сондай-ақ аффинирленген тұлғалар болып табылатын, яғни заңды мәнi бар iс-әрекет арқылы ұйымның қызметiне ықпал етуге қабiлеттi тұлғалармен, не қызметiне ұйым аталған жолмен ықпал ететiн тұлға болып табылатын бiрнеше банктер үшiн бiрiктiрiлген негiзде белгiлейдi.»;
үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
төртiншi бөлiгi үшiншi бөлiк деп есептелсiн;
үшiншi бөлiгiнiң:
екiншi азатжолындағы «нормативтердiң» деген сөзден кейiн «және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi азатжолындағы «проценттiк тәуекелдердi» деген сөздер «тәуекелдер мен сыйақы (мүдде) ставкалары бойынша тәуекелдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 64-баптың:
екiншi бөлiгiнiң:
үшiншi азатжолындағы «өтелмеген» деген сөзден кейiн «немесе белгiленген заң тәртібімен алынбаған» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi азатжолындағы:
«банкротқа ұшыраған фирманы басқаруға қатысса немесе» деген сөздер «басқару органдарының құрамына енсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және/немесе банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия жойылса» деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
« - табыс туралы салық қызметi органдарына мәлiмет беруден бас тартса немесе қасақана жалған мәлiмет берсе;»;
алтыншы азатжолындағы «жақын туысы болса, онда ол» деген сөздер «жақын туыстық қатынастағы адам болса, онда ол» сөздерiмен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
46) 67-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi азатжолындағы «валюта жағдайының» деген сөздер «валюта саясатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) XIII тарау мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:
«70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қаржы министрлігіне банктiк және басқа қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, төлемдiк негiзде банктiк операциялар және басқа қызметтер көрсетуге құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтерi үшiн төлем түрлерi мен мөлшерiн өз бетiнше белгiлейдi.»;
48) 72-баптың екiншi бөлiгi «заңдарына және» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
49) 73-баптың:
бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметшi болып табылатын қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңында белгiленген мемлекеттік қызметте болуына байланысты барлық шектеулер қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы жаңа екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерi банктерден Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының жазбаша рұқсатымен ғана кредит алуға құқылы»;
екiншi бөлiк үшiншi бөлiк деп есептелсiн;
50) 74-баптың атауындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының» деген сөздер «осы Жарлықтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Банкроттық туралы» заң күшi бар Жарлығының және кейбір заң актілерінiң күшi жойылды деп тану туралы 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 9 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» заң күшi бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 1-тармағының 35) тармақшасы: «сондай-ақ гербтi, қағаздар, чек кiтапшаларының бланкiлерi және депозиттiк сертификаттар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 24-баптың 2-тармағының бiрiншi азатжолындағы «табыс» деген сөзден кейiн «осы тармақтың екiншi азатжолында көзделген жағдайлардан басқа кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
16. Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір заң актілерінiң күшi жойылды деп тану туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1995 жылғы 15 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың:
3) тармақшасындағы «ақшалай қаражаттың» деген сөздер «ақшаның» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшасындағы «қорға» деген сөздер «капиталға» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшаның д) тармақшасындағы «проценттер» деген сөздер «сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) «сыйақы (мүдде)» - алынған кредиттер үшiн және алынған депозиттер бойынша төлемдер»;
29) тармақшаның:
б) тармақшасындағы «осындай жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктiк емес қаржы мекемелерiмен» деген сөздер «банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы «депозиттерiн жүргiзуге және» деген сөздер «депозит қабылдаумен және банктiк операциялар жүргiзумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармақшасындағы «валютаның, ақшаның, банкноттың» деген сөздер «ақшаның, оның iшiнде шет ел валютасындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағындағы «теңгемен» деген сөз алдынан «ресми» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 11-баптың:
3) тармақшасының:
екiншi азатжолындағы «проценттер бойынша» деген сөздер «сыйақы (мүдде) нысанындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi азатжолдағы «ақша қаражаты» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 13-баптың:
2-тармақшасы алынып тасталсын;
3), 4), 5), 6) тармақшалары тиiсiнше 2), 3), 4), 5) тармақшалары деп есептелсiн;
4-тармақшадағы «сондай-ақ мемлекеттік (ұлттық лотереялар бойынша ұтыстар)» деген сөздер алынып тасталсын;
5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Алынған кредит (займ) үшiн сыйақы (мүдде) бойынша шегерiм жасау
Алынған кредит үшiн сыйақы (мүдде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша есептелген, осы ставканың теңгемен кредит (займ) бойынша 50 процентiне көбейтiлген сомасы және шет ел валютасымен кредит (займ) бойынша 50 процентiне көбейтiлген Лондон банкаралық рыногының ставкасы бойынша сома шегiнде шегерiлуге тиiс.»;
6) 32-баптың:
баптың атауындағы «проценттер бойынша» деген сөздер «сыйақыға (мүддеге) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтарындағы «төленетiн проценттерге» деген сөздер «төленетiн сыйақыға (мүддеге)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағындағы:
«бұрын салық салынған проценттер» деген сөздер «бұрын салынған сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«проценттерге» деген сөз «сыйақыға (мүддеге)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 33-баптың 1) тармақшасындағы «проценттер» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 34-баптың:
1-тармағының 8) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктiк емес қаржы мекемелерi алынған проценттер бойынша» деген сөздер «алынған сыйақы (мүдде) бойынша банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағындағы «проценттер» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың 7-тармақшасындағы «банктердегi және банктiк емес қаржы мекемелеріндегі салымдары бойынша проценттер» деген сөздер «банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 49-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 50-баптың:
1 тармағының 4) тармақшасындағы «проценттер» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 тармағының 1) тармақшасындағы «орындайтын» деген сөз «жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 61-баптың 1-тармағының:
10) тармақшасындағы «және оның бөлiмшелерiмен» деген сөздер «оның филиалдарымен және өкiлдiктерiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшасындағы «және оның бөлiмшелерiмен» деген сөздер «оның филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 123-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы, 129-баптың 7) тармақшасындағы және 134-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «және оның бөлiмшелерi» деген сөздер «оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 138-баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолындағы «ақша қаражатымен» деген сөздер «ақшамен» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 147-баптың:
бiрiншi бөлiгіндегі «орындаушы» деген сөз «жүзеге асырушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшасындағы «есеп айырысу шоттары мен өзге де» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшасының:
бiрiншi азатжолындағы «есеп айырысу немесе басқа» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi азатжолындағы:
«белгiлеген» деген сөзден кейiн «теңгенiң банктiк» деген сөздермен толықтырылсын;
«валюталық шоттарынан» деген сөздер «банк шоттарындағы шет ел валютасындағы қаржыдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«белгiлеген» деген сөз «белгiленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолындағы:
«ақша қаражатын» және «ақша қаражатына» деген сөздер «ақшасы» және «ақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«банктердегi есеп айырысу (ағымдағы) шоттарындағы» деген сөздер «банк шоттарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы «есеп айырысу немесе өзге» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшасындағы «есеп айырысу немесе өзге», «ақша қаражаты» деген сөздер тиiсiнше «банктiк», «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшасындағы «есеп айырысу және басқа да» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшасындағы:
«белгiлi бiр уақыт iшiнде есеп айырысу шоттарынан немесе өзге шоттардан ақша қаражатының бар-жоғы туралы» деген сөздер «белгiлi бiр уақыт iшiнде банк шоттарынан банк шоттарында ақша қаражатының бар-жоғы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есептелген проценттер туралы» деген сөздер «есептелген сыйақы (мүдде) туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 161-баптың:
мәтiніндегі «1,5 есе» деген сөздерден кейiн «ресми» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармағындағы «1,5 есе мөлшерiнде процент» деген сөздер «1,5 есе мөлшеріндегі ресми айыппұл» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 164-баптың:
1-тармағының:
1) тармақшасындағы «есеп айырысу шоттары және өзге» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшасындағы:
«есеп айырысу шоттары және басқа да» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
«шоттарынан» деген сөз «банк шоттарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағындағы «1,5 есе» деген сөздердiң алдынан «ресми» деген сөзбен толықтырылсын;
17) 172-баптың:
1) тармақшасындағы «ақшалай қаражатын» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшасындағы «есеп айырысу және басқа» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшасындағы «ақша-валюта қаражатының» деген сөздер «ақшаның» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақшасындағы «ақшалай қаражатының» деген сөздер «банктегi ақшаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшасындағы «және оның бөлiмшелерi» деген сөздер «оның филиалдарында, өкiлдiктерi және ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 3-тармағындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың:
2-тармағындағы «ақшалай қаражат» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармағындағы «ақшалай қаражаттан» деген сөздер «ақшадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 57-баптың 2-тармағындағы «төленбеген бөлiктiң сомасы үшiн процент төлеуге мiндеттi. Процент мөлшерi өтем жасау күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген банктiк проценттiң орташа есептеу ставкасына қарай есептеледi» деген сөздер «төленбеген бөлiктiң сомасына айыпақы төлеуге мiндеттi. Айыпақының мөлшерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына қарай есептеледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 57-баптың 5-тармағындағы «банктiк емес қаржы мекемелерi», «банктiк емес қаржы мекемелерiнде», «банктiк емес қаржы мекемелерi» деген сөздер «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар», «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда», «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
18. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорындар туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; 1997 жылғы 25 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік банктердiң құқықтық ережелерiнiң, құрылуының, лицензиялануының, қызметiнiң реттелуiнiң, жауапкершiлiгiнiң, қайта ұйымдастырылуы мен таратылу шарттарының ерекшелiктерi қолданылып жүрген банк заңдарымен белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Жарлықпен белгiленедi.»;
2) 3-баптың 1-тармағындағы «органдары» деген сөзден кейiн «сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-баптың 1-тармағындағы «Үкіметінiң» деген сөздер «немесе Ұлттық Банктiң» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 16-баптың 2-тармағының екiншi азатжолындағы «ақша қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 21-баптың 2-тармағының екiншi азатжолындағы «проценттiк» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 25-баптың:
1-тармағының 3) тармақшасының бiрiншi азатжолындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кредиттер бойынша белгiлеген процент ставкасынан төмен процентпен төлеумен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақы (мүдде) есептеумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «ақшалай қаражатты» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 44-баптың:
1-тармағындағы «ақшалай қаражатпен» деген сөздер «ақшамен» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармағындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 45-баптың:
2-тармағының 1) тармақшасындағы «ақшалай қаражат» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармағындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
19. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде 1997 жылғы 12 наурызда жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде (бұдан әрi - Әдiлет министрлігі) банк ретiнде мемлекеттік тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк) лицензиясы болуымен белгiленедi.»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Депозит
Депозит - бiр тұлға (депозитордың) басқа тұлғаға - банкке (оның iшiнде Ұлттық Банкке) аталған күйiнде қайтарылуға тиiс деген шартпен алғашқы талап ету бойынша немесе белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн толық немесе бөлiп-бөлiп, алдын-ала келісілген үстемесiмен немесе ондай үстемесiз, депозиторға тiкелей қайтарылуға не оның тапсыруымен үшiншi бiр тұлғаға берiлуге тиiстiлiгiне қарамастан беретiн ақша.»;
3) 3-баптың:
4-тармағындағы:
бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік банк - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде құрылған екiншi деңгейдегi банк.»;