Сот приставтары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 150-I Заңы
(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы
1. Сот приставы - мемлекеттік қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сот приставына нысанды киім (погонсыз), сәйкестендіру картасы және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтеді.
Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi
Сот приставтарының мiндеттерi:
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;
3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету болып табылады.
5) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары
Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап жаңа редакцияда; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Сот приставтарының қызметін ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібi
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сот приставтарының бөлімшелерін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) (Соттардың әкімшісі) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) құрады.
2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсіби даярлығын арттырумен айналысады;
3) сот приставтары қызметінің тәжірибесін жинақтап қорытады, соның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
4) сот приставтары қызметінің есебін жүргізумен айналысады;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
6) сот приставтарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын уәкілетті органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Сот приставтары бөлімшелерінің штат санын уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін штат саны шегінде бекітеді.
5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы
1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерi заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi.
3. Сот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөніндегі тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) білімi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.
Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;
1-1) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша өзгертілді
2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.
2. Сот приставы:
1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге де тұлғаларды күзетуді жүзеге асыруға;
3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге;
4) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді
5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртібін сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға;
9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртібі
1. Сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн.
2. Сот приставтарының атыс қаруын:
1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) сот приставының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде оның өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оған жасалған шабуылға тойтарыс беру;
3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю;
4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар.
3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ электрлік қаруды, тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды:
1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) сот приставының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оған күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю;
3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау;
4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн.
4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдері қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға міндетті.
Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерін қолданудың адамдар өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбір жағдайында дереу прокурорға хабарланады.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерiнiң тізбесін және оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкiлеттi органға жүктеледi.
9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi
Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Мүдделі тұлға сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары
1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:
1) бiрiншi топтағы мүгедекке - бес жылдық жалақысы;
2) екiншi топтағы мүгедекке - үш жылдық жалақысы;
3) үшiншi топтағы мүгедекке - жылдық жалақысы төленедi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi.
7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады.
8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру
Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау
Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының