ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; №7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 476-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алымды (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақтың жарамдылығын, тікұшақ айлағының жарамдылығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган алады.»;
2) 476-3-бапта:
5, 6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Әуеайлақ класы (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған | 1349 |
2. | А немесе Б немесе В сыныбы /І санат | 1604 |
3. | А немесе Б немесе В сыныбы /ІІ немесе ІІІ санат | 2078 |
6. Тікұшақ айлағының жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Тікұшақ айлағының типі | Тікұшақ айлағының сыныбы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жер беті деңгейінде орналасқан | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 364 |
2. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 419 |
3. | Жабдықталған I, II, III сынып | 510 |
4. | Жерден сәл биікте | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 328 |
5. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 382 |
6. | Жабдықталған I, II, III сынып | 437 |
7. | Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 255 |
8. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 309 |
9. | Жабдықталған I, II, III сынып | 328 |
»;
«9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 201 және одан көп адам | 12 600 |
2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
6. | 10 адамға дейін | 180 |
Ескертпе: сертификаттың қызмет саласы кеңейтілген кезде | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінің 10%-ы |
»;
10-тармақ алып тасталсын.
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; №7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; №7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу
565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы»;
570-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу»;
2 ) 441-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 564-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну -»;
3) 563-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;»;
4) 564-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы -»;
5) мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2-баптармен толықтырылсын:
«565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу
1. Авиациялық медициналық сарапшының ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін, азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды сақтамауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның өзіне белгілі және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруының болуы туралы ақпаратты медициналық куәландырудан өту кезінде жасыруы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты иесінің түзету іс-қимылдары жоспарын белгіленген мерзімдерде орындамауы не тиісінше орындамауы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер туралы хабарламаны ұсынбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 566-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында «ұшуда» деген автономды режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін, әуе кемесін жүргізу, биіктікке көтерілу, қонуға бет алу кезеңдерінде радиоэлектрондық құралдар мен тұрмыстық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 570-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу
1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау не тиісінше орындамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 691-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасы «жасалған» деген сөзден кейін «, бесінші бөлігінде көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 804-баптың бірінші бөлігінің 24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 563 (екінші бөлігі), 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);».
4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат):
24-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиация саласындағы көлік инфрақұрылымының объектілеріне келетін жолаушылар мен адамдарды жете тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
5. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
3-баптың 8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«саны жылына үш жүз мың адамнан аз жолаушыларға қызмет көрсететін әуежайлар бойынша;».
6. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2) 1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) авиациялық қауіпсіздік - азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау, оған шаралар кешенін іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізіледі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 10-1), 10-2), 10-3), 10-4) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу - заңсыз араласу актiлерiн жасау үшін қолданылуы мүмкін осал тұстарды анықтауды және түзету іс-қимылдарына қатысты ұсынымдар әзірлеуді қамтитын қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерді бағалау;»;
«10-1) авиациялық медициналық орталық - азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10-2) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты - авиациялық медициналық орталықтың сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
10-3) авиациялық медициналық сарапшы - медициналық куәландыруды жүргізу жолымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын, авиациялық медициналық сарапшының сертификаты бар жеке тұлға;
10-4) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты - авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізу және медициналық сертификат беру құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;»;
«16-1) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын және әуе көлігінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге және оның басқа да мәселелерін реттеуге бағытталған авиациялық қағидаларды қабылдайтын халықаралық ұйымдар;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық қағидалары - азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған талап;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) азаматтық-әскери үйлестіру жүйесі - авиацияның барлық түрінің әуе кеңістігін қауіпсіз және тиімді пайдалануына бағытталған іс-шаралар кешені;»;
28-1), 29), 29-1), 39), 44) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және байқау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық жағынан және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.
Бұл қызмет көрсету түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдерінде (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) ұсынылады;
29) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші - әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты - аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;»;
«39) әуежайдың бақыланатын аймағы - оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;»;
«44) әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы - азаматтық әуе кемесінің тип сертификатында немесе ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, әуе кемесінің рұқсат етілген ең жоғары ұшып көтерілу массасы;»;
«49) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы - әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру - барлық тараптармен ынтымақтастықта құралдарды ұсыну және үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы және жерүсті функцияларын пайдалана отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қоса алғанда, қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді әрі интеграциялы ұйымдастыру;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) әуе трассасы - дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);»;
мынадай мазмұндағы 53-2) және 54-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-2) борттағы өздігінен жазатын құрал - авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу үшін қосымша мәліметтер көзі ретінде әуе кемесінің бортында орналастырылатын кез келген өздігінен жазатын аспап;»;
«54-1) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші - әуежайды пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
55-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-1) инспекторлық нұсқама - анықталған бұзушылықтарды жою үшін жеке немесе заңды тұлғаларға мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторы берген жеке сипаттағы акт;»;
мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
«57-1) кіру шектелген күзетілетін аймақ - әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері;»;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;»;
мынадай мазмұндағы 63-1), 63-2), 65-1) және 66-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«63-1) медициналық қарап-тексеру - авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;
63-2) медициналық сертификат - медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;»;
«65-1) нұсқамалық материал - сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану, сондай-ақ сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерді әртүрлі санаттарға жатқызу мақсатында, процестер мен рәсімдердің сипаттамасын қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиациялық инспекторларына арналған құжат;»;