2) жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) субъектінің бет бейнесі;
4) субъект бетінің биометриялық векторы немесе оның бастапқы мәніне дейін қалпына келтірілуі мүмкін туындылары жатады.»;
төртінші бөлік «жою» деген сөзден кейін «, алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік «жоюға» деген сөзден кейін «, алып тастауға» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Субъектінің өзі немесе оның заңды өкілі меншік иесіне және (немесе) операторға, сондай-ақ үшінші тұлғаға осы баптың 3-тармағында көзделген келісімді бермей, дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратқан жағдайда, мұндай дербес деректерді кейіннен жинау, тарату немесе өзге де өңдеу заңдылығын растау міндеті оларды жинаған, таратқан немесе өзге де өңдеген әрбір тұлғаға жүктеледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағының талаптары орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпыға бірдей қолжетімді көздерде дербес деректер таратылған жағдайларда меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қолданылмайды.
Бұл ретте меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар ақпаратты жалпыға бірдей қолжетімді көздерде орналастыру кезінде оларды бүркемелеу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға жатпайтын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, субъектіге немесе оның заңды өкіліне осы тармақтың бірінші бөлігінің негізінде таратылған дербес деректерге қолжетімділік авторландыру және сәйкестендіру рәсімдерінен өткеннен кейін беріледі.»;
5-тармақта:
«3» деген цифрдан кейін «, 3-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«қайта» деген сөз «кейіннен» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтағы «дерекқорларды» деген сөз «базаларды және (немесе) цифрлық объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 4-тармағында:
1) тармақшадағы «оператордың» деген сөз «меншік иесінің және (немесе) оператордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «оператордың» деген сөз «меншік иесінің және (немесе) оператордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы» деген сөздер «деректерді меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату мүмкіндігі немесе оның болмауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «жою» деген сөзден кейін «, алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 8-2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «жою» деген сөзден кейін «, алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-5-тармақшамен толықтырылсын:
«9-5) көшіп келушілердің дербес деректері көшіп келушілердің эталондық дерекқорына, оның ішінде халықтың көші-қоны саласындағы цифрлық объектілерді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде берілген;»;
8) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Дербес деректерді өңдеуді бастау және өңдеуді тоқтату туралы хабарлама
1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді өңдеу басталғанға және өңдеу тоқтатылғанға дейін осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органды дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыру және деректерді өңдеуді тоқтату ниеті туралы хабардар етуге міндетті.
2. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді жинайтын және өңдейтін шағын және орта меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жатқызылған жағдайда хабардар етпей өңдеуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген хабарлама қағаз, цифрлық және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіштегі құжат түрінде жіберіледі, оған уәкілетті адам қол қояды. Хабарламада мынадай мәліметтер:
1) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
2) дербес деректерді қорғау бойынша қолданылатын шаралар;
3) дербес деректерді өңдеу басталған күн;
4) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы;
5) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болғаны не болмағаны туралы;
6) дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы туралы;
7) субъектіге байланысты жиналатын дербес деректердің тізбесі;
8) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің тұрған жері туралы мәліметтер;
9) меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылады.
4. Уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді өңдеу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ көрсетілген хабарламаны дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізіліміне жіберілген күн туралы мәліметтерді енгізеді.
5. Уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді өңдеу тоқтатылғаны туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізілімінен алып тастайды.»;
9) 12-баптың 2-тармағы «базада» деген сөзден кейін «және (немесе) цифрлық объектіде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 18-бапта:
тақырыптағы «жою» деген сөз «жою, алып тастау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жоюға» деген сөз «жоюға, алып тастауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дербес деректерді алып тастау туралы талап Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 41-бабының 4-тармағында айқындалған жағдайларда орындалмауға тиіс.»;
11) 19-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары және» деген сөздер алып тасталсын;
12) 22-баптың 2-тармағындағы «жойылған не иесіздендірілген» деген сөздер «жойылған, алып тасталған, анонимделген не иесі көрсетілмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау
1. Дербес деректерді қамтитын цифрлық объектілерді қорғау осы Заңға және Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дербес деректерді қорғау мақсатында цифрлық объектілерде бүркемелеу және хештеу әдістері қолданылады.
Бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Цифрлық объектілерді интеграциялау арқылы дербес деректерді беруге жол беріледі.
Дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
14) 3-тарау мынадай мазмұндағы 23-2-баппен толықтырылсын:
«23-2-бап. Дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімі
1. Дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімін жалпыға бірдей қолжетімді көздерден, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің жедел орталықтарынан, киберқауіпсіздіктің салалық орталықтарынан, Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығынан, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығынан және Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызметтен келіп түсетін ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді.
2. Уәкілетті орган дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімінде дербес деректерді өңдеуді субъектінің және оның заңды өкілінің келісімін алмай, үшінші тұлғалардың оларға санкцияланбаған қол жеткізу фактілері негізінде жүзеге асырады.»;
15) 24-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «бұғаттауды» деген сөзден кейін «және (немесе) анонимдеуді» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «жоюды» деген сөзден кейін «немесе алып тастауды» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақша «жою» деген сөзден кейін «және (немесе) алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
екінші абзац «жоюға» деген сөзден кейін «немесе алып тастауға» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац «жоюға» деген сөзден кейін «немесе алып тастауға» деген сөздермен толықтырылсын;
17) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Дербес деректерді өңдейтін меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың сыныптамасы
1. Дербес деректерді жинайтын және өңдейтін меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар өңделетін дербес деректердің көлеміне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді.
2. Өңделетін дербес деректердің көлемін айқындау кезінде дербес деректерін бір немесе бірнеше цифрлық объект шеңберінде меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға өңдейтін бірегей дербес деректер субъектілерінің жалпы саны ескеріледі.
3. Дербес деректерді өңдейтін меншік иелерін және (немесе) операторларды, сондай-ақ үшінші тұлғаларды шағынға, ортаға немесе іріге жатқызу өлшемшарттары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан қолданылады.
Он мыңнан аспайтын бірегей дербес деректер субъектілерінің дербес деректерін жинайтын және өңдейтін меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар - шағынға; он мыңнан бес жүз мыңға дейін бірегей субъектілердің дербес деректерін жинайтын және өңдейтін меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар - ортаға; бес жүз мың және одан көп бірегей субъектілердің дербес деректерін жинайтын және өңдейтін меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар іріге жатады.
Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді жинаған және өңдеген жағдайда меншік иесінің және (немесе) оператордың санаты бір деңгейге көтеріледі.
Санаттар бойынша дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды уәкілетті орган айқындайды.»;
18) 27-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «немесе жоюды» деген сөздер «, жоюды немесе алып тастауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 27-1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
«2-4) дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізілімін жүргізеді;»;
5) тармақшадағы «немесе жоюды» деген сөздер «, жоюды немесе алып тастауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімін жүргізеді;»;
6-2) тармақшадағы «цифрлық инфрақұрылымы» деген сөздер алып тасталсын;
20) 27-3-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «электрондық жеткізгіштердегі» деген сөздер «цифрлық жеткізгіштердегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге)» деген сөздер «цифрлық объектілерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйе», «сатып алудың ақпараттық жүйелерімен», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «сатып алудың цифрлық жүйелерімен», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «көлік және коммуникация саласындағы», «Көлік және коммуникация саласындағы» деген сөздер тиісінше «көлік саласындағы», «Көлік саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
6) тармақшадағы «, оның ішінде қозғалтқыш пайдаланыла отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
28) тармақша «құралы» деген сөзден кейін «(оның ішінде пилотсыз көлік құралы)» деген сөздермен толықтырылсын;
41) тармақша «Мопедтерге» деген сөзден кейін «қозғалтқышы бар велосипедтер,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
«43-1) оқу автоайлағы - көлік құралдарын басқарудың практикалық дағдыларын үйретуге арналған, жол жүрісі жағдайларын имитациялайтын элементтерді (жаттығуларды) қамтитын, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жол таңбасымен, жол белгілерімен және жол жүрісін ұйымдастырудың өзге де техникалық құралдарымен жарақтандырылған арнайы жабдықталып қоршалған аумақ;»;
44-1) тармақша «аумақ» деген сөзден кейін «(тұрғын үй кешендерінің ішкі өтпе жолы), ғимараттың немесе құрылысжайдың бір бөлігі (жерасты және көп деңгейлі тұрақтар)» деген сөздермен толықтырылсын;
53-1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шағын электр көлігі құралдарына гироскутерлер, сигвейлер, электрмотоскейтбордтар, монодөңгелектер және ұқсас сипаттамалары бар өзге де көлік құралдары жатады;»;
3) 10-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру, механикалық көлік құралын басқару құқығын тоқтату және қалпына келтіру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату қағидаларын әзірлеп, бекітеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оның ішінде Қазақстан Республикасының жол жүрісі және автомобиль көлігі туралы заңнамасының бұзылуын анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль жолдарында және мемлекеттік органдардың, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың көлік құралдарында орнатылатын техникалық құралдарды қолдана отырып, мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-3), 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын;
39-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«6-3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер мен оқу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
«22-1) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді;
22-2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізеді;»;
24-1) тармақша алып тасталсын;
39-тармағы 3) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 24-4) және 24-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-4) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына екінші санаттағы рұқсатты береді;
24-5) оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы үшін рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні, осы талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;»;
4) 23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
5) 26-баптың 2-тармағындағы «аумағында» деген сөзден кейін «, оның ішінде тұрақ кеңістігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 29-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық көрсетілімдері бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген не медициналық қорытындыда расталған, механикалық көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын автоматтандырылған дерекқорға енгізеді.
4. Медициналық көрсетілімдер бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген не механикалық көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды автоматтандырылған тіркеу мен есепке алу және уәкілетті органдар пайдаланушыларының автоматтандырылған дерекқорына қол жеткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
7) 42-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) пилотсыз көлік құралдары пайдаланылатын орындарды немесе жол учаскелерін (пилотсыз көлік құралдарын пайдалану аймақтары) айқындау.»;
8) 43-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын, сондай-ақ пилотсыз көлік құралдарын пайдалану аймағын:»;
1) тармақша «, пилотсыз көлік құралдарына арналған инфрақұрылым (асфальт жабыны, жол таңбалары мен белгілері, Интернет желісімен қамту және басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 54-баптың 4-тармағы 22) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;
10) 57-бапта:
1-тармақта:
«, шағын электр көлігі құралын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шағын электр көлігі құралдары жүргізушілерінің велосипед жолдарымен жүруге құқығы бар.»;
5-тармақтың үшінші абзацындағы «жиегімен;» деген сөз «жиегімен жүреді.» деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзацы алып тасталсын;
11) 61-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «көлік құралының тіркеу құжаттарында» деген сөздер «уәкілетті органның цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 66-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «қаулылар» деген сөзден кейін «және (немесе) айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 68-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы «жасауы;» деген сөз «жасауы негіз болады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
39-тармағы 14) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14) 70-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрмобильдерге арнаулы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі беріледі.»;
15) 73-бапта:
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік «Емтихандар» деген сөзден кейін «уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйесімен интеграцияланған,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Емтихан өткізуге арналған техникалық бақылау құралдарының құрамын, оларға және жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйеге қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды қолдану шарттарын уәкілетті орган белгілейді.»;
16) 74-бапта:
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы немесе сегізінші бөліктерінде не 613-бабының тоғызыншы немесе он бірінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар жеті жыл бойы көлік құралын басқару құқығын алуға жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының жетінші немесе сегізінші бөліктерінде (қайталап жасау) не 613-бабының оныншы немесе он бірінші бөліктерінде (қайталап жасау) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралын басқару құқығын алуға жіберілмейді.
Осы шектеу әкімшілік жауаптылыққа соңғы тартылған кезден бастап есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға жіберілмейді.
Осы шектеу қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы бекітілген кезден бастап есептеледі.»;
17) 75-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
2) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйеде осы Заңның 29-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында аталған, медициналық көрсетілімдер бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген не механикалық көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар туралы мәліметтердің болмауы;»;
3) тармақшадағы «емтиханды» деген сөз «теориялық емтиханды тапсырмау немесе тапсыруға келмеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату.
Уәкілетті орган қылмыстық істі тоқтату туралы заңды күшіне енген қаулы негізінде көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатады және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйеге мұндай құқықтың тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгізеді;»;
екінші бөліктегі «3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті органның (лауазымды адамның) қуынымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша» деген сөздер «2-1), 3), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған адам көлік құралын басқару құқығы жоқ адам деп танылады.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша - уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын цифрлық жүйеде көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытынды болған кезде;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен» деген сөздер «жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін теориялық емтихан тапсырғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қайта медициналық қарап-тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.» деген сөздер «көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын цифрлық жүйеде көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытынды болған кезде және жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін теориялық емтихан тапсырғаннан кейін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген негіз бойынша көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезден бастап сегіз жыл өткен соң, уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын цифрлық жүйеде көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытынды болған кезде және жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін теориялық емтихан тапсырғаннан кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.»;
39-тармағы 18) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын немесе оның филиалдарын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер құрады және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізілген күннен бастап қызметті жүзеге асырады.