«64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату
Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Ескертпе. Адамды осы бапта көрсетілген негіз бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтан босату туралы мәселе шешілген кезде - әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ қолсұғушылық объектісі, ал келтірілген зиян болған кезде оның мөлшері ескеріледі.»;
16) 69-бапта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.
4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер осы Кодекстiң 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.»;
17) 70-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
18) 74-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
19) 75-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу
1. Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (шекаралық аймақтарды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың әрекетi (әрекетсiздiгi), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 78-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 79-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«3. Меншiк иесiнiң, оператордың немесе үшiншi тұлғаның дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
23) 80-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензиядан және (немесе) маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) 81-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
25) 83-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
26) 87-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 91-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген зейнетақы төлемдерін, аударымдарды жүзеге асыру мерзімдерін және (немесе) тәртібін және (немесе) талаптарын, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу тәртібін бұзуы -»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Зейнетақыларды және мемлекеттік жәрдемақыларды толық мөлшерде және (немесе) белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
28) 92-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген талаптарды:
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының тағайындалған әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және мөлшерінің толықтығын бұзуы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және төлемдер мөлшерінің толықтығын бұзуы түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы, -»;
29) 93-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, ескерту жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
30) 94-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы -
ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
31) 95-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
32) 96-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
33) 98-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есепті көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«5. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
34) 99-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
35) 106-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
36) 128-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
37) 130-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 132-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
39) 133-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
40) 138-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
41) 141-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Лимиттердi бұзып су алу, су пайдаланудың рұқсат берілген көлемінен асыру, белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
42) 144-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
43) 151-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
44) 158-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
45) 159-бапта:
бесінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «үш жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 160-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
47) 162-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз алпыс, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
48) 170-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
тоғызыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
49) 172-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
50) 174-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 176-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн лауазымды адамның, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсiмi немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға көрінеу залал келтiріп, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiріп, өзiне артықшылық жасағанын бiлетiн кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
52) 179-бапта:
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
он жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
жиырма екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Осы баптың төртінші және он жетінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - жиырма бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -»;
мынадай мазмұндағы жиырма үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«23. Осы баптың төртінші және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
53) 180-бапта:
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -»;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«10. Осы баптың бесінші бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
54) 181-бапта:
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға әкеп соғады.»;
он тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - он сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) - »;
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы бөлікпен толықтырылсын:
«20. Осы баптың бесінші бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
55) 182-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
56) 185-баптың ескертпелері алып тасталсын;
57) 188-бап алып тасталсын;
58) 190-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацындағы «белгілі бір қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «белгілі бір қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «белгілі бір қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын
59) 200-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «тиісті қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
60) 201-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
61) 205-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - орындалмаған міндеттемелер сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - орындалмаған міндеттемелер сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттемелер сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;