Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
7. Ұттық Банк банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның күшi жойылғаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде белгiленген заң тәртібімен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
Ұлттық Банктiң қабылдаған шешiмi туралы ақпаратты Ұлттық Банк республикалық екi газетте жариялайды.
8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның күшiн жою туралы Ұлттық Банктiң шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртібімен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.»;
44) 48-бапта:
1-тармағының:
г) тармақшасындағы «және» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
з) тармақшасындағы «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы и), к), л) тармақшаларымен толықтырылсын:
«и) осы Жарлықтың 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;
к) осы Жарлықпен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;
л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы»;
45) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
«48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру
1. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясының күшi жойылған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығындарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.
2. Банктiң жұмыс тәртібі, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкімі) банк қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен сот iс қозғағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкімінiң) есебi Ұлттық Банкке және банктiң қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң мәлiмдемесi жолданған сотқа берiледi.
5. Сот Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен iс қозғаған күннен бастап банкке банктiң iсiн және мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiк берiлетiн арнайы басқарушыны (басқару жөніндегі уәкiлдiк берiлген адамдарды) тағайындайды.
Лицензиясының күшi жойылған Ұлттық банк қызметкерлерi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиясының күшi жойылған банк қызметкерлерi және олардың жақын туысқандары банктiң арнайы басқарушылары (басқару жөніндегі уәкiлдерi болып тағайындала алмайды).
6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкімі) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi арнайы басқарушыға (басқару жөніндегі уәкiлдiк берiлген адамдарға) 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.
7. Банктiң уақытша әкiмшiлігiнен (уақытша әкімінен) банктiң құжаттары мен мүлкiн арнайы басқарушының (басқару жөніндегі уәкiлдiк берiлген адамдардың) қабылдау-өткізуi актiмен ресiмделедi, ол 4 дана етiп жасалады және оны сот бекiтедi. Сот бекiткен актiнiң бiр данасы Ұлттық Банкке жiберiледi.
8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкімі) мен арнайы басқарушысының (басқару жөніндегі уәкiлдiк берiлген адамдардың) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келісім шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.
9. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкімінiң) құрамына қосылған Ұлттық Банк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банктiң банктердiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы бойынша шығындарды қаржыландыруына жол берiлмейдi.
46) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртібі
1. Банк ашуға берiлген рұқсатты Ұлттық Банк:
а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы.
2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды Ұлттық Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:
а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;
б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;
в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарияланған жарғылық капиталын төлемеуi;
г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
3. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Басқармасы қабылдайды.
4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы Ұлттық Банк Басқармасының шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.»;
47) 50-баптың:
1 тармағындағы «ақшалай қаражаттың» деген сөздер «ақшаның» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «4-8» сандары «4-9» сандарымен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «5-8» сандары «5-9» сандарымен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бiрiншi азатжолдағы «шоттарындағы ақшалай қаражаттың» деген сөздер «банк шоттарындағы ақшаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
а) тармақшасындағы «iстер» деген сөздiң алдынан «қылмыстық» деген сөзбен толықтырылсын;
в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;»;
г) тармақшасындағы «сыртқы экономикалық қызметтi жүргiзу кезiнде» деген сөздер «клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың:
бiрiншi азатжолындағы «ақшалай қаражаттың» деген сөздер «ақшаның» деген сөзбен ауыстырылсын;
б), в) тармақшаларындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;»;
д) тармақшасындағы «сыртқы экономикалық қызметтi жүргiзу кезiнде» деген сөздер «клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi азатжолындағы «ақшалай қаражаттың» деген сөздер «ақшаның» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Салық салуға байланысты мәселелер бойынша банк құпиясы бар ақпарат салық органдарына Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берiледi.»;
48) 51-бапта:
баптың атауындағы «ақшалай қаражат пен», және мәтiніндегі «ақшалай қаражаты» деген сөздер тиiсінше «ақша мен», «ақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағында «есеп айырысу және басқа» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ: «банкте жатқан» деген сөздерден кейiн «жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
49) 52-баптағы:
«құқылы» деген сөзден кейiн «ал қолданылып жүрген заңдарда тiкелей қарастырылған жағдайда - мiндеттi» деген сөздермен толықтырылсын;
«банкрот болған немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Ұлттық Банк депозиттердi мiндеттi түрде ұжымдық сақтандыру жағдайлары мен оны iске асыру тетiгiн белгiлеуге құқылы.
Ұлттық Банк депозиттердi ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiне қосымша талаптар белгiлеуге құқылы»;
50) 54-баптың 1-тармағындағы:
«Банктердегi бухгалтерлiк есепке алудың әдiстемесi мен ережесін... тiзбесiн» деген сөздер «тiзбесiн» деген сөзбен ауыстырылсын;
тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi азатжолдармен толықтырылсын:
«Банктер өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды бекітілген бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның Байқаушы кеңесi айқындайды.»;
51) 55-баптағы:
«фирма» деген сөз «ұйым» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банктер тоқсан сайын Ұлттық Банк белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық мақұлдауынсыз-ақ жариялап отырады.»;
52) 57-баптың:
1, 4 және 5-тармақтарындағы «фирма» деген сөздер «ұйым» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың:
бiрiншi азатжолындағы «мына тұрғыда» деген сөздер «мыналарды анықтау мақсатында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолы «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
53) 58-баптағы:
«Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге құқық беретiн лицензияны Ұлттық Банк өзiнiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес бередi.»;
54) 59-баптағы:
баптың атауы «жою» деген сөзден кейiн «тоқтату» деген сөзбен толықтырылсын;
мәтіндегі «фирманың», «фирма» және «фирмада» деген сөздер тиiсiнше «ұйымның», «ұйым» және «ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың б) тармақшасындағы «өзiнiң, жұбайы (зайыбы)» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың:
бiрiншi азатжолындағы «жояды» деген сөзден кейiн «тоқтатады» деген сөзбен толықтырылсын;
в) тармақшасындағы «табыс етпесе» деген сөздiң алдынан «аудиторлық тексеру туралы есеп пен ақпаратты» деген сөздер жазылсын;
г) тармақшасындағы «1-тармақтың г)» деген сөздер «2-тармақтың б)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы е) және ж) тармақшаларымен толықтырылсын:
«е) аудиторлық ұйымның (аудитордың) аудиторлық қызметпен айналысу құқығын жою туралы уәкiлдi органның шешiмi бар болса;
ж) банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге құқық беретiн лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде оның негiзiнде берiлген мәлiметтердiң күмәндi екенi анықталса.»;
55) II бөлiмнiң атауы «тоқтату» деген сөзден кейiн «ерекшелiктерiнiң» деген сөзбен толықтырылсын;
56) 7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру»;
57) 60-бапта:
баптың атауындағы «қайта құрудың жалпы шарттары» деген сөздердiң алдына «ерiктi түрде» деген сөздер жазылсын;
1-тармақтағы «қайта құру» деген сөздер «ерiктi түрде қайта құру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тармақтардағы «қайта құрудың», «қайта құру» деген сөздер «ерiктi түрде қайта құруды», «ерiктi қайта құру» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 61-баптың атауындағы және мәтiніндегі «қайта құруға» деген сөздер «ерiктi түрде қайта құруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 62-баптың 2-тармағындағы а), б) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы)»;
б) осы Жарлықтың 48-бабында көзделген негiздер бойынша.»;
60) 63-баптың 3-тармағындағы «нормативтiң» деген сөз «құқық» деген сөзбен толықтырылсын;
61) 64-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы «мекен-жайы» деген сөздер «орналасқан жерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 66-баптың 2-тармағындағы «нормативтiк» деген сөз «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
63) 67-баптың 3-тармағындағы «банктi ерiксiз таратуды жүзеге асыруға» деген сөздер «банк заңдарында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны жоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
1. Банк:
а) Ұлттық Банктiң рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
в) мемлекеттік банктерге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Банктердiң қызметiн тоқтату банкроттық туралы заңдардың және осы Жарлықтың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
69-бап. Ерiктi тарату
1. Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға құқылы.
Өтiнiшке банктiң қызметiн тоқтату мерзiмi және оған әзiрлiк кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен шаралар тiзбесi, банк мiндеттемелерi бойынша оның есеп айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн баланстың есеп және басқа қажеттi мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс. Қажеттi мәлiметтер тiзбесi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн Ұлттық Банк тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.
3. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беру туралы шешiмдi Ұлттық Банк басқармасы қабылдайды.
4. Ерiктi түрде тарауға Ұлттық Банктен рұқсат алған жағдайда банк тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiк ауысады.
Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.
6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлігі мен Ұлттық Банкке табыс етуге мiндеттi.
7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртiппен ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi
1. Банктердi ерiксiз таратуды сот:
а) банк банкроттығына;
б) банк заңдарында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды жоюға;
в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.
71-бап. Банктi банкрот деп тану
1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi Ұлттық Банктiң сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысына анықталады.
2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.
3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келісім жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.
72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату
1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларын жою туралы Ұлттық Банктiң шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Жарлыққа сәйкес жүргiзiледi.
2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот Ұлттық банкке жiбередi.
Осы Жарлықтың 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банктiң банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардың Ұлттық Банк жояды.
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен тәртібі
1. Банктi арнайы басқарушы (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарды) ретiнде сот тағайындаған адамды(дарды) банктi тарату комиссиясының құрамына соттың енгізуi мүмкiн.
Банктi арнайы басқарушысының (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдардың) орындаған жұмысы туралы есептi сот бекiтедi.
Банктi тарату комиссиясының банктi арнайы басқарушыдан (басқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардан) банк құжаттары мен мүлкiн қабылдап алу-өткізу актiсiн сот бекiтедi.
2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi.
3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
4. Таратылған банктiң кредиторларының тiзiлiмiн сот бекiтедi.
5. Таратылған банктiң мүлкiн сатуды банктi тарату комиссиясы сот бекiткен тәртiппен жүргiзедi.
6. Банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды оны тағайындаған сот жүзеге асырады.
7. Тарату комиссиясы жасаған банктi тарату және тарату балансы туралы есептi сот бекiтедi және оны Әдiлет министрлігі мен Ұлттық Банкке жiбередi.
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде оның банкроттығын негiздеу жөнiнде шешiм қабылданғаннан кейiн сот құрамында төраға мен комиссия мүшелерi бар тарату комиссиясын тағайындайды.
Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады.
2. Банктi банкрот деп таныған жағдайда оны тарату осы Жарлықта қарастырылған ерекшелiктердi ескере отырып, банкроттық туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Заң актілерінде көзделген басқа негiздер бойынша таратылатын банктiң тарату комиссиясы өз қызметiнде таратылатын банктер үшiн осы Жарлықта, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жалпы ережелердi басшылыққа алады.
3. Ұлттық банк қызметкерлерiнiң банктi тарату комиссиясының құрамында болуына құқығы жоқ.
74-1-бап. Банктердi тарату кезіндегі тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Жарлықта белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
2. Кастодиан-банктi таратқанда тарату, конкурстық массасына мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының меншiк капиталының қаржыларын қоспағанда, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi қосылмайды және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
74-2-бап. Ерiксiз түрде таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi
1. Ерiксiз таратылатын банк кредиторларының, оның iшiнде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
2. Тарату өндiрiсiмен байланысты шығыстар, оның iшiнде банктiң тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктiң негiзгi қызметтерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты төленiп отырады.
3. Белгiленген тәртiппен танылған кредиторлардың талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиіс:
а) бiрiншi кезекте азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капитализациялау жолымен қанағаттандырады;
б) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбекақысын төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi;
в) үшiншi кезекте депозиттер және ақша аудару жөнiнде жеке тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
г) төртiншi кезекте тек қана қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi ұйымдарымен және оған теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен, осы заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысының есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдармен, олардың банктiк шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектердiң ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
д) бесiншi кезекте таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
е) алтыншы кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша қарыздар өтеледi;
ж) жетiншi кезекте заңды тұлғалардың банк шоттарында бар өз қаржылары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
з) сегiзiншi кезекте банкаралық кредиттер бойынша банктермен және таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлмеген депозит салымдары бойынша заңды тұлғалармен есеп айырысу жүзеге асырылады;
и) тоғызыншы кезекте басқа кредиторлармен есеп айырысулар заң актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Жарлықта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi Ұлттық Банктiң тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарларына сәйкес жүргiзiледi.
6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
74-4-бап. Ұлттық Банктiң банктерден ақпарат алу құқығы
1. Ерiктi таратылатын банктiң тарату комиссиясы Ұлттық Банкке оның сұрау салуы бойынша банктiң қызметi туралы кез келген мәлiметтi табыс етуге мiндеттi.
2. Ұлттық Банк қызметiн ерiксiз тоқтату туралы iсi сотта қаралып жатқан банктен қажеттi ақпарат алуға құқылы.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдар) сотпен келiсе отырып, банкке қатысты мәлiметтер мен құжаттарды ұсынады.
3. Банктi ерiксiз тарату кезiнде оның тарату комиссиясы Ұлттық банкке жалпы тәртiппен банк қызметi туралы мәлiметтердi жiбередi.»;
65) 75-баптың:
2-тармағы алынып тасталсын;
3 және 4-тармақтар тиiсiнше 2 және 3-тармақтар болып саналсын;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбелерiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртібі, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актілерімен және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi»;
66) 76-баптың 2-тармағындағы «фирма» деген сөз «ұйым (аудитор)» деген сөздермен ауыстырылсын;
67) 78-баптың 2-тармағындағы «жарғылық қорларын» деген сөздер «жарғылық капиталын» деген сөздермен ауыстырылсын;
20. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы № 2475 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 115-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 15, 279-құжат; 1997 жылғы 3 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Шетелдiк инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):