Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2022.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары
3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi
2-тарау. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі:
5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
6-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
8-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
3-тарау. Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет
9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы білім беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар
10-бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар
11-бап. Кемтар балаларға білім берудi ұйымдастыру
12-бап. Алып тасталды
13-бап. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру
14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби білім беру
4-тарау. Кемтар балалардың құқықтары, олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері
15-бап. Keмтap балалардың құқықтары
16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң құқықтары
17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi
5-тарау. Қорытынды ережелер
18-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар - мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнаулы оқу және жеке дамыту бағдарламаларын, оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);
3) «қатер» тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала (балалар);
4) дене кемiстiгi - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) диагностика - балалардың ауруының болу немесе болмау фактісін анықтауға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
5) психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар;
6) күрделi кемiстiк - психикалық және дене кемiстiгiнiң кез келген ұштасуы;
7) ауыр кемiстiк - мемлекеттік (оның iшiнде арнаулы) білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетiмдi болмайтын және оқыту мүмкiндiктерi өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдердi және қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы тар кәсiби даярлықты меңгерумен шектелетiн дәрежедегi психикалық және (немесе) дене кемiстiгi;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау;
9) әлеуметтiк бейiмдеу - нысаналы әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесiнде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын игеруi мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi түрде икемделуi;
10) әлеуметтiк жұмыс - жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтiк жұмыс істеуіне кедергі келтiретiн бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтiк құқықтары мен кепiлдiктерiн iске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет;
11) скрининг - «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру;
12) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған немесе семiп қалған функцияларын емдеуге, қалпына келтiруге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi еңсеру және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынатын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
14) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру;
16) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) арнаулы білім беру ұйымдары - мүмкіндігі шектеулі балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды психологиялық-педагогикалық қолдау, оқыту мен тәрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер және басқа да ұйымдар;
18) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) психологиялық тексеру - кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау;
20) әлеуметтiк тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, дене кiрiптарлығына, жинақылығы, әдеттегi қызметпен айналысу қабiлетi, экономикалық дербестiгi мен қоғамға кiрiгу қабiлетi шектелуiне байланысты болуы мүмкiн әлеуметтiк кемiстiктер дәрежесiн анықтау;
21) медициналық тексеру - балалардың тiршiлiк-әрекетiнiң шектелуiне себеп болатын жекелеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының) бұзылу (болмау) түрiн, ауырлығын анықтау;
22) педагогикалық тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;
23) кәсiби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемiстiгiн ескере отырып балалардың еңбек қызметiнiң немесе кәсiптiң дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;
24) кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйi деңгейiнiң болжамын, психикалық-дене төзiмдiлiгiн, отбасының әлеуметтiк мәртебесi мен әлеуметтiк инфрақұрылым мүмкiндiктерiн ескере отырып, оның қажеттiлiктерiнiң құрылымына, ден қоятын мәселелерiнiң шеңберiне, құштарлықтарының деңгейiне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметке қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк iс-шаралар тiзбесi;
25) уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтiк қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттік қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi.
3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi
1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.
2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:
1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру;
3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету;
4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады.
3. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мiндеттерi:
1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн құру;
2) арнаулы білім берудi және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi жүзуге асыратын ұйымдар желісін дамыту;
3) кемтар балаларды әлеуметтiк бейiмдеу;
4) кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қолдау;
5) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;
6) халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерi жөніндегі қызметiн сабақтастыру болып табылады.
4. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мынадай принциптерге:
1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтiк қолдау және оңалту көмегiн көрсету кепiлдiгiне;
2) кемтар баласы бар отбасы мен әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына;
3) балалардың қабiлеттерiнiң шектелу дәрежесiне, жасына, әлеуметтiк мәртебесiне қарамастан, ерте қолдау мен білім алуға қол жеткiзуiне және тең құқықтылығына;
4) әрбiр балаға жеке тұрғыдан келiп, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетудi саралауға негiзделедi.
2-тарау. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандырудың стандарттарын айқындайды;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемiн бекiтедi;
4) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында «қатер» тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және скрининг нәтижелері мен «қатер» тобындағы балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындайды;
2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi;
3) білім беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, «қатер» тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi;
4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:
1) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бiлiм алу үшін арнаулы жағдайлардың бірыңғай қағидаттары мен нормативтерiн айқындайды;
2-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) арнаулы білім беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшiн білім беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды;
5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi;
6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды;
7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) білім беру ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
9) арнаулы білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтiк қызметкерлер қызметiнiң функциялары мен сипатын айқындайды, мамандықтардың тiзбесi мен оларға қойылатын біліктiлiк талаптарын белгiлейдi, әлеуметтiк қызметкерлерге әдiстемелiк көмек көрсетедi;
4) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң әлеуметтiк нормативтерiн, түрлерi мен нысандарын әзiрлейдi;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң стандарттарын, тегiн әлеуметтiк қызмет көрсетудiң тәртібін әзiрлейдi;
8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережені әзiрлейдi, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында скрининг ұйымдастырады;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) скрининг нәтижелерiн және «қатер» тобындағы балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісуімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi;
5) кемтар балаларды арнаулы білім беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастырады және оларды басқа білім беру ұйымдарында оқыту үшiн жағдай жасайды;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) арнаулы білім беру ұйымдары мен психикалық және (немесе) дене кемiстiктерiн анықтау, есепке алу мен түзеу салаларында жұмыс iстейтiн кадрларды қайта даярлауды, біліктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады;
8) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөніндегі әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөніндегі қызметтi үйлестiредi;
9) жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, кепiлдiктi медициналық қызмет көрсетiлу және тегiн білім алу құқықтарын iске асыруды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек алуды және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлудi қамтамасыз етедi;
10) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi;
11) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң шешiмiмен: елу мың балаға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында; оңалту орталықтары - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында құрылады.
3-тарау. Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет
9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы білім беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Медициналық қызметтерді профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.
2. Медициналық қызметтерге:
1) «қатер» (скрининг) тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жас сәби балаларды жаппай стандартты тексеру;
2) туа бiткен, тұқым қуалаған және жүре пайда болған патологияның тереңдетiлген диагностикасы;
3) психика-дене дамуында ауытқулары бар балаларды медициналық түзеу және оңалту;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетiн өзге де қызметтер жатады.
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да білім беру ұйымдары көрсетедi.
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Көрсетілетін арнаулы білім беру қызметтеріне: