4) 29-бап 14) тармақшасындағы «талаптар айқындалады.» деген сөздер «талаптар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пилотсыз автокөлік құралдарын пайдалану тәртібі айқындалады.»;
5) 41-бап 15) тармақшасындағы «талаптарды айқындайды.» деген сөздер «талаптарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пилотсыз автокөлік құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.».
24. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 45) тармақшасындағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына», сөздер тиісінше «цифрлық үкіметтің» операторының», «цифрлық үкіметтің» операторына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - байланыс желілерінде қалыптастырылатын, өңделетін немесе сақталатын және осы Заңда көзделген мақсаттарға арналған, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер;»;
40-1) тармақшадағы «акционерлік қоғам» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«41-1) онлайн-платформа контентінің кэштейтін сервері - байланыс операторының телекоммуникация желілеріне қосылған сервер, онда онлайн-платформа контенті байланыс операторы абоненттерінің оған жылдам қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сақталады;»;
3) 9-2-бапта:
тақырыптағы «Киберқауіпсіздікті» деген сөз «Байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«киберқауіпсіздікті» деген сөз «байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қолдап отыруды жүзеге асырады.» деген сөздер «сүйемелдеуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) байланыс операторларының байланыс желілерін Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосу үшін порт сыйымдылығын жалға беруді жүзеге асырады.»;
4) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Байланыс желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпарат
1. Қызметтік ақпаратқа мыналар жатады:
абоненттік нөмірлер туралы мәліметтер;
абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтер;
абоненттің жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
биллингтік мәліметтер;
абоненттік құрылғының байланыс желісіндегі орналасқан жері туралы мәліметтер;
деректерді беру желісіндегі мекенжайлар;
қаралған интернет-ресурстардың мекенжайлары;
интернет-ресурстардың сәйкестендіргіштері;
деректерді беру желісінің хаттамалары;
байланыс қызметтерін көрсетуге және деректерді беруге байланысты өзге де техникалық мәліметтер.
2. Қызметтік ақпарат:
1) қарсы барлау қызметінің міндеттерін шешу және байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін;
2) байланыс желілерінде құқық бұзушылық белгілерін техникалық анықтау мақсатында пайдаланылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін пилоттық жобаны іске асыру мақсатында ғана қолданылады.
Пилоттық жобаны іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.»;
5) 25-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуын ескере отырып, өздерінің телекоммуникация желілеріне онлайн-платформалар контентінің кэштейтін серверлерін қосады.»;
6) 26-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Ұялы байланыс операторлары өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс желілері мен арналарын беруге және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен өздерінің ұялы байланыс желілерінің Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
7) 39-2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға байланыс қызметтерін көрсету байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
26. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық қауіпсіздіктің», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйесінің», «энергетикасын ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйесімен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «киберқауіпсіздікті», «киберқауіпсіздіктің», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйесінің», «энергетикасының цифрлық объектілеріне», «цифрлық инфрақұрылым», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйесімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерінен», «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйеге», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйеге», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 4-тармағындағы «электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 12-1-баптың 4-тармағындағы «ақпараттық жүйелерімен» деген сөздер «цифрлық жүйелерімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «шетелдіктің», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматының», «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірі - уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық объектісінде шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам үшін электрондық резидент белгісімен қалыптастырылатын бірегей нөмір;»;
«11) электрондық резидент (бұдан әрі - е-резидент) - Қазақстан Республикасының аумағына келмей, цифрлық объектіні пайдалану арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін алған шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның мәртебесі;
12) электрондық резиденттіктің е-резидент бағдарламасы - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға электрондық резиденттің ерекше мәртебесін беру арқылы оларды тартуға бағытталған, Қазақстан Республикасының аумағына келмей, қашықтан қаржылық, банктік, коммуникациялық және ілеспе қызметтерді алуға мүмкіндік беретін бағдарлама.»;
3-тармақ 2) тармақшасындағы «үшін ресми қысқарту болып танылады.» деген сөздер «үшін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) е-резиденттің ЖСН-і - е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірі үшін ресми қысқарту болып танылады.»;
3) 3-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру кезінде көшіп келушілердің эталондық дерекқоры пайдаланылып, оның сәйкестендіру деректері тексеріледі, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың цифрлық профилін қалыптастыру үшін көшіп келушілердің эталондық дерекқорына мәліметтер беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірі осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 13) және 15) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде қолданылады.»;
4) 9-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) е-резиденттер үшін тіркеу куәлігі;»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар е-резидент мәртебесін алған жағдайда, олардың жеке басын сәйкестендіру биометриялық сәйкестендіруі бар цифрлық объектілерді пайдалану арқылы жүргізіледі.
Осы Заңға сәйкес е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүзеге асырылады.».
30. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) авиациялық техниканы әзірлеушінің және дайындаушының сертификаты - авиациялық техниканы әзірлеуші мен дайындаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген белгіленген үлгідегі құжат;»;
54) тармақша «басқару органы» деген сөздерден кейін «не пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 60-2), 60-3), 60-4 және 65-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«60-2) қалалық әуе мобильділігі - қалалардың және (немесе) оларға тікелей жақын аумақтардың үстіндегі бөлінген әуе кеңістігінде озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерімен әуе арқылы тасымалдау қызметін жүзеге асыруға байланысты озық әуе мобильділігінің бір түрі;
60-3) қалалық әуе мобильділігін пайдаланушының сертификаты - пайдаланушының қалалық әуе мобильділігін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларына және оларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген белгіленген үлгідегі құжат;
60-4) қалалық әуе мобильділігінің әуе кеңістігі аймағы - озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерімен әуе арқылы тасымалдау қызметі жүзеге асырылатын, қалалардың және (немесе) оларға тікелей жақын аумақтардың үстіндегі белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;»;
«65-2) озық әуе мобильділігі - озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерімен әуе арқылы тасымалдау бойынша әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалануға бағытталған қызмет;»;
66-2), 66-3), 66-4), 66-5) және 66-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«66-2) пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты - аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
66-3) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстінде белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігінің бір бөлігі, оның шегінде пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
66-4) пилотсыз әуе кемесі - дербес жұмыс істеуге және (немесе) бортында пилотсыз қашықтан басқаруға пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;
66-5) пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету - пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органы пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағында ұсынатын, пилотсыз авиациялық жүйелерді желілік сәйкестендіруді, әуе кеңістігінің шектеулері туралы және әуе қозғалысы, географиялық аймақтар мен операциялық жағдайлар туралы ақпаратты, пилотсыз авиациялық жүйелердің әуе кеңістігін пайдалануын келісуді қамтитын қызмет көрсету;
66-6) пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органы - пилотсыз әуе кемелерінің ұшуы үшін әуе кеңістігі аймағында қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің органы;»;
мынадай мазмұндағы 66-7), 66-8), 66-9), 79-1) және 79-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«66-7) рейс мәртебесінің өзгеруі - маршруттың жоспарланған бағыттан өзгеруі, рейстің кідіруі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (ұшып келу) уақытына немесе маршрутқа әсер ететін өзге де өзгеріс;
66-8) сараптамалық медициналық қорытынды - авиациялық медициналық инспектор даулы жағдайлар бойынша, қажет болған кезде авиация саласындағы басқа да мамандарды тарта отырып берген құжат;
66-9) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) - пайдаланушысына әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);»;
«79-1) ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушының сертификаты - ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларына және оларға қойылатын сертификаттау талаптарына пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
79-2) ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыға берген белгіленген үлгідегі құжат, ол ұшырылуы қашықтан басқарылатын авиациялық жүйенің тұтастай жүйе ретінде өзінің тип конструкциясына сәйкес келетініне және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін күйде екеніне кепілдік беру мақсатында ұшуды орындауға жарамдылық мәртебесін растайтын ақпаратты қамтиды;»;
2) 6-бапта:
3-тармақта:
3) тармақша «іс-шараларын» деген сөзден кейін «, көрсету және оқу-жаттығу мақсатындағы ұшуды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қазіргі заманғы жоғары деңгейде автоматтандырылған, пилот басқаратын және пилотсыз әуе кемелерін пайдаланатын, озық әуе мобильділігі шеңберінде ұшуды орындайтын, жаңа инфрақұрылымды және әуе қозғалысына қызмет көрсету тәсілдерін талап ететін азаматтық авиация озық әуе мобильділігі авиациясы деп танылады.»;
4-тармақ «саласында» деген сөзден кейін «авиациялық техниканы әзірлеу және дайындау мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-2-бап 18) тармақшасындағы «қамтамасыз ету жатады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) авиациялық техниканы әзірлеу және дайындау жатады.»;
4) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) озық әуе мобильділігі қағидаларын бекітеді;»;
«5-3) пилотсыз әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
41-38) тармақша «қағидаларын,» деген сөзден кейін «және әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға қойылатын сертификаттау талаптарын» деген сөздермен толықтырылсын;
41-72) тармақша «әуе кеңістігінде» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-81), 41-82 және 41-83) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-81) авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларын бекітеді;
41-82) ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларын және оларға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
41-83) қалалық әуе мобильділігін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларын және оларға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;»;
5) 16-9-баптың 2-тармағында:
6) тармақша «авиациясының» деген сөзден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, азаматтық пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікті береді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзартуды, оларға өзгерістер енгізуді, көрсетілген куәліктердің қолданылуын тоқтата тұруды немесе оларды кері қайтарып алуды жүзеге асырады;
6-2) әуе кемесін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлікті, сондай-ақ пилотсыз авиациялық жүйені Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімінен шығару туралы куәлікті береді;»;
9) тармақшада:
«пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушы сертификатын,» деген сөздер «ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушы сертификатын, қалалық әуе мобильділігін пайдаланушы сертификатын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«авиациялық оқу орталығының сертификатын,» деген сөздерден кейін «авиациялық техниканы әзірлеу және дайындау жөніндегі ұйымның сертификатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығы сертификатын,» деген сөздер «ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификатын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «пилотсыз» деген сөз «азаматтық пилотсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақша «әуе кемелерін пайдаланушылардың,» деген сөздерден кейін «ұшырылуы қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелерді пайдаланушылардың, қалалық әуе мобильділігін пайдаланушылардың, авиациялық техниканы әзірлеу және дайындау жөніндегі ұйымдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
30-1) және 30-2) тармақшалардағы «пилотсыз» деген сөз «азаматтық пилотсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-бапта:
2-тармақ 3) тармақшасындағы «бойынша жүзеге асырады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағындағы пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары (болған жағдайда) немесе әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады.»;
3-тармақтағы «және әуе қозғалысын басқару органдары» деген сөздер «, әуе қозғалысын басқару органдары және пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймақтарында пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.
Шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне жол берілмейді.»;
7) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар» деген сөздерден кейін «, қалалық әуе мобильділігінің әуе кеңістігі аймақтары» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 20-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасындағы «жеңіл және» деген сөздер «қалалық әуе мобильділігінің әуе кеңістігі аймағында және (немесе) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағында ұшуды орындайтын азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді қоспағанда, жеңіл және» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері:
1) пилотсыз авиациялық жүйені желілік сәйкестендіру, ол ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бақылау үшін бүкіл ұшу барысында пилотсыз авиациялық жүйелерді қашықтан сәйкестендіру ақпаратын үздіксіз өңдеуді қамтамасыз ету және авторланған пайдаланушыларға пилотсыз әуе кемелерін қашықтан сәйкестендіру деректерін қорытылған түрде беру деп түсініледі;
2) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуы үшін әуе кеңістігі аймақтарында:
әуе кеңістігінің осы аймақтар шегіндегі тұрақты шектеулері;
пилотсыз авиациялық жүйелер қолданылып орындалатын ұшуға арналған операциялық жағдайлар;
осы аймақтардың әуе кеңістігін пайдалануға қолданылатын уақытша шектеулер туралы ақпаратты беру.
Осы тармақшада көрсетілген ақпарат күтпеген және авариялық жағдайларға ден қою үшін ақпараттың жаңартылған уақыты нұсқасының нөмірімен және (немесе) нақты уақытымен бірге көрсетіле отырып, пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймақтарының әуе кеңістігін пайдаланушыларға уақтылы жөнелтілуге тиіс;
3) әрбір ұшуға рұқсат алу және қозғалыстың стратегиялық деңгейіндегі оқыс оқиғаларды болғызбау мақсатында пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағында әуе кеңістігін пайдалануды келісу рәсімін қамтамасыз ету;
4) маршруты пилотсыз әуе кемесінің ағымдағы ұшып бара жатқан жеріне немесе ұшу маршрутына тікелей жақын маңнан өтетін әуе кемелерінің әуе қозғалысы туралы ақпаратты беру.
Ақпарат барлық сәйкестендірілетін, пилот басқаратын және (немесе) пилотсыз әуе кемелерін қамтиды және әуе кеңістігін пайдаланушыға, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсететін немесе әуе қозғалысын басқаратын сабақтас органға беріледі және әуе кемесінің белгілі болса, ұшып бара жатқан жері, хабардың келіп түскен уақыты, сондай-ақ жылдамдығы, бағыты және авариялық мәртебесі туралы деректерді қамтиды.
Пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органынан қозғалыс туралы ақпаратты алғаннан кейін пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушылар кез келген соқтығысу қаупін болғызбау үшін тиісті әрекеттер қабылдауға міндетті.»;
10) 23-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелері қолданылатын ұшулар Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады. Ұшырылуы қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелерді қоспағанда, пилотсыз авиациялық жүйелер қолданылатын ұшулар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес орындалады.»;
11) 27-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі:
«уәкілетті органдар,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
«басқару органдары» деген сөздерден кейін «, пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 33-бапта:
тақырыптағы «Пилотсыз» деген сөз «Азаматтық пилотсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Пилотсыз әуе кемесі» деген сөздер «Азаматтық пилотсыз авиациялық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пилотсыз авиациялық жүйелерді» деген сөздер «азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пилотсыз әуе кемесінің» деген сөздер «пилотсыз авиациялық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «әуе кеңістігінде» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақ:
«жұмыс істемейтін» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
«әуе кеңістігінде» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақ «бұзғаны үшін» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сериялы өндіріп шығаруға арналған, моделі және (немесе) конструкциясы бойынша бұрын сәйкестік сертификаты берілмеген пилотсыз авиациялық жүйенің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік сертификаты болуға тиіс.»;
8-тармақта:
«Пилотсыз» деген сөз «Азаматтық пилотсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әуе кеңістігінде» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақ:
«конструкциясы жоқ» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
«әуе кеңістігінде» деген сөздерден кейін «азаматтық» деген сөзбен толықтырылсын;
«қағидаларына» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына» деген сөздермен толықтырылсын;