Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының филиалы нақты тұрған жерін көрсете отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін осы Заңның талаптарына сәйкес болуға міндетті.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық түрде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) оқу үй-жайларын, оқу автоайлағын және басқару органдары сол жақта орналасқан оқу көлік құралдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының жылжымайтын және жылжымалы мүлкіне меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдері (тізімде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
4) оқытылатын тақырыптар, сабақ кестесі және жоспарланатын оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламалары.
3. Екінші санаттағы рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган берілген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберіледі немесе уәжді бас тарту беріледі.
4. Өтініш берушінің алдағы қызметті жүзеге асыратын жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің оның осы Заңның талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы және уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуге негіз болады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын және олардың филиалдарын, оқу көлік құралдарын, өзге де жабдықтар мен техникалық құралдарды, оқытушыларды, өндірістік оқыту шеберлерін және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерін есепке алу және оқу топтарын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы» немесе «өндірістік оқыту шебері» не «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктері болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тасталған, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын бұрын басқарған басшының ұйым алып тасталған күннен бастап бір жыл бойы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі басқа оқу ұйымының қатысушысы болуға құқылы емес.
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда және елді мекендердің көшелерінде көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Басқару органдары оң жақта орналасқан көлік құралымен практикалық жүргізуге оқытуға тыйым салынады.»;
39-тармағы 19) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19) мынадай мазмұндағы 78-1-баппен толықтырылсын:
«78-1-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту немесе одан алып тастау негіздері
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға:
1) осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анық және (немесе) толық болмауы;
3) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастау негіз болады.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастауға:
1) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен ерікті түрде алып тастау туралы өтініші;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметін тоқтату, оны тарату немесе қайта ұйымдастыру;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу кезінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы туралы көрінеу анық емес ақпарат беру негіз болады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабарлама уәкілетті орган тиісті шешім (бұйрық) қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына жіберіледі.»;
39-тармағы 20) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
20) 85-бапта:
3-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейін «және олардың филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары мен олардың филиалдары бақылау органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.»;
39-тармағы 21) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
21) 87-бапта:
тақырып «ұйымдарының» деген сөзден кейін «және олардың филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы «және олардың филиалдарының» деген сөздермен, 2-тармақтың бірінші абзацы «және олардың филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын.
40. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
40-тармағы 1) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 2-қосымшаның 1-сыныбы - «қызметке берілетін рұқсаттар» мынадай мазмұндағы 87-20-жолмен толықтырылсын:
«
| 87-20. | Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу | Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу туралы шешімі (бұйрығы) | |
»;
2) 3-қосымшада:
40-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
43-1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 67-тармақпен толықтырылсын:
«67. Дербес деректерді өңдеу туралы хабарлама.».
41. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
52-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйені» деген сөздер «цифрлық жүйені» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
4) тармақшадағы «ашық үкіметтің құрауышы» деген сөздер «мемлекеттік цифрлық ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және еркін пайдалануға, өңдеуге, қайта жариялауға және таратуға арналған, ашық қол жеткізуде орналастырылған цифрлық деректер;
6) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректерді орталықтандырылған орналастыру, сипаттау, сақтау, іздеу, қол жеткізу және қайта пайдалану, сондай-ақ осындай деректерге машиналық қол жеткізу үшін бағдарламалық интерфейстерді беруге арналған мемлекеттік цифрлық ресурс;»;
6-1) және 7) тармақшалардағы «ашық үкіметтің құрауышы» деген сөздер «мемлекеттік цифрлық ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1) және 11) тармақшалардағы «ашық үкіметтің құрауышы» деген сөздер «мемлекеттік цифрлық ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
43-тармағы 1) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-2) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-2) қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы - қайырымдылық ұйымдары, олардың қызметі, іске асырылатын бағдарламалар мен жобалар, келіп түскен және пайдаланылған қаражат көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де ақпаратты қамтитын цифрлық дерекқоры;»;
«11-2) мемлекеттік қайырымдылық платформасы - пайдаланушыға қайырымдылық көмек алуға жәрдем көрсетуге арналған цифрлық платформа;»;
18) тармақша алып тасталсын;
2) 4-1-бап алып тасталсын;
3) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
4-3) қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын жүргізеді;
4-4) мемлекеттік қайырымдылық платформасы арқылы қайырымдылық көмек көрсету тәртібін айқындайды;»;
4) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:
«7-2-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты Еңбек ресурстарын дамыту орталығының құзыреті
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) мемлекеттік қайырымдылық платформасының деректерін әзірлейді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, талдайды және өңдейді, өзге де цифрлық объектілермен интеграциялайды, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды басқарады;
2) әлеуметтік-еңбек саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік қайырымдылық платформасын пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді.»;
43-тармағы 5) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 8-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) өз қызметінің ашықтығын, оның ішінде 31 наурызға дейін қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсында қызмет, іске асырылатын бағдарламалар мен жобалар, келіп түскен және пайдаланылған қаражат көлемі туралы анық және толық есептерді, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де ақпаратты жыл сайын жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
Есепте қайырымдылық алым нәтижесінде алынған ерікті қайырмалдықтар, нысаналы сипаты бар алынған қаражат, іске асырылатын қайырымдылық бағдарламаларының қол жеткізілген нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, кіріс көздері туралы ақпарат, сондай-ақ шығыстар, оның ішінде әкімшілік қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс;»;
6) 16-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жұмыс жоспарын, алдағы жылға арналған бюджетті және өткен жылдың есебін, сондай-ақ әкімшілік шығыстардың лимиті мен тізбесін бекіту;»;
7) 18-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қайырымдылық жасаушы өзгеше белгілемеген немесе қайырымдылық бағдарламасында өзгеше белгіленбеген жағдайда, қайырымдылық ұйымы қайырмалдықтар түрінде жиналған ақша қаражатының кемінде сексен пайызын оларды алған күннен бастап бір жыл ішінде қайырымдылық мақсаттарына пайдалануға тиіс, бұл ретте, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақша қаражаты цифрлық платформалар мен төлем сервистері арқылы тартылған кезде қайырымдылық ұйымының банктік шотына тиісті қаражат есепке жатқызылған күн қайырмалдық алған күн деп танылады.».
44. «Киберқауіпсіздік туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
4) тармақшадағы «бастапқы кодтарды және олардан құрамдалған цифрлық объектілердің орындалатын кодтарын» деген сөздер «цифрлық объектілердің бастапқы кодтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақшадағы «, цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін оқиғаларды немесе бұзушылықтарды анықтауды, талдауды және оларға қарсы іс-қимыл жасау үшін шаралар қабылдауды қамтитын процесс» деген сөздер алып тасталсын;
27) тармақшадағы «мемлекеттік заңды» деген сөздер «заңды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) хостинг-провайдер - деректерді беру желісіндегі өз мекенжайларын пайдалана отырып, өзінің цифрлық инфрақұрылымында орналастырылған үшінші тұлғалардың интернет-ресурстарына орналастыру, сақтау және (немесе) оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторын айқындайды;»;
3) 7-1-бапта:
4) тармақша «өлшемшарттарын» деген сөзден кейін «, аса маңызды цифрлық объектілерді санаттарға бөлу әдістемесін» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың», «мониторинг жүргізу» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкіметтің», «мониторингті жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «цифрландыру» деген сөз «аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, цифрландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы» деген сөздер «аса маңызды цифрлық объектілерге жататын объектілерді қоспағанда, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «тіркеушісін» деген сөз «тіркеу орнын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) цифрлық оқиғаларды журналға енгізу қағидаларын бекітеді;
27-2) цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;»;
4) 7-2-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өзінің қызметшілері үшін киберқауіпсіздік және кибермәдениет бойынша жыл сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құзыреті шегінде аса маңызды цифрлық объектілерді реттеу мәселелерін айқындайды, сондай-ақ оларды санаттарға бөлуді жүргізеді;»;
5) 7-3-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті атқарушы органдар:»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «тиісті» деген сөз «аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-4-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«немесе болғызбау» деген сөздер «және (немесе) болғызбау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қалыптастырады» деген сөз «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері үшін киберқауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын іске асырады;»;
6) тармақшадағы «бекітетін» деген сөз «бекіткен» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 7-5-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «киберқауіпсіздіктің» деген сөз алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 13-5-баппен толықтырылсын:
«13-5-бап. Хостинг-провайдер
1. Хостинг-провайдер Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
Хостинг-провайдер Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығынан өзінің цифрлық инфрақұрылымында орналастырылған интернет-ресурстағы киберқауіпсіздіктің анықталған оқыс оқиғасы және (немесе) осалдық туралы хабарлама алған кезде бұл туралы ақпаратты осы интернет-ресурстың меншік иесіне немесе иеленушісіне дереу жіберуге міндетті.
2. Хостинг-провайдер Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын сақтауды ескере отырып, өзінің цифрлық инфрақұрылымында орналастырылған үшінші тұлғалардың интернет-ресурстарына Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілері арқылы қолжетімділік береді.
3. Хостинг-провайдерлер өздерінің цифрлық инфрақұрылымын киберқауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді.»;
9) 14-бапта:
1-тармақта:
10) тармақша «саласында» деген сөзден кейін «киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінде және аса маңызды цифрлық объектілерде пайдаланылатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін техникалық куәландыруды жүргізеді;
13) цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасын пайдалану қызметін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған, мемлекеттің меншігі болып саналатын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының басқаруындағы цифрлық объектілерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік техникалық қызметке өтеусіз пайдалануға беруге құқылы.»;
10) 18-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда» деген сөздер «киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«киберқауіпсіздіктің цифрлық оқиғаларын» деген сөздер «цифрлық оқиғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орталығының» деген сөзден кейін «және цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасының» деген сөздермен толықтырылсын;
«азаматтық заңнамасына» деген сөздер «Азаматтық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жыл сайын өзінің барлық жұмыскері үшін киберқауіпсіздік және кибермәдениет бойынша оқытуды жүргізуге міндетті.»;
11) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Байланыс операторларының уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қосылу үшін өздерінің техникалық құралдарын (аппараттық-бағдарламалық кешендерін) пайдалануға құқығы бар.
Мұндай техникалық құралдарды басқару мемлекеттік техникалық қызметке беріледі.»;
4-тармақ «хабарларды» деген сөзден кейін «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 30-1-бапта:
1-тармақтағы «қоғамдық құқық тәртібін» деген сөздер «қоғамдық тәртіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) объектінің меншік нысанына қарамастан, қоғамдық орындарда, азаматтар көп болатын орындарда және халықтың еркін баруына қолжетімді объектілерде орнатылған бейнебақылау жүйелері.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің қатысушылары - оның үйлестірушісі, операторы, әкімшісі, пайдаланушылары мен абоненттері.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «мен ішкі істер органдары» деген сөздер «, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып саналады.
7. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы Ұлттық бейнемониторинг жүйесін жасайды әрі дамытады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалану қызметін ұсынады.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, құқық қорғау органдарына және Төтенше жағдайлар министрлігіне өтеусіз негізде беріледі.
8. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің бағдарламалық қамтылымына, байланыс арналары мен техникалық құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету мен сүйемелдеу;
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінде деректердің сақталуын қамтамасыз ету;
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің тоқтаусыз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін кезекші қызметтің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.»;
13) 38-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісінің Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу жүйесімен және цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасымен цифрлық өзара іс-қимыл жасауын;»;
5) тармақшадағы «цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда» деген сөздер «киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалары алынған;»;
14) 54-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы және 5-тармағының 2) тармақшасы «тұлғалардан» деген сөзден кейін «киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде белгіленген көлемде (жиынтықта)» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 60-2-бапта:
1-тармақ «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 60-3-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «орган» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органы мен ұлттық қауіпсіздік органдарының бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жоспарына» деген сөз «жоспарларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«орган» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші бөлік «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта: