1) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында балаларды тереңдетіп және кешенді зерттеп-қарау;
2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау;
3) арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқыту және тәрбие беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін өзге де қызметтер жатады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететiн ұйымдар болып табылады.
6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;
2) протездеу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi көрсету;
3) арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;
4) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына консультациялық көмек көрсету;
5) әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтер көрсетуi жатады.
Әлеуметтiк қызметкерлердiң құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
10-бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметiн ұйымдастыру азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсе отырып білім беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы білім және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келісімiмен ғана жiбередi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Кемтар балаларға білім берудi ұйымдастыру
1. 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Кемтар балалардың Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарында белгiленген тәртiппен білім алуға құқығы бар.
Мемлекет кемтар балаларды кәсiби даярлауға жәрдемдеседi.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Арнаулы білім беру ұйымдары тірек-қимыл аппараты, көру және (немесе) есту және (немесе) сөйлеу қабілеті бұзылған, интеллектісі, эмоциялық-сана жағынан ауытқушылығы бар балалардың білім алуы үшін ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да баламалы қаріптерді, қарым-қатынас жасау және оқыту әдістерін пайдалана отырып арнаулы жағдайлар жасайды.
12-бап. 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру
Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби білім беру
1. Кемтар балалар Қазақстан Республикасының білім беру туралы заң актілеріне сәйкес кәсiби білім ала алады.
2. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы білім беру ұйымдарында жүргiзiледi. Кемтар балалардың болашақ кәсiби қызметiнiң мүмкiндiктерi мен сипатын айқындау үшiн кәсiби-консультациялық орталықтарда, арнаулы білім беру ұйымдарында кәсiби диагностика жүргiзiледi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға техникалық және кәсіптік білім беру арнаулы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
4-тарау. Кемтар балалардың құқықтары, олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері
15-бап. Keмтap балалардың құқықтары
1. Кемтар балалардың:
1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) денсаулық сақтау субъектілерінде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн зерттеп-қаралуға және тегін медициналық көмек алуға;
3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;
4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегiн мектепалды және жалпы орта білім алуға;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуға;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) оқу бiтiргеннен кейiн алған білімiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмысқа орналасуға;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегiн білім алу, білім беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi білім беру ұйымдарында білім алуына болатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.
3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы білім беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң құқықтары
Кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң:
1) баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда куәландыру кезiнде қатысуға;
2) баланы тексерудiң нәтижелерi, жеке әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелерi туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық, арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
3) өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.
17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi
1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, білім берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын icкe асыруға қатысуға тиіс.
2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
18-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының