7. Өтемақы бажы, егер тергеп-тексеруді жүргізетін органның тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты бір мезгілде:
1) кейіннен жойылуы қиынға соғатын залал салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде едәуір өскен, ерекше субсидиялар төленетін немесе ұсынылатын тауар импортымен келтірілгені;
2) залалдың қайталануын болғызбау мақсатында осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген импортталатын тауарға қатысты өтемақы бажын қолдану қажет екендігі белгіленсе, алдын ала өтемақы бажы енгізілетін күнге дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын орналастыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын кедендік рәсімдер ретінде орналастырылған тауарларға қатысты өтемақы бажы қолданылуы мүмкін.
8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру басталған күннен кейін, осы баптың 7-тармағына сәйкес тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты өтемақы бажының қолданылуы мүмкін екендігі туралы ескертуді қамтитын хабарламаны Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырады.
Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шарттарды орындауға жеткілікті дәлелдемелері бар мүше мемлекеттердің экономика саласының сұрау салуы бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігінде осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган осындай хабарламаны орналастыру туралы шешім қабылдайды.
Осы бапта көрсетілген хабарлама орналастырылған күнге дейін өтемақы бажын төлеу орналастыру шарты болып табылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты өтемақы бажын қолдануға болмайды.
30-бап. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау
1. Өтемақы шарасы Комиссияның шешімі бойынша субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі мұндай шараны қолдану басталған немесе өзгерген мән-жайларға байланысты және бір мезгілде субсидияланатын импортты талдауға және сол импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін залалға қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайта тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
3. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру осы Заңның 32-бабына сәйкес берілген өтініш (жазбаша нысандағы) негізінде не тергеп-тексеруді жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру өтініште өтемақы шарасының қолданылуы тоқтатылған кезде субсидияланатын импортты қайта бастау не жалғастыру және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған жағдайда жүргізіледі.
Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі өткенге дейін алты айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеп-тексеру өтемақы шарасының қолданылу мерзімі өткенге дейін басталуға және ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатқан қайта тергеп-тексеру аяқталғанға дейін өтемақы шарасын қолдану Комиссия шешімі бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін қолданылу мерзімі қайта тергеп-тексерудің жүргізілуіне байланысты ұзартылатын өтемақы шарасының қолданылуына байланысты белгіленген тәртіппен өтемақы баждарының белгіленген мөлшерлемелері бойынша өтемақы баждары төленеді.
Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган өтемақы шарасын қолдану үшін негіздер жоқ деп белгілеген не осы Заңның 42-тармағына сәйкес өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган субсидияланатын импортты қайта бастау не жалғастыру және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілу мүмкіндігін анықтаған жағдайда, Комиссия өтемақы шарасын қолдануды ұзартады. Комиссияның өтемақы шарасын ұзарту туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде өтемақы баждарының сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
4. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша, егер өтемақы шарасы енгізілгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның бастамасы бойынша өзгерген мән-жайларға байланысты өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың орындылығын анықтау және (немесе) оны қайта қарау (оның ішінде өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайта тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
Мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына қарай мұндай өтініште:
1) өтемақы шарасын қолдануды жалғастыру субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және мүше мемлекеттер экономикасының саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтіндігі; өтемақы шарасының қолданыстағы мөлшері субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатындығы;
2) қолданыстағы өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіздігі туралы дәлелдер қамтылуға тиіс.
Мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Осы Заңның 5-тарауының дәлелдемелерді ұсынуға және тергеп-тексеруді жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген қайта тергеп-тексеруге қатысты тиісті айырмашылықтар ескеріле отырып қолданылады.
6. Осы баптың ережелері, тиісті айырмашылықтар ескеріле отырып, осы Заңның 28-бабына сәйкес экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қатысты қолданылады.
7. Қайта тергеп-тексеру өтемақы шарасы қолданылатын, бірақ ынтымақтасудан бас тартудан өзге себептер бойынша тергеп-тексеру жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының дербес мөлшерлемесінің мөлшерін белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тергеп-тексеруді көрсетілген экспорттаушының өтініші бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган бастауы мүмкін.
31-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау
1. Өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден немесе қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
2. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның өз бастамасы бойынша басталуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште:
1) өтемақы шарасын айналып өтудің;
2) өтемақы шарасының (оны айналып өту салдарының) мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар өндірісінің және (немесе) сатылуының көлеміне және (немесе) оның бағаларына әсер етуін бейтараптандырудың;
3) тауар (осындай тауардың құрамдас бөліктерін және (немесе) туындыларын) өндірушілерде және (немесе) экспорттаушыларда ерекше субсидияны беруден түсетін пайданың сақталатындығының дәлелдемелері қамтылуға тиіс.
4. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру кезеңіне Комиссия алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын, субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылған, экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарға және (немесе) өзге де экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған өтемақы бажын енгізуі мүмкін.
5. Егер осы бапқа сәйкес тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өтуді анықтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес және алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
6. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталған жағдайда, субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылған, өзге де экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылған, өзге де экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына өтемақы шарасы қолданылуы мүмкін. Комиссияның осы тармақта көрсетілген өтемақы шарасын енгізу туралы шешімі күшіне енген кезден бастап өтемақы баждарының, төленген өтемақы баждарының сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
7. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуға тиіс.
5-тарау. ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗУ
32-бап. Тергеп-тексерулер жүргізу үшін негіздер
1. Тергеп-тексеру жүргізетін орган өскен импорттың болуын және одан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау мақсатындағы, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және одан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, оны келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуын анықтау мақсатындағы тергеп-тексеруді осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалардың жазбаша нысандағы өтініші негізінде не өз бастамасы бойынша жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті:
1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
2) қатысушылары қатарына өндіріс көлемінің едәуір бөлігін, бірақ мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндірудің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі немесе осындай бірлестіктің уәкілетті өкілі береді.
Осы тармақта көрсетілген өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің түпнұсқалары өтінішпен бірге тергеп-тексеруді жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған тиісінше ресімделген өкілеттіктері болуға тиіс.
3. Мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес не ұқсас тауарды өндірушілердің өтінішті қолдау дәлелдемелері өтінішке қоса беріледі. Мыналар:
1) өтініш берушімен бірге мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың едәуір бөлігін, бірақ, оны өндірудің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын өндіретін мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды басқа да өндірушілердің өтінішке қосылуы туралы құжаттар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде);
2) өтінішке қолдау білдірген, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдайтындығын немесе келіспейтіндігін) білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілердің өндіру көлемінің елу пайыздан астамын құрайды деген шартпен өтінішке қолдау білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірудің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын құрайтындығын растайтын (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) құжаттар өтінішті қолдаудың жеткілікті дәлелдемелері болып танылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш:
1) өтініш беруші туралы, тікелей өтініш берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде мүше мемлекеттер экономика саласының ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) сандық және құндық мәнде өндіру көлемі туралы, сондай-ақ өтінішті қолдаған мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндірушілердің сандық және құндық мәнде өндіру көлемі туралы және мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметтерді;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу ұсынылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың сипаттамасын;
3) кедендік статистика деректері негізінде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тауарды шығарған немесе жөнелткен экспорттаушы үшінші елдердің атауын;
4) экспорттаушы үшінші елдегі осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тауардың белгілі өндірушілері және (немесе) экспорттаушылары және мүше мемлекеттердегі осы тауардың белгілі импорттаушылары мен негізгі белгілі тұтынушылары туралы мәліметтерді;
5) оған қатысты алдыңғы кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу ұсынылатын тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтерді;
6) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорты көлемінің алдыңғы кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі өзгеруі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар, өтініште ұсынылатын шараға қарай өтініш беруші:
1) тауардың өскен импорты болуының дәлелдемелерін, тауардың өскен импортының салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалдың немесе оның тауардың өскен импорты салдарынан келтірілу қатері болуының дәлелдемелерін, арнайы қорғау шарасының мөлшері мен мұндай шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, осындай шараны енгізу туралы ұсынысты және өтініш беруші ұсынып отырған арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі ішінде мүше мемлекеттердің экономика саласын шетелдік бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде);
2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе тауардың демпингтік импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініш берілген кезде);
3) экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы және, егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметтерді, тауардың субсидияланатын импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) көрсетеді.
6. Демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе оны келтіру қатерінің болуының дәлелдемелері (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) және мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелері (демпингке қарсы шараны немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге тиіс және алдыңғы кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге репрезентативтік статистикалық деректер (оның ішінде тауарды өндіру және оны өткізу көлемі, мүше мемлекеттер нарығындағы тауардың үлесі, тауарды өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндірістік қуаттар жүктемесінің дәрежесі, жұмыспен қамту, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндіріс рентабельділігі, мүше мемлекеттердің экономика саласына салынатын инвестициялардың көлемі туралы деректер) қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі сандық және (немесе) құндық көрсеткіштермен берілуге тиіс.
7. Өтініште ұсынылған мәліметтер олардың алынған дереккөздеріне сілтемемен қоса берілуге тиіс.
8. Өтініште қамтылған көрсеткіштерді көрсеткен кезде салғастыру мақсатында бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс.
9. Өтініште қамтылған мәліметтерді мұндай мәліметтерді берген өндірушілердің басшылары, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жауапты қызметкерлері осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігінде куәландыруға тиіс.
10. Өтініш оның құпия емес нұсқасын қоса бере отырып, (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса) осы Заңның 33-бабының 24-тармағына сәйкес тергеп-тексеруді жүргізетін органға ұсынылады және өтініш осы органға түскен күні тіркелуге жатады.
11. Өтініш тергеп-тексеруді жүргізетін органда тіркелген күн оны беру күні деп есептеледі.
12. Арнайы қорғау шарасын, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш мынадай:
1) өтініш берген кезде осы баптың 3 - 5-тармақтарында көрсетілген материалдарды ұсынбау;
2) осы баптың 3 - 5-тармақтарында көзделген, өтініш беруші ұсынған материалдардың анық еместігі;
3) өтініштің құпия емес нұсқасын ұсынбау негіздері бойынша қабылданбайды.
Өтініштің өзге де негіздер бойынша қабылданбауына жол берілмейді.
33-бап. Тергеп-тексерудің басталуы және оны жүргізу
1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін осы Заңның 32-бабына сәйкес дайындалған демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініштің түскені туралы экспорттаушы үшінші елді жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Заңның 32-бабының 3 - 5-тармақтарына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліктілігін және анықтығын зерделейді. Мұндай мерзім тергеп-тексеруді жүргізетін орган қосымша мәліметтер алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
3. Өтініш беруші тергеп-тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында өтінішті кері қайтарып алуы мүмкін.
Өтініш тергеп-тексеру басталғанға дейін кері қайтарып алынса, ол берілмеген болып есептеледі.
Егер өтініш тергеп-тексеруді жүргізу барысында кері қайтарып алынған жағдайда, тергеп-тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шаралары енгізілместен тоқтатылады.
4. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін өтініште қамтылған мәліметтер жария етуге жатпайды.
5. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін тергеп-тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданған кезде тергеп-тексеруді жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына, сондай-ақ өзіне мәлім мүдделі тұлғаларға қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламаның Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
7. Тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаның Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырылған күні тергеп-тексеру басталған күн деп танылады.
8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган, егер оның иелігінде өскен импорттың болуының және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе оны келтіру қатерінің не демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелері бар болған жағдайда ғана тергеп-тексеруді бастау туралы шешім (оның ішінде жеке бастама бойынша) қабылдауы мүмкін.
Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тергеп-тексеруді бастау мүмкін болмайды.
9. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Заңның 32-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен, демпингтік немесе субсидияланатын импортының және (немесе) осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе демпингтік немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуының немесе мүше мемлекеттер экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорттың салдарынан оны келтіру қатерінің болуын айғақтамайтындығы анықталса, тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
10. Тергеп-тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде, тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіні жазбаша нысанда тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту себебі туралы хабардар етеді.
11. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеруге қатысуға өздерінің ниеті туралы жазбаша нысанда және осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш білдіруге құқылы. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тексеруге қатысу ниеті туралы өтінішті тіркеген күннен бастап олар тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.
Өтініш беруші және мүше мемлекеттерде өтінішке қолдау білдірген өндірушілер тергеп-тексеру басталған күннен бастап тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.
12. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысын бұзбайтын мерзімде тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде құпия ақпаратты) осындай мәліметтер алынған дереккөзді көрсете отырып, ұсынуға құқылы.
13. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеп-тексеру мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
Сұрау салулар мүше мемлекеттердегі өзге де ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Көрсетілген сұрау салуларды тергеп-тексеруді жүргізетін органның басшысы (басшының орынбасары) жібереді.
Сұрау салу мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне берілген кезден бастап не оны пошта байланысымен жөнелткен күннен бастап күнтізбелік жеті күн өткен соң мүдделі тұлға сұрау салуды алған болып есептеледі.
Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей тергеп-тексеруді жүргізетін органға берілуге тиіс.
Егер жауап тергеп-тексеруді жүргізетін органға осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей келіп түссе, тергеп-тексеруді жүргізетін орган оны алған болып есептеледі.
Тергеп-тексеруді жүргізетін орган көрсетілген мерзім өткен соң мүдделі тұлғаның ұсынған мәліметтерін назарға алмауы мүмкін.