8. Арнайы қорғау шарасын импорттық квота түрінде қолдану тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді. Егер мұндай шешім импорттың лизенциялануын көздеген жағдайда, лицензиялар Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында импортына сандық шектеулер қолданылатын тауарлар үшін белгіленген тәртіппен беріледі.
9. Егер арнайы қорғау шарасы арнайы квота арқылы қолданылатын жағдайда, мұндай квотаның мөлшерін айқындау, оны бөлу және қолдану осы Заңның 1 - 8-тармақтарында импорттық квота үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
11-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау
1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиіс.
2. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін жою үшін арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту қажет екені және мүше мемлекеттердің тиісті экономика саласының осы саланың өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделуіне ықпал ететін шаралар қабылдайтыны туралы дәлелдемелер бар екендігі анықталса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі Комиссия шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
3. Комиссия арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде, мұндай шара осы шешімді қабылдау күніне қолданылған арнайы қорғау шарасына қарағанда, аса шектеулі болмауға тиіс.
4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, Комиссия осындай арнайы қорғау шарасын оның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралықтарымен біртіндеп жұмсартады.
Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі үш жылдан асқан жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы өтуінен кешіктірмей қайта тергеп-тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе оның күші жойылуы мүмкін.
Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жұмсарту деп импорттық квотаның немесе арнайы квотаның көлемін ұлғайту не арнайы баждың мөлшерлемесін төмендету түсініледі.
5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасының қолданылуының жалпы мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
6. Арнайы қорғау шарасы алдыңғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде бұрын арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылмайды. Бұл ретте, арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім екі жылдан кем болмайды.
7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі бір жүз сексен күннен аспайтын мерзімді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасы енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы мұндай тауарға жаңа арнайы қорғау шарасы енгізілген күннің алдындағы бес жыл ішінде екі реттен артық қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.
3-тарау. ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР
12-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары
1. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауы анықталған болса, демпингке қарсы шара демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын осындай тауарға қолданылады.
2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың нысанасы болып табылады.
3. Демпингтік импорттың болуын айқындау мақсаттары үшін мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексеруді жүргізетін орган белгілейді.
Бұл ретте, мұндай кезең, әдетте, тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы, статистикалық деректері бар он екі айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда бұл кезең алты айдан кем болмауға тиіс.
13-бап. Демпингтік маржаны айқындау
1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мыналарды:
1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
2) тауардың жеке мәмілелер бойынша қалыпты құнын тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен;
3) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын сатып алушыларға, өңірлерге немесе тауарды беру кезеңіне байланысты тауардың бағасында едәуір айырмашылықтар болған кезде тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
2. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру сауда операциясының нақ сол бір сатысында және тауарды сатудың нақ сол бір мезгілде мүмкіндігіне қарай орын алған жағдайына қатысты жүзеге асырылады.
3. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде бағалардың салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, өнім берулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларының, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағалардың салыстырмалығына олардың әсер етуіне дәлелдемелер берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды есепке ала отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган көрсетілген айырмашылықтар ескерілген түзетулер бір-бірін қайталамайтындығына және экспорттық бағаны тауардың қалыпты құнымен салыстыру нәтижесін осылайша бұрмаламайтындығына көз жеткізеді. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.
Егер экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілелері болмаған не сауданың әдеттегі барысы кезінде ұқсас тауарды сату көлемінің төмен болуына байланысты немесе экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге импортталатын ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен (ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда) немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығасылар мен пайданы есепке ала отырып, оның шығарылатын еліндегі тауар өндірісінің шығасыларымен салыстырылады.
5. Егер тауар оның шығарылатын елі болып табылмайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталған жағдайда, мұндай тауардың экспорттық бағасы үшінші елдің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салғастырылады.
Тауардың экспорттық бағасы, егер осы тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үшінші ел арқылы қайта жөнелтілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы үшінші елде жүзеге асырылмайтын болса немесе онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығарылатын елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салғастырылуы мүмкін.
6. Егер тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салғастыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамы пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Егер шетел валютасын сату тауарды тиісті экспорттық берумен тікелей байланысты болған және бір мерзімде жүзеге асырылған жағдайда, сол мерзімге валюта сату кезінде қолданылатын валюта бағамы пайдаланылады.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган валюта бағамдарының ауытқуын ескермейді және тергеп-тексеру барысында экспорттаушыларға тергеп-тексеру кезеңінде валюталар бағамдарының тұрақты өзгерістерін есепке ала отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік алпыс күн беріледі.
7. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді берген әрбір белгілі тауар экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.
8. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тауарды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр алуандығы себебі бойынша немесе қандай да бір басқа себеп бойынша әрбір белгілі тауар экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санын негізге ала отырып, жеке демпингтік маржаны айқындау шектеуін пайдалануы не тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігіндегі ақпарат бойынша статистикалық репрезентативті болып табылатын және тергеп-тексеру барысын бұзбай зерттелуі мүмкін, әрбір экспорттаушы үшінші елден тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.
Жеке демпингтік маржа айқындауды шектеу мақсатында мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылармен, өндірушілермен және импорттаушылармен консультациялар негізінде және олардың келісуімен тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүзеге асырады.
Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы тармаққа сәйкес шектеуді пайдаланса, ол шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен жеке қарау тергеп-тексеруді жүргізетін органның тиісті тергеп-тексеру жүргізу мерзімін бұзуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ оларды қарау үшін белгіленген мерзімде жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтер ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны да айқындайды.
Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеп-тексеруді жүргізетін орган қайтармауға тиіс.
9. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ тергеп-тексеру барысында бұл үшін белгіленген мерзімде қажетті мәліметтер ұсынған, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауға тиіс.
10. Егер тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылар немесе өндірушілер тергеп-тексеруді жүргізетін органға сұратылған ақпаратты талап етілген түрде және белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе олар ұсынған ақпарат тексеруге келмесе не шындыққа сәйкес келмесе, тергеп-тексеруді жүргізетін орган өз иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
11. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген әрбір белгілі тауарды экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында айқындалған ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.
14-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау
1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тауардың қалыпты құнын экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушыларға тергеп-тексеру кезеңінде сату кезінде сауданың әдеттегі барысында экспорттаушы үшінші елдің кедендік аумағында пайдалану үшін ұқсас тауар бағаларының негізінде айқындайды.
Қалыпты құнды айқындау мақсатында ұқсас тауарды экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушыларға сату кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі анықталған жағдайда, осындай тауардың бағалары есепке алынуы мүмкін.
2. Экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар экспорты жалпы көлемінің кемінде бес пайызын құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті көлем ретінде қаралады.
Сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың неғұрлым төмен көлемі, егер мұндай көлем сауданың әдеттегі барысында тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісінше салғастыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген дәлелдемелер болса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп есептеледі.
3. Тергеп-тексеру кезеңі ішінде сатып алушыларға сатылған ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберінде оны сатып алушыларға әрбір жекелеген сату бойынша баға осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушыларға экпорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында сату кезіндегі тауардың бағасы болып табылады.
4. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында немесе экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай сату осы кезеңде барлық шығасыларды өтеуді қамтамасыз етпейтін айтарлықтай көлемде және бағалар бойынша тергеп-тексеру кезеңінде жүзеге асырылатынын анықтаған жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
5. Егер ұқсас тауарды сату кезінде әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеп-тексеру кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеп-тексеру кезеңі ішіндегі барлық шығасыларды өтеуді қамтамасыз ететін баға ретінде қаралады.
6. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен болған немесе бағалар бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен болған, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде жиырма пайызын құраған жағдайда айтарлықтай көлемде жүзеге асырылуы мүмкін деп саналады.
7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректердің экспорттаушы үшінші елдегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келген және тауарды өндіруге және сатуға байланысты шығасылар толық көрсетілген жағдайда мұндай деректер негізінде есептеледі.
8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган өндіріс шығасыларын әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды бөлу, атап айтқанда, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға капитал салуға және басқа да шығасыларын жабуға аударымдар белгілеуге қатысты шығасыларды мұндай бөлуді қолданған жағдайда, тауарды осы экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, бөлудің дұрыстығының өз иелігіндегі барлық дәлелдемелерін ескереді.
9. Өндіріс шығасылары, әкімшілік, сауда және жалпы шығасылар өндірісті дамытуға байланысты біржолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын операциялардың тергеп-тексеру кезіндегі шығасыларға әсер ететін мән-жайлары ескеріле отырып түзетіледі. Мұндай түзетулер де өндірісті ұйымдастыру кезеңінің соңындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеп-тексеру кезеңінен асып кеткен жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың анағұрлым кейінгі кезеңіндегі шығасылар көрсетілуге тиіс.
10. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасылардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды өндіру және сату туралы беретін нақты деректері негізінде айқындалады.
Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындау мүмкін болмаса, олар:
1) экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында тауардың сол санатын өндіруге және сатуға байланысты тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сомалар;
2) осындай тауарды басқа экспорттаушылар немесе өндірушілер экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында ұқсас тауарды өндіруге және сатуға байланысты алған және жұмсаған орташа өлшемді нақты сомалар;
3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығындағы сол санаттағы тауарды сату кезінде, басқа экспорттаушылар немесе өндірушілер әдетте алатын пайдадан аспайтын жағдайда өзге де әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
11. Ішкі нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы саудаға мемлекеттік монополия болатын экспорттаушы үшінші елден демпингтік импорт болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе лайықты үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнының (көрсетілген экспорттаушы үшінші елмен тергеп-тексеру мақсаттарында салыстырылатын) не осындай үшінші елден экспортқа шығару кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде айқындалуы мүмкін. Егер осы тармаққа сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және пайданы ескере отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.
15-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау
1. Тауардың экспорттық бағасы тергеп-тексеру кезеңінде оны сату туралы деректердің негізінде айқындалады.
2. Демпингтiк импорттың нысанасы болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеп-тексеру жүргiзетiн органның тауарды экспорттаушы мен импорттаушы байланысты тұлғалар болып табылатындықтан (оның iшiнде олардың әрқайсысының үшiншi тұлғамен байланысына орай) осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәлiметтердiң дұрыстығына негiздi күмәнi болған не осындай тауардың экспорттық бағасына қатысты уағдаласу нысанында шектеулi iскерлiк практика болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталған тауар тәуелсiз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағына сол импортталған түрiнде қайта сатылмаса, импортталған тауар тәуелсiз сатып алушыға бiрiншi рет қайта сатылатын баға негiзiнде немесе тергеп-тексеруді жүргiзетiн орган айқындайтын өзге де әдiспен есептелуi мүмкiн. Бұл ретте тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салғастыру мақсатында тауардың импорты мен оны қайта сату арасындағы кезеңде төленген шығыстар (оның iшiнде кедендiк баждар мен салықтар), сондай-ақ пайда да ескеріледі.
16-бап. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауын анықтау
1. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залал, осындай залалды келтіру қатері немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауы демпингтік импорт көлемін және осындай импорттың мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларына және мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелері негізінде анықталады.
2. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуын айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексеруді жүргізетін орган белгілейді.
3. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын (абсолютті көрсеткіштерде не мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының едәуір ұлғаюының болғанын не болмағанын айқындайды.
4. Мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тергеп-тексеруді жүргізетін орган:
1) демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағалары мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан айтарлықтай төмен болғанын не болмағанын;
2) демпингтік импорт мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағаларының айтарлықтай төмендеуіне әкеп соққанын не әкеп соқпағанын;
3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алуы мүмкін, мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларының айтарлықтай өсуіне кедергі келтіргенін не келтірмегенін анықтайды.
5. Егер бір мезгілде жүргізілген бірнеше тергеп-тексерулердің нысанасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір емес, одан көп экспорттаушы үшінші елден көп тауар импорты болып табылған жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы үшінші елден жол берілетін ең төмен демпингтік маржадан асатын болса, ал әрбір экспорттаушы үшінші елден осы тауар импортының көлемі осы Заңның 34-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, болмашы болып табылмайтынын;
2) импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және мүше мемлекеттерде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын ескере отырып, тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау мүмкін болып табылатынын анықтаған жағдайда ғана бағалай алады.
6. Демпингтік импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына әсер етуін талдау мүше мемлекеттердің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды, оның ішінде:
1) бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру дәрежесін;
2) болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің, тауар сатылуының, оның мүше мемлекеттер нарығындағы үлесінің, пайданың, өнімділіктің, тартылған инвестициялардан немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудан түсетін кірістердің қысқартылуын;
3) мүше мемлекеттер нарығындағы тауар бағаларына әсер ететін факторларды;
4) демпингтік маржаның мөлшерін;
5) болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісінің өсу қарқынына, тауар қорларына, жұмыспен қамту деңгейіне, жалақыға, инвестициялар тарту мүмкіндігіне және қаржылық жағдайға теріс әсер етуін қоса алғанда, бағалаудан тұрады.
Бұл ретте, бір фактор да, бірнеше фактор да демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауын анықтау үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.
7. Демпингтік импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залал, осындай залалды келтіру қатері немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы түйін іске қатысы бар және тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігіндегі барлық дәлелдемелер мен мәліметтердің талдануына негізделуге тиіс.
8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттан өзге, басқа да белгілі факторларды, олардың салдарынан дәл сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру, осындай залалды келтіру қатерін төндіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауы факторларын талдайды.
Іске қатысы бар ретінде қаралуы мүмкін факторлар, атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағаларын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерістерді, шектелмелі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
Мүше мемлекеттердің экономика саласына осы факторлар салдарынан келтірілген залал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалға, осындай залалды келтіру қатеріне немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауына жатқызылмауға тиіс.