13) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
1. Пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басқару, мониторингтеу және ақпарат алмасу жүйелеріне жедел қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіліп жүзеге асырылады.
2. Азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелердің пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын цифрлық объектілер сеніп тапсырылған цифрлық объектілер тізілімінде болуға тиіс және олар Қазақстан Республикасының цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес аса маңызды цифрлық объектілерге жатады.
3. Пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету цифрлық инфрақұрылымның киберқауіпсіздігі, орнықтылығы және үздіксіз жұмыс істеуі талаптары сақталып жүзеге асырылады.
4. Пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сай келмейтін цифрлық объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
5. Пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсетуге байланысты деректерді Қазақстан Республикасының аумағында сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
14) 34-баптың 2-тармағының бірінші абзацы «радиотехникалық қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 42-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «Әуе кемелері» деген сөздерден кейін «, оның ішінде пилотсыз авиациялық жүйелер» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші, үшінші және төртінші абзацтардағы «әуе кемелері» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ «әуе кемесі» деген сөздерден кейін «, оның ішінде пилотсыз авиациялық жүйенің бөлігі болып саналатын пилотсыз әуе кемесі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
«әуе кемесі» деген сөздерден кейін «, оның ішінде ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйесінің бөлігі болып саналатын, ұшырылуы қашықтан басқарылатын әуе кемесі» деген сөздермен толықтырылсын;
«азаматтық әуе кемесі» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімінде есепте тұрған, азаматтық пилотсыз авиациялық жүйенің бөлігі болатын пилотсыз әуе кемелері азаматтық әуе кемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте «пилотсыз авиациялық» деген сөздер «азаматтық пилотсыз авиациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Тәжірибелік-конструкторлық» деген сөз «Авиациялық техниканы әзірлеу мен дайындау мақсатында тәжірибелік-конструкторлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 43-бапта:
1-тармақ «әуе винтінің» деген сөздерден кейін «, ұшуды қашықтан басқару пунктінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «әуе винтінің» деген сөздерден кейін «, ұшуды қашықтан басқару пунктінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық әуе кемесін, ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйесін әзірлеуші ұйым тип сертификатының иесі болып саналады.
Азаматтық әуе кемесі, ұшуды қашықтан басқару пункті типінің конструкциясы үшін тип сертификатына иелік ететін ұйым жауапты болады.
Әуе кемесін, ұшуды қашықтан басқару пунктін, қозғалтқышты немесе әуе винтін түпкілікті құрастыру үшін дайындаушы ұйым жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Авиациялық техниканы әзірлеу мен дайындау жөніндегі ұйымдарды сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
4-тармақ «әуе винтінің» деген сөздерден кейін «, ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «әуе кемесін» деген сөздерден кейін «, ұшырылуы қашықтан басқарылатын авиация жүйесін» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ «кемелерін» деген сөзден кейін «және ұшуды қашықтан басқару пунктін» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 45-бапта:
5-тармақтағы «Эксперименттік» деген сөз «Авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес эксперименттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлік «кезден бастап» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ шетелдік азаматтар жеке мақсаттарда пайдалану үшін Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелетін азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелер» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«пилотсыз авиациялық жүйелердің» деген сөздер «азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік авиацияның есепке алынуға немесе тіркелуге тиіс пилотсыз авиациялық жүйелерінің санаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.»;
үшінші бөліктегі «Пилотсыз» деген сөз «Азаматтық пилотсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 63-баптың 2 және 3-тармақтары «ұшып көтерілу-қону жолағының» деген сөздерден кейін «(қонуға бет алудың және ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының)» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 66-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақша «жиырмадан асатын» деген сөздерден кейін «немесе ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын, коммерциялық әуе тасымалына жататын,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6-тармақ «қағидаларында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға қойылатын сертификаттау талаптарында» деген сөздермен толықтырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 76-2-баппен толықтырылсын:
«76-2-бап. Озық әуе мобильділігі
1. Осы бапта және озық әуе мобильділігі қағидаларында өзгеше көзделмесе, осы Заңның ережелері озық әуе мобильділігіне қолданылады.
2. Озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерін қолдана отырып, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялар «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» және «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда да құрылады.
3. Вертипорт озық әуе мобильділігінің инфрақұрылымдық негізін құрайды, ол әуеайлақ не озық әуе мобильділігіне жіберілген және әуе тасымалдарын орындайтын әуе кемелерінің келуі, жөнелтілуі және қозғалысы үшін толық немесе ішінара пайдаланылуы мүмкін ғимараттың немесе құрылысжайдың үстіндегі белгілі бір учаске болып саналады.
4. Вертипорттарға байланысты құқықтық қатынастарға осы Заңның озық әуе мобильділігі қағидаларында көзделген ерекшеліктер мен айрықша ерекшеліктер ескеріле отырып, әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және әуежайларды реттейтін ережелері қолданылады.
5. Озық әуе мобильділігіне мынадай қызмет түрлері жатады:
1) қалалық әуе мобильділігі;
2) өңірлік әуе мобильділігі.
Озық әуе мобильділігі шеңберіндегі қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысаралық) әуе тасымалдары өңірлік әуе мобильділігіне жатады.
6. Озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерінің ұшуы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін шектеледі.».
31. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
134-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) денсаулық сақтау; білім беру;».
32. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен бірлесіп, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезеңінде қажетті жол битумының көлемін айқындайды;
2) жол битумына қажеттілікті, оны өндіру, өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау көлемін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдайды;
3) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау үшін қажетті жол битумының көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекітеді;
4) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау үшін қажетті жол битумының көлемін бөледі;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
33. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктердің», «шетелдіктер», «шетелдіктерге», «шетелдіктерді», «шетелдік немесе», «шетелдік пен», «Шетелдік немесе», «шетелдікті», «Шетелдіктің», «(шетелдік», «шетелдіктерде», «Шетелдіктер», «Шетелдіктердің», «шетелдікке», «Шетелдікке» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтарының», «шетел азаматтары», «шетел азаматтарына», «шетел азаматтарын», «шетел азаматы немесе», «шетел азаматы мен», «Шетел азаматы немесе», «шетел азаматын», «Шетел азаматының», «(шетел азаматы», «шетел азаматтарында», «Шетел азаматтары», «Шетел азаматтарының», «шетел азаматына», «Шетел азаматына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
3) тармақшадағы «ақпараттық жүйедегі» деген сөздер «цифрлық объектідегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) көшіп келушінің цифрлық профилі - көшіп келушінің эталондық дерекқорын қалыптастыру және жаңартып отыру үшін цифрлық ресурстардан келіп түсетін мәліметтер негізінде қалыптастырылған, көшіп келуші туралы деректер жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3), 10-2), 10-3), 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-2) көшіп келушінің эталондық дерекқоры - Қазақстан Республикасының аумағында болатын (аумағында тұратын) көшіп келуші туралы мәліметтерді орталықтандырылған түрде жинауға, сақтауға, өңдеуге және жаңартып отыруға арналған цифрлық объект;
8-3) көшіп келушіні тіркеу - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көшіп келушінің уақытша болатын жері мен мерзімі туралы мәліметтерді цифрлық объектіде белгілеуі;»;
«10-2) Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат - уәкілетті мемлекеттік органдардың шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру құқығын беру туралы шешімін қамтитын электрондық құжат;
10-3) Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдеу кезінде жүзеге асыратын төлемақы;»;
«21-1) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға цифрлық форматта мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ өзге де сервистер көрсетуге арналған бағдарламалық қамтылым;
21-2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау - шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның жеке басын анықтау және растау процесі, ол Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен көшіп келушінің цифрлық профилін қалыптастыру және көшіп келушілердің эталондық дерекқорына мәліметтерді енгізу үшін дербес және биометрикалық деректерді жинау мен өңдеуді қамтиды;»;
3) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көшіп келушінің эталондық дерекқорында көшіп келушінің цифрлық профилін қалыптастыру және жаңартып отыру үшін жеке басты сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау процесінен өтеді.»;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша береді.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
33-тармағының 5) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
5) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:
«6-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат
1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерде және тәртіппен ақы алынады.
2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа операторына жіберіледі.
3. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторы болуы мүмкін.
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету:
1) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны құру мен дамытуды;
2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оны сүйемелдеуді;
3) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформада деректердің сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды.
5. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа операторына Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түсетін қаражат тең үлестермен (елу пайыздан):
1) адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйені және оның құрамдастарын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны техникалық сүйемелдеуге, дамытуға, жаңғыртуға; адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйенің және оның құрамдастарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, перифериялық жабдығын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны жаңғыртуға және дамытуға;
2) ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес туризмді дамытуға бөлінеді.
6. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түскен қаражаттың түсу, оны бөлу, мониторингтеу, ол бойынша есеп беру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
33-тармағының 6) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) мынадай мазмұндағы 6-3-баппен толықтырылсын:
«6-3-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат
1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде және тәртіппен төлемақы алынады.
2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы республикалық бюджеттің арнаулы түсімдеріне жатады және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.
3. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түсетін қаражат тең үлестермен (елу пайыздан):
1) адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйені және оның құрамдастарын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны техникалық сүйемелдеуге, дамытуға, жаңғыртуға; адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйенің және оның құрамдастарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, перифериялық жабдығын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны жаңғыртуға және дамытуға;
2) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес туризмді дамытуға бағытталады.
4. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түскен қаражаттың түсу, оны бөлу, мониторингтеу, ол бойынша есеп беру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
7) 9-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 4-2) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) халықтың көші-қоны саласындағы цифрлық объектілердің жұмыс істеу, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын бекітеді;»;
«4-2) Қазақстан Республикасына келуді жоспарлап отырған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге электрондық рұқсат береді, оның күшін жояды не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»;
«7-2) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласында ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
8) 11-бапта:
5-1) тармақшадағы «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйелерімен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесін», «цифрлық объектілерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «ақпараттық жүйелерімен» деген сөздер «цифрлық объектілерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 37-1-баптың 5-тармағындағы «ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 48-бап мынадай мазмұндағы 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-2) егер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды шақыру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде қабылдаушы (шақырушы) тұлға жалған мәлімет берсе немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбаса;
10-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған елдерден келетін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсаты болмаса;»;
11) 58-2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйені», «ақпараттық жүйелермен», «ақпараттық жүйелер» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйені», «цифрлық жүйелермен», «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйелерінің», «ақпараттық жүйелерінен», «ақпараттық жүйелер», «электрондық үкімет» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерінің», «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық жүйелер», «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағындағы «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 13-2) тармақшасы «алушыны» деген сөзден кейін «цифрлық» деген сөзбен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 18-3-баппен толықтырылсын:
«18-3-бап. Көшіп келушілерге мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде көшіп келушілердің эталондық дерекқорының мәліметтері негізінде олардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында болуының (тұруының) сәйкестігіне мәліметтерді тексеру жүзеге асырылады.».
37. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-4) және 2-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-4) дербес деректерді алып тастау - цифрлық объектіден дербес деректерді алып тастауға бағытталған әрекеттер, бұл әрекеттерді жасау нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайды;
2-5) дербес деректерді анонимдеу - дербес деректерді сәйкестендіргіштерді қалпына келмейтіндей түрлендіруге бағытталған әрекеттер, бұл әрекеттерді жасау нәтижесінде дербес деректердің қай дербес деректер субъектісіне тиесілігін айқындау мүмкін болмайды;»;
3) тармақшадағы «және жоюды» деген сөздер «, жоюды және алып тастауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) дербес деректерді бүркемелеу - нақты дербес деректердің бір бөлігін жалған және (немесе) иесі көрсетілмеген деректермен ауыстыру арқылы ақпаратты қорғау процесі;
3-2) дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату - жасалуы нәтижесінде адамдардың шектелмеген тобына дербес деректерге қолжетімділік берілетін әрекеттер;»;
4) тармақша «базаға» деген сөзден кейін «және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіге» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар тізілімі - дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тізбесі;»;
8) тармақша «ретке келтірілген» деген сөздерден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің меншік иесі (бұдан әрі - меншік иесі) - қағаз жеткізгіштегі базаны және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіні Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
10) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің операторы (бұдан әрі - оператор) - дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) дербес деректерді қамтитын цифрлық объект - ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығын қамтитын цифрлық объект;»;
12) тармақшадағы «бұғаттауға және жоюға» деген сөздер «анонимдеуге, бұғаттауға, жоюға және алып тастауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) дербес деректерді сәйкестендіргіш - дербес деректер субъектісін сәйкестендіруге немесе ол туралы жекелеген деректер жинағын осы субъектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жиынтығына байланыстыруға мүмкіндік беретін ақпарат;»;
15) тармақшадағы «қандай да бір өзгеше» деген сөздер «белгілі бір адамға немесе белгілі бір адамдар тобына алдын ала белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;».
15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімі - қауіпсіздігі бұзылған дербес деректер тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 15-2) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-2) дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы - берілетін, сақталатын немесе өзге де түрде өңделетін дербес деректердің заңсыз таралуына, өзгертілуіне, жойылуына және алып тасталуына, санкцияланбаған таралуына немесе оларға санкцияланбаған қол жеткізуге алып келген дербес деректер қорғалуының бұзылуы;»;
«18) цифрлық деректерді хештеу - кез келген көлемдегі цифрлық деректерді қорғау мақсатында оларды тіркеп-белгіленген ұзындық жолағына түрлендіру процесі.»;
2) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Дербес деректерді сәйкестендіргіштер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерге және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қатысты субъектіні сәйкестендіру үшін қолданылады.
Дербес деректерді сәйкестендіргіштерге:
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) жиынтығында;