Қазақстан Республикасының
Заңы
«Сот приставтары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот приставтарының бөлімшелерін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) (соттардың кеңселерінде) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) құрады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер «уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «тиісінше», «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
«аумақтық бөлімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
«органның» деген сөз «бөлімшенің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «тиісінше», «және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздер алып тасталсын;
3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау
Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсан 27-сі
№ 367-IV ҚРЗ