лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Оларсыз астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
132) 407-баптың бірінші бөлігінің 4) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;»;
«7) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды малды бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін бұрмалауы түрінде жасалған бұзушылық - »;
133) 409-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
«7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
134) 412-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
135) 413-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«413-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден асатын мөлшерде радиоактивтi заттарды атмосфераға, суға және жер қойнауына негiзсiз немесе әдейi шығару; радиоактивтi заттар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияны тоқта тұруға әкеп соғады.
2. Сәулеленуге ұшыраған немесе құрамында радиоактивтi заттар бар өнiмді және материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымға тарту, тиiстi даярлықтан өтпеген не бiлiктiлiгiн куәландыратын құжаты жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
136) 414-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу; ядролық материалдарды, ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды немесе иондандырушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, - »;
137) 418-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу
1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
138) 423-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «тиiстi қызмет түрiне» деген сөздер алып тасталсын;
139) 427-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
140) 434-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
141) 439-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
142) 440-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -»;
143) 441-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
144) 442-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
145) 444-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «үш жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
146) 449-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады»;
147) 450-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
148) 452-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке арналған лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
149) 458-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт жүз» деген сөздер «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын
150) 460-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
151) 462-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «белгілі бір қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
152) 463-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.»;
153) 464-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «белгілі бір қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «белгілі бір қызмет түріне» деген сөздер алып тасталсын;
154) 465-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
155) 466-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
156) 467-бап алып тасталсын;
157) 470-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыруы, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуі -
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
158) 472-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдарға келіп түскен, арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;»;
159) 479-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау
Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қабылдамауы -»;
160) 488-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.»;
161) 498-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға және жеке сот орындаушыларына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
162) 510-бапта:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке басын куәландыратын құжатсыз не ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;
3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі - »;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«4. Осы баптың екінші, үшінші бөлiктерiнде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
163) 513-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.»;
164) 514-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;»;
165) 517-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы - »;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.»;
166) 518-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тіркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеуі -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
167) 519-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
168) 528-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын беру -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
169) 558-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кеден ісі саласындағы талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік кіріс органдарының және олардың лауазымды адамдарының кеден іс саласындағы талаптарын орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
170) 559-бапта:
тоғызыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
171) 565-1-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «бір жүз сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
172) 571-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу - »;