Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 19 қарашадағы № 1754 Қаулысы
(2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
5-тармақты қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне үш, оның iшiнде бір бірiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Орта және кәсiптiк білім комитетi (бұдан әрi - Комитет) таратылсын.
4. Комитет таратылғаннан кейiнгi оның мүлкiн басқару жөніндегі өкілеттiк Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берiледi деп айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 29.11.03 ж. № 1214 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауында болатын мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер) құрылсын:
1) Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы;
2) Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты;
3) Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты;
4) Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты;
5) А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыкалық мектеп-интернаты;
6) Республикалық қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдетiп оқытатын мектеп-интернаты;
7) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 358 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапханасы;
9) Академик Қ.И.Сәтпаев мемориалдық мұражайы.
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгі:
1) Комитеттi таратуды жүзеге асырсын;
2) Комитеттi таратқан соң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
3) құрылған Мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 1999 жылғы
19 қарашадағы
№ 1754 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 17.01.01 ж. № 61 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Білім және ғылым министрлігі (мұнан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының басшылық, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде білім, ғылым мен техника саласында салааралық үйлестiрудi iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің ведомствосы бар: Жоғары аттестациялық комитет.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Министрлiкке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
Министрлiктiң құрылымын Білім және ғылым министрi (мұнан әрi Министр) бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 21.02.03 ж. № 186 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 60.
7. Министрлiктiң толық атауы "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiктiң өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан басқа кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға кiруiне тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заң актілерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктің негізгі мiндеттерi, функциялары
мен құқықтары
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) білім, ғылым мен техника саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзiрлеп, жүзеге асыру;
2) жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде қалыптасуына, дамуы мен кәсiптiк қалыптасуына бағытталған бiлім алуына қажеттi жағдайлар жасау;
3) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына кепiлдендiрiлген тегiн орта білім алуын қамтамасыз ету;
4) ғылыми зерттеулердi жетiлдiрудi ұйымдастырып, оларды мiндеттi түрде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ғылыми зерттеулердiң нәтижесiн мемлекеттік қабылдаудан өткiзе отырып ашық конкурстар негiзiнде қаржыландыруды қамтамасыз ету;
5) білім және ғылым саласын ақпараттандыру;
6) ресурстарды ғылым мен техниканың басым бағыттарына топтастырып, өз қызметiнiң саласына тiкелей инвестиция тартуға қатысу;
7) білім, ғылым мен техника саласындағы заңдарды жетiлдiру үшiн ұсыныстар әзiрлеу;
8) білім, ғылым мен техника саласында жекешелендiру бағдарламасын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысу;
9) ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау мен аттестациялау;
10) Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 02.12.99 ж. № 1824 қаулысымен 11 тармақ 7-1)-тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 23.07.01 ж. № 990 қаулысымен 13-1)-тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. № 550; 21.02.03 ж. № 186; 27.11.03 ж. № 1191 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) білім, ғылым мен техниканы дамытудың тұжырымдамасын, стратегиясын, мемлекеттік және мақсатты бағдарламалары мен жоспарларын әзiрлейдi;
2) білім, ғылым мен техника саласындағы заңдарды талдайды, қолдану практикасын қорытады және оларды жетiлдіру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім, мемлекеттік жалпы білім стандарттары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) білім берудiң мемлекеттік стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
5) орта кәсiптiк білім, жоғары кәсiптiк білім және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарын аттестациялауды жүзеге асырады;
5-1) жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізеді;
5-2) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;
5-3) мiндеттi мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуді ұйымдастырады;
6) білім беру технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргiзедi, білім берудi ақпараттандыруды, бірiншi кезекте мектептердi компьютерлендiру, оқулықтардың жаңа толқынын әзiрлеу мен шығаруды қамтамасыз етедi;
7) конкурстық негiзде нақты және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулердiң Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұсынуы бойынша бағдарламаларын мемлекеттік ғылыми техникалық сараптаудан өткiзiп, олардың жүзеге асуына бақылау жасауды қалыптастыруды жүзеге асырады;
7-1) әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлеріндегі жетiм балаларды оңалту бағдарламасын, оларды тәрбиелеу, оқыту және сауықтырумен қоса iске асырады;
8) республикалық бюджет есебiнен ғылыми-техникалық бағдарламалардың ұйымдары - орындаушылары өткiзетiн ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестiредi;
9) өзiнiң қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң тапсыруы бойынша оларға қол қояды;
10) өз құзыретiне жататын қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттандыру жүйесiн жетiлдiредi, өз қызметiнiң саласында ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастырады;
11-1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, мемлекеттік мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдардың және басқа да баспа өнiмдерiнiң орындылығын анықтайды;
11-2) мемлекеттік бюджет есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарының, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларының, қорғалған диссертациялардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етедi;
12) ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, аттестациялауды ұйымдастырады және өткiзедi;
13) облыстық, астаналық және республикалық бағыныстағы қалалардың білім және ғылым басқармалары органдарының, мемлекеттік колледждер, басқа да орталық атқарушы органдары жоғары оқу орындарының бірiншi басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім бередi;
13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;
14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 23.07.01 ж. № 990 қаулысымен 9-1)-тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 21.02.03 ж. № 186 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді және толықтырылды
12. Министрлiктiң негізгi мiндеттерiн iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
2) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;
4) өзiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажеттi ақпараттарды сұрауға және алуға;
5) өз құзыретiнiң шегiнде ұйымдарды құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға ұсыныс енгізуге, олардың жарғыларын бекiтуге;
5-1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекітуге;
6) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік меншiк субъектiсi құқығының функциясын жүзеге асыруға;
7) Қазақстан Республикасының қолданылып отырған заңдарына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыруға;
8) баспа қызметiмен айналысуға, ведомстволық журналдар, газеттер, басқа да баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға;
9) сыйлықтар мен стипендиялар тағайындауға;
9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;
9-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргiзуге;
9-3) ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;
10) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрлiктің мүлкi
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң балансында көрсетiлетiн өзге мүлiктен тұрады.
14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өзiнше иелiктен алуға немесе оған өзгедей әдiспен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдiң, Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
18. Министр осы мақсатта:
1) өз орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
4) Министрлiктiң регламентiн және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
5) Министрлiктiң барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктiң атының өкiлдiк етедi;
6) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк шаралар қолданады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан Министр бекітеді.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы 19 қарашадағы
№ 1754 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Тізбе 2004 ж. 7 қазанға берілген өзгерістерімен
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Атырау мұнай және газ институты
2. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы
3. Алып тасталды
4. Алып тасталды
5. Республикалық білім беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагог
қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыру институты"
6. Алып тасталды
7. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi
8. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi
9. Алып тасталды
10. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi
11. Ақмола экономикалық-қаржы колледжi
12. Семей экономикалық-қаржы колледжi
13. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
14. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
15. Алып тасталды
16. Республикалық білім берудi ақпараттандыру ғылыми-әдiстемелiк
орталығы
17. Алып тасталды
18. Ботаника және фитоинтродукция институты
19. Зоология институты
20. Адам және жануарлар физиологиясы институты
21. Жалпы генетика және цитология институты
22. Микробиология және вирусология институты
23. Алып тасталды
24. Алып тасталды
25. Алып тасталды
26. Алып тасталды
27. Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институты
28. Алып тасталды
29. Экономика институты
30. Ғарыштық зерттеулер институты
31. А.Байтұрсынов атындағы Тiл білімi институты
32. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
33. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
34. Философия және саясаттану институты
35. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты
36. Алып тасталды
37. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
38. Сейсмология институты
39. У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
40. Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты
41. Алып тасталды
42. География институты
43. Информатика проблемалары және басқару институты
44. Математика институты
45. В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты
46. Ионосфера институты
47. Физика-техникалық институты
48. Механика және машинатану институты
49. Металлургия және байыту институты
50. Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
51. Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және
электрохимия институты
52. Алып тасталды
53. Қолданбалы математика институты
54. Алып тасталды
55. Алып тасталды
56. Фитохимия институты
57. Алып тасталды
58. Алып тасталды
59. Алып тасталды
60. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер
орталығы
61. Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
62. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
63. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егiн шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты
64. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты
65. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты
66. Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылықтары ғылыми-зерттеу институты
67. Қазақ мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институты
68. Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру
ғылыми-зерттеу институты
69. Қазақ өсiмдiктердi қорғау ғылыми-зерттеу институты
70. Қазақ жемiс және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
71. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру
ғылыми-зерттеу институты
72. Қазақ мал азығын өндiру және жайылым ғылыми-зерттеу институты
73. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
74. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
75. А.И.Бараев атындағы Еңбек Қызыл Ту ордендi Қазақ астық
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
76. Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу
институты
77. Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
78. Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
79. Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институты
80. Қазақ ет және сүт өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және
конструкторлық институты
81. Қазақ астық және оның өнiмдерiн өңдеу ғылыми-зерттеу институты
82. Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу
ғылыми-зерттеу технологиялық институты
83. Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
84. Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
85. Арал аймағының агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты
86. Солтүстiк мал шаруашылығы және мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу
институты
87. Тың ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру
ғылыми-зерттеу институты
88. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
89. Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
90. Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кiтапханасы
91. Академик К.И.Скрябин атындағы Жамбыл мал дәрiгерлiгi
ғылыми-зерттеу станциясы
92. Батыс Қазақстан мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу станциясы
93. Қостанай мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу станциясы
94. Оңтүстiк Қазақстан мал дәрігерлiгі ғылыми-зерттеу станциясы
95. Кондратов тәжiрибе-үлгiлi орман питомнигi
96. Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясы
97. Алматы орман тәжiрибе станциясы
98. Алтай орман тәжiрибе станциясы
99. Арқалық ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы
100. Жамбыл ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы
101. Қарабалық тәжiрибе станциясы
102. Красноводопад селекциялық тәжiрибе станциясы
103. Львов тәжiрибе станциясы
104. Мақтаарал тәжiрибе станциясы
105. Н.И.Вавилов атындағы Арал аймағы өсiмдiктiң генетикалық
ресурстары тәжiрибе станциясы
106. Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы
107. Степноишим ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы
108. Торғай ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы
109. Орал ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы
110. "Ақдала" кәсiпорны
111. "Алтынтөбе" кәсiпорны
112. "Бірлік" кәсiпорны
113. Алып тасталды
114. "Заречная" кәсiпорны
115. Алып тасталды
116. "Келес" кәсiпорны
117. "Қызылқұм" кәсіпорны
118. "Қапал" кәсiпорны
119. "Көктал" кәсiпорны
120. "Комсомол" кәсiпорны
121. Қ.Қонысбаев атындағы кәсiпорын
122. "Мерке" кәсiпорны
123. Алып тасталды
124. Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығы
125. "Помологиялық бақ" кәсiпорны
126. "Сарыағаш" кәсiпорны
127. "Түгiскен" кәсiпорны
128. Алып тасталды
129. Ақсеңгiр тәжiрибе шаруашылығы
130. Шығыс-Қазақстан тәжiрибе шаруашылығы
131. Зырян тәжiрибе шаруашылығы
132. Қарауылтөбе тәжiрибе шаруашылығы
133. Қаскелең тәжiрибе шаруашылығы
134. Алып тасталды
135. "Ертіс" тәжiрибе шаруашылығы
136. Майлы дақылдар тәжiрибе шаруашылығы
137. Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ тұқым жөніндегі тәжiрибе
шаруашылығы
138. Дәндi дақылдар тәжiрибе шаруашылығы
139. Алып тасталды
140. Жемiс-жидек тәжiрибе шаруашылығы
141. Алып тасталды
142. Бiрiншi май тәжiрибе шаруашылығы
143. Алып тасталды
144. "Қарабау" таңдаулы тұқым өсiру шаруашылығы
145. А.Құлжабаева атындағы "Задария"
мемасыл тұқым зауыты
146. "Каменка" мемасыл тұқым зауыты
147. Көктал ата-аналық жүгері тұқымдарының түрлерiн қайта өңдеу және
сақтау зауыты
148. М.А.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия
институты
149. Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
институты
150. Ғалымдар үйi
151. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы
152. Орталық ғылыми кiтапхана
153. Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана
154. Алып тасталды