«Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде айқындалатын көлемде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру кәсіпорындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі медициналық, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ қаржыландыру көлемін тиісті саланың уәкілетті органы өзі дербес айқындайтын республикалық орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен айқындалады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Білім беру ұйымдары өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалған, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ағымдағы қаржы жылындағы кірістерін кезекті қаржы жылында пайдаланады.»;
4-1-тармақ алып тасталсын;
4-2 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Жергілікті атқарушы органдар меншік нысанына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.»;
«5-1. Білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 31) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып, білім беру гранттары түрінде орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында стипендиялық бағдарламалар бойынша оқытуды қаржыландыру оқытудың тиісті кезеңіне бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.»;
35) 63-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарына:»;
екінші бөліктегі «жоғары» деген сөз «жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік білім беру мекемелері және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:»;
9) тармақшадағы «ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери, арнаулы оқу орындары қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді.»;
36) 64-баптың 4-тармағындағы «мекемелері» деген сөз «ұйымдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
37) 9-тарау мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын:
«64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымында ақша жеткіліксіз болған кезде әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджеттің қаражатымен оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.»;
38) 12-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. Өтпелі ережелер
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға мамандықтар бойынша білім туралы құжатты беруге құқылы.».
10. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 58-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік «енгізілген ақшаға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.»;
2-тармақта:
екінші бөлік «енгізілген ақшаны» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны өндіріп алу бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.»;
2) 62-баптың 3-тармағында:
төртінші бөлік «енгізілген ақшаны» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.»;
3) 98-бап:
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігі 19-1) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.».
11. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; № 21-III, 135-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;»;
22) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор - уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;»;
«28) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор - ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;»;
2) 4-бапта:
14) тармақшадағы «ғылыми дәрежелерді» деген сөздер «дәрежелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «ғылыми» деген сөз алып тасталсын;
3) 12-баптың 2-тармағындағы «ғылыми дәрежесі» деген сөздер «ғылыми дәрежелері, дәрежелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы эндаумент-қорының инвестициялық кірісі қаражатынан білім алушыларды, ғалымдарды, ғылыми жұмыскерлерді және ұйымдарды көтермелеу шарасы ретінде стипендия төленуі мүмкін.»;
5) 28-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұйым жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудан түскен кірістің бір бөлігін ғылыми зерттеу жүргізуді не оны коммерцияландыруды қаржыландыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорына бөлуге жол беріледі.».
12. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 134-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «денсаулық сақтау;» деген сөздерден кейін «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 139-баптың 3-тармағы «басшыларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 142-бап «кеңесі» деген сөзден кейін «немесе құрылуы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де алқалы басқару органдары» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы - Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;»;
2) 26-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының əскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқыту уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражатты өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге қатысты беріледі.
Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады.
Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда, өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты өтелместен, мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.»;
3) 39-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жолдамасы бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің, мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің және мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы ғана білім алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.».
14. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1-қосымшаның 3-жолының 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бастауыш білім беру.
2. Негізгі орта білім беру.
3. Жалпы орта білім беру.
4. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру.
5. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру.
6. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру.
7. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
8. Діни білім беру.».
15. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот - кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды жекеше әріптес орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;»;
2) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі
1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.
2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.
3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.
Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.»;
3) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кредиторға кепілге беру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.