9. Демпингтік импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, ұқсас тауарды оны өндірушілердің сатуы және түсетін пайда сияқты өлшемшарттар негізінде ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, демпингтік импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына әсер етуі тауарлардың анағұрлым шағын тобын өндіруге немесе ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректері бар номенклатураға қатысты бағаланады.
10. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтаған кезде, тергеп-тексеруді жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
1) демпингтік импорттың мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын өсу қарқынын;
2) демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің болуын немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін есепке ала отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпастығының болуын;
3) егер тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағаларының деңгейі мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келсе, мұндай бағалар деңгейін;
4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын есепке алады.
11. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің болуы туралы шешім, егер осы баптың 10-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және демпингке қарсы шара қолданылмаған жағдайда мүше мемлекеттердің экономика саласына мұндай импорттың материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.
17-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу
1. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру аяқталғанға дейін алған ақпарат демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілгені туралы куәландырса, тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы бар баяндамасының негізінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.
2. Комиссия алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы негізінде дайындалған алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
3. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен ерте енгізілмейді.
4. Алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті, бірақ алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
5. Егер алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлеміндегі үлесі көп бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде алты айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс.
6. Егер алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлеміндегі үлесі көп бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде тоғыз айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауға тиіс.
7. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздердің жоқ екенін анықтаған не осы Заңның 42-бабына сәйкес демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдаған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
8. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің болуы немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
9. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің болуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың болуын анықтауға алып келген жағдайда), алдын ала демпингке қарсы баж сомалары демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы баптың 10 және 11-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
10. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
11. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды.
12. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеруді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.
13. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім, әдетте, тергеп-тексеру басталған күннен бастап жеті айдан кешіктірілмей қабылданады.
18-бап. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының баға міндеттемелерін қабылдауы
1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осы тауардың бағаларын қайта қарау немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оның қалыпты құнынан төмен бағалармен экспортталуын тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (мүше мемлекеттерде экспорттаушымен байланысты тұлғалар болған кезде, бұл тұлғалардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган көрсетілген міндеттемелерді қабылдау демпингтік импорттан келтірілген залалды жояды және міндеттемелердің мақұлданғаны туралы шешім қабылданады деген қорытындыға келсе, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе демпингке қарсы бажды енгізбей, тергеп-тексеруді тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Осы міндеттемелерге сәйкес тауар бағаларының деңгейі демпингтік маржаны жою үшін қажетті деңгейден жоғары болмауға тиіс.
Тауар бағасының көтерілуі, егер мұндай көтерілу мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, демпингтік маржадан аз болуы мүмкін.
2. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келмейінше, баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылданбайды.
3. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы негізінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген баға міндеттемелерін мақұлдау туралы дайындалған ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
4. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе ықтимал экспорттаушылардың көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдауға болмайтындығы туралы қорытындыға келген болса, қабылданбайды.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүмкіндігінше экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдауға болмайды деп танылған себептерді хабарлайды және оларға осыған байланысты түсініктемелер беру мүмкіндігін ұсынады.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болуы үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрау салу жібереді.
5. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оларды қабылдауды талап ете алмайды.
6. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылданған жағдайда, демпингке қарсы тергеп-тексеру тауарды экспорттаушының өтініші бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілмегені туралы қорытындыға келген жағдайда, көрсетілген қорытынды айтарлықтай дәрежеде осындай міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде баға міндеттемелерінің болуының нәтижесі болып табылған жағдайда, мұндай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде, осы Заңның 20-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылданады.
7. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін залалдың болуы туралы қорытындыға келген жағдайда, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелері олардың шарттарына және осы Заңның ережелеріне сәйкес қолданылуын жалғастырады.
8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган баға міндеттемелері мақұлданған экспорттаушыдан бұлардың орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім сұратуға құқылы.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган белгілеген мерзімде сұрау салынатын мәліметтерді бермеу, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының қабылданған баға міндеттемелерін бұзғаны болып саналады.
9. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе кері қайтарып алған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы бажды (егер тергеп-тексеру әлі аяқталмаса) немесе демпингке қарсы бажды (тергеп-тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы айғақтаса) енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.
Экспорттаушы қабылданған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты түсініктеме беруге мүмкіндік беріледі.
10. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімде осы баптың 9-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала демпингке қарсы баж немесе демпингке қарсы баж мөлшерлемесі айқындалуға тиіс.
19-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану
1. Демпингке қарсы баж, осы Заңның 18-бабына сәйкес баға міндеттемелері мақұлданған экспорттаушылар беретін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар беретін және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
2. Комиссия демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның демпингке қарсы бажды енгізу туралы дайындаған ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
3. Демпингке қарсы баждың мөлшері мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болуға, бірақ есептелген демпингтік маржа мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
Комиссия есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен аз мөлшерде, егер мұндай мөлшер мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
4. Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшері демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды әрбір экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржа есептелген, олар беретін тауарға қатысты белгіленеді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерінен басқа, тергеп-тексеру барысында есептелген барынша жоғары демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептелмеген экспорттаушы үшінші елден тауарды барлық басқа экспорттаушылар немесе өндірушілер беретін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі белгіленеді.
6. Демпингке қарсы баж, егер тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша осы тауарға қатысты төмендегiлер анықталған болса, алдын ала демпингке қарсы баж енгiзiлген күнге дейiн күнтiзбелiк тоқсан күннен ерте емес, орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын кедендiк рәсiмдерге орналастырылған тауарларға қатысты бір мезгілде:
1) залал келтiрген демпингтiк импорт бұрын болса немесе импорттаушы экспорттаушының тауарды оның қалыпты құнынан төмен бағамен беретiнін және тауардың мұндай импорты мүше мемлекеттердiң экономика саласына залал келтiруi мүмкiн екенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса;
2) мүше мемлекеттердiң экономика саласына залалдың салыстырмалы қысқа уақыт кезеңi iшiнде едәуір өскен демпингтiк импорттан келтiрiлгенiн, оның ұзақтығы мен көлемiн, сондай-ақ басқа мән-жайларды (оның iшiнде импортталатын тауардың қоймалық қорларының жылдам өсуi) ескере отырып, демпингке қарсы бажды енгiзуден қалпына келтiру тиiмдiлiгiн осы тауарды импорттаушыларға тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн түсініктемелер беру мүмкiндiгi берiлген жағдайда айтарлықтай азайту мүмкiн болса, қолданылуы мүмкiн.
7. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру басталған күннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты осы баптың 6-тармағына сәйкес демпингке қарсы баждың қолданылуы мүмкін екендігі туралы ескертуі бар хабарлама орналастырады.
Мұндай хабарламаны орналастыру туралы шешімді тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген шарттардың орындалғанына жеткілікті дәлелдемелері бар мүше мемлекеттердің экономика саласының сұрау салуы бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігінде осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды.
Демпингке қарсы баж, орналастыру шарты осы тармақта көрсетілген хабарлама орналастырылған күнге дейін демпингке қарсы бажды төлеу болып табылатын кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды.
20-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және оны қайта қарау
1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараның қолданылуы басталған күннен немесе өзгерген мән-жайларға байланысты әрі бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдан туындаған немесе демпингке қарсы іс-қимыл мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайта тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
3. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру осы Заңның 32-бабының ережелеріне сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініш негізінде не тергеп-тексеруді жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру өтініште демпингтік импортты қайта бастау не жалғастыру және демпингке қарсы шараның қолданылуын тоқтату кезінде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі өткенге дейін алты айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеп-тексеру демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі өткенге дейін басталуға және ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны ұзарту туралы шешім қабылданады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен тиісті демпингке қарсы шараның қолданылуы ұзартылатын мерзім ішінде қолданылу мерзімі қайта тергеп-тексеру жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараны қолдануға байланысты белгіленген демпингке қарсы баждар мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингке қарсы шараларды қолдану үшін негіздердің жоқ екендігін анықтаған не осы Заңның 42-бабына сәйкес демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, демпингке қарсы шараның қолданылуы ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
Егер демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайта тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импортты қайта бастау не жалғастыру және залал келтіру мүмкіндігі анықталған жағдайда демпингке қарсы шараның қолданылуы ұзартылады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
4. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша, егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның бастамасы бойынша демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны өзгерген мән-жайларға байланысты қайта қарау (оның ішінде демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайта тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына қарай мұндай өтініште өзгерген мән-жайларға байланысты:
1) демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру талап етілмейді;
2) демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асады;
3) қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелер қамтылуға тиіс.
Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру басталған күнінен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Қайта тергеп-тексеру демпингтік импорт нысанасы болып табылған тауарды беруді тергеп-тексеру кезеңінде жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай қайта тергеп-тексеруді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу, тауарды экспорттаушы немесе өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушылармен және өндірушілермен байланысты тұлғалар болып табылмайтыны және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына беруді жүзеге асыратындығы немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына мұндай тауардың едәуір көлемін беру туралы шарттық міндеттемелерімен байланысты екендігі олардың тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы тауарды экспорттаушы немесе өндіруші үшін айтарлықтай шығындарға немесе едәуір тұрақсыздық айыбына (айыппұлға, өсімпұлға), басқа да айыппұл санкцияларына әкеп соқтыратыны туралы дәлелдемелерді қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды беруге қатысты демпингке қарсы шара, көрсетілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін демпингке қарсы бажды осы экспорттаушы немесе өндіруші төлемейді. Бұл ретте қайта тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) мұндай тауарға қатысты осы тармақта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді қамтамасыз ету үшін Кеден одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен демпингке қарсы баж төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.
Демпингке қарсы баж төлеуді қамтамасыз ету осы Заңның 6-бабына сәйкес белгіленген демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасының мөлшерінде ақшамен жүргізіледі.
Егер қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, мұндай қайта тергеп-тексеру жүргізу кезеңі үшін демпингке қарсы баж төленуге жатады. Қамтамасыз ету сомасы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып айқындалған мөлшерде демпингке қарсы бажды төлеу есебіне есепке жатқызуға, осы тармақтың ережелерін ескере отырып, осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
Егер қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету мөлшерінен айқындалған мөлшерлемеге қарағанда демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда, қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомалары мен демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі арасындағы айырма алынбайды.
Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын қамтамасыз ету сомасы осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
Осы тармақта көзделген қайта тергеп-тексеру мүмкіндігінше он екі айдан аспайтын, қысқа мерзімде жүргізіледі.
6. Осы Заңның дәлелдемелерді ұсынуға және демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізуге қатысты 5-тарауының ережелері тиісті айырмашылықтар ескеріле отырып, осы баптың 1 - 7-тармақтарында көзделген қайта тергеп-тексеруге қатысты қолданылады.
7. Осы баптың 1 - 6-тармақтарының ережелері тиісті айырмашылықтар ескеріле отырып, осы Заңның 18-бабына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қатысты қолданылады.
21-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау
1. Демпингке қарсы шараны айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушының қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан жалтаруы үшін тауарды беру тәсілін өзгерту түсініледі.
2. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште мынадай дәлелдемелер қамтылуға тиіс:
1) демпингке қарсы шараны айналып өту;
2) демпингке қарсы шараны оның айналып өту салдарынан әрекетін және осы фактордың мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер етуін бейтараптандыру;
3) демпингке қарсы шараны айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас бөліктерінің және (немесе) туындыларының) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас бөліктерінің немесе туындыларының қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында тиісті түзетулер ескеріле отырып, нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара енгізілген тергеп-тексеру барысында айқындалған олардың қалыпты құны қабылданады.
4. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап тоғыз айдың ішінде аяқталуға тиіс.
5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру кезеңінде экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын, демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ өзге экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын, демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж енгізілуі мүмкін.
6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтамаса, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.