313) 890-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі
1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама - заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.»;
314) 892-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау»;
315) 893-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау
1. Айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұл осы Кодекстiң 888-бабында көзделгендей кейiнге қалдырылған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген судьяны немесе органды (лауазымды адамды) жазбаша немесе электрондық нысанда кейіннен хабардар ете отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.»;
316) 894-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын::
«894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.»;
317) 896-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі
1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәжбүрлеп орындатуға жіберілуі мүмкін.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.»;
318) мынадай мазмұндағы 910-1-баппен толықтырылсын:
«910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату
1. Жазаны тағайындау үшін негіз болған мән-жайлардың жойылғаны анықталған жағдайларда, тиісті жазаны қолданған судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ осы Кодекстің 187 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 191 (бірінші бөлігінде), 281 (үшінші бөлігінде), 282 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 427 (бірінші бөлігінде), 445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 445-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 485-1 (бірінші бөлігінде), 489-1 (екінші бөлігінде), 604 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны орындауды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның немесе оның өкілінің (заңды өкілінің) өтінішхаты негізінде мерзімінен бұрын тоқтата алады.
2. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхат келіп түскен күні екі тәулік ішінде осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамға бұзушылықтардың жойылғаны жөнінде қорытындыны беру туралы сауал жібереді.
3. Тиісті сауал келіп түскен кезде қорытынды дайындау мақсатында лауазымды адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолдануға негіз болған мән-жайлардың жойылуын тексереді.
Қорытынды сауалды алған кезден бастап бес тәулік ішінде жазбаша нысанда беріледі.
Аталған қорытынды сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, бірақ қорытындымен келіспеушілік уәжді болуы тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты осы Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіппен өтінішхат келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды. Бұл ретте әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам немесе оның өкілі (заңды өкілі) өтінішхатты қарауға қатысу үшін шақырылады, олар түсініктеме беруге және құжаттар ұсынуға құқылы.
5. Ұсынылған құжаттарды зерттегеннен кейін сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
6. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын қайта бастау не бұрын тоқтатыла тұрған қызметті қайта бастау күні көрсетіледі.
7. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шағым жасауға жатпайды.»;
319) 916-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам заңнамада белгіленген тәртіппен шығарып жіберілуге жатады.»;
320) 917-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар
Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны мыналар орындайды:
1) осы Кодекстiң 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екiншi бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
2) осы Кодекстiң 109, 449 (үшінші бөлігінде), 490 (үшінші, жетінші бөліктерінде), 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 510 (төртінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде -iшкi iстер органдары.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 127-VІ