шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Авариялық жағдайды шұғыл түрде болғызбау қажет болған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспей, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынбау және (немесе) оны сақтамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
91) 282-бапта:
бесінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
жетінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
оныншы бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
он бірінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
92) 283-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндірушінің немесе импорттаушының шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы - »;
екінші абзацтағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
93) 285-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушiнің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі төлем тапсырмасын, мемлекеттік кіріс органдарының салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерін - салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы -
төлем тапсырмасы бойынша аударылмаған соманың немесе орындалмаған инкассолық өкім сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
94) 287-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы»;
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
жетінші бөлік алып тасталсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
95) 288-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
96) 289-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының үш пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
97) 296-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар тізілімінен алып тастай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
98) 298-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының қадағалауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келмесе, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
99) 299-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, жұмыскерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі;»;
100) 308-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру
1. Мұнай құбырлары мен газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;
101) 312-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
102) 313-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «тиiстi қызмет түрiне» деген сөздер алып тасталсын;
103) 317-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «бір жүз сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «бір жүз сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «бір жүз сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «бір жүз сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
104) 328-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне эмиссиялардың асырылған көлемi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға төлемақы мөлшерлемесінің бiр мың пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
105) 331-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
106) 332-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
107) 337-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «он,» деген сөз «он, лауазымды адамдарға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «он бес,» деген сөздер «он бес, лауазымды адамдарға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
108) 343-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - отыз бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
109) 344-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
110) 351-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
111) 357-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаған табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тіркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшін төлемақыны қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;
112) 358-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
113) 359-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
114) 360-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту»;
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
115) 361-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
116) 362-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
117) 364-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
118) 365-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
119) 366-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы Кодекстің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.»;
120) 368-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
121) 369-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
122) 370-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
123) 373-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
124) 374-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
125) 381-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
126) 385-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
127) 387-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
128) 388-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
129) 397-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
130) 400-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының аумағына және мемлекетішілік тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу;»;
131) 401-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Астық қабылдау кәсіпорнының, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Астық қабылдау кәсіпорнының үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер шығаруы және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі -