2) 1-бапта:
2), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) академия - белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2-1) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
2-2) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2-3) аккредиттеу органы - өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
«2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) - аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;»;
7-3) тармақшадағы «нақты мамандық бойынша» деген сөздер алып тасталсын, «шеберлік пен» деген сөздер «машықтар мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «жоғары білім алуға» деген сөздер «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы - білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген тұлғалардың бюджет қаражаты шығыстарын өтеу немесе өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;»;
17-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-2) ерекше мәртебе - жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;
19-3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;»;
21-2), 21-3), 21-4) және 21-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі - кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;
21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;
21-5) жоғары колледж - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;»;
мынадай мазмұндағы 21-6) және 21-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-6) зерттеу университеті - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
21-7) инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) институт - ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;»;
36) тармақшадағы «білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана» деген сөздер «академиялық кредиттерді жинақтай» деген сөздермен ауыстырылсын;
41-2) тармақшадағы «тиісті мамандық бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
45) тармақшадағы «білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және» деген сөздер «кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
48-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48-2) оқыту нәтижелері - білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;»;
мынадай мазмұндағы 48-3) тармақшамен толықтырылсын:
«48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
53-1), 53-2), 53-3), 53-4) және 53-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;
53-2) студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс - мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
53-4) сынып жетекшілігі - педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;
53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі - білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 53-6), 53-7) және 53-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-6) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
53-7) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
53-8) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;»;
54), 56-1) және 56-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«54) университет - әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;»;
«56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
56-2) ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;»;
3) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:
1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;
2) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.»;
4) 4-бапта:
4) тармақшадағы «жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар» деген сөздер «жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «жоғары білім алуға» деген сөздер «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;»;
19), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;
5) 5-бапта:
бірінші бөлікте:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 4-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады;
2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2-5) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-6) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
5-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6-2) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) заңды тұлғаларға мыналарды:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді;»;
9-1) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы «тізілімін» деген сөз «тізілімдерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін қалыптастырады және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;»;
9-тармақтың 5) тармақшасының отыз жетінші абзацының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«14-3) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сырттай және кешкі оқу нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді;»;
15-2) тармақша «бекітеді» деген сөзден кейін «, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
16), 17), 19) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«19) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
25-2) тармақшадағы «жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары» деген сөздер «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;»;
35) тармақшадағы «мекемелерінің» деген сөз «ұйымдарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-3) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38-4) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекітеді және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастырады;»;
43) тармақшадағы «мамандарды» деген сөз «кадрларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 43-2) тармақшамен толықтырылсын:
«43-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
46-1) тармақшада:
«, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің» деген сөздер «білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әдістемелерін» деген сөз «әдістемесін (бұдан әрі - жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
46-2) тармақшадағы «, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің» деген сөздер «білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
46-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46-6) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (РһD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
46-8) тармақша алып тасталсын;
46-11) тармақша «кәсіптік практиканы» деген сөздердің алдынан «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
46-13) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-18) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-19) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;
46-20) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;
6) 5-1-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекітеді;»;
7) 6-бапта:
2-тармақта:
8) және 8-1) тармақшалардағы «мамандарды» деген сөз «кадрларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
24-3) тармақшадағы «мекемелеріне» деген сөз «ұйымдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
7) тармақшадағы «мамандарды» деген сөз «кадрларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;»;
18) тармақшадағы «мекемелер» деген сөз «білім беру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-6) тармақшадағы «мекемелеріне» деген сөз «ұйымдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;»;
8) 7-баптың 2-тармағы «жүйесі» деген сөзден кейін «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 8-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Шетелдіктердің» деген сөз «Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай жасайды. Жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып табылады.»;
4-1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
10) 9-1-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру ұйымдары танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.»;
6-тармақ алып тасталсын;
11) 14-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөліктегі «жоспарлары мен үлгілік» деген сөздер «жоспарларының және (немесе) үлгілік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпы білім беретін пәндер циклінің жұмыс оқу бағдарламаларын қоспағанда, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.»;