3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жұмысшы кадрлары» деген сөздер «кадрлар, оның ішінде жұмысшы кадрлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 21-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары міндетті құрауыштың және таңдау бойынша құрауыштың пәндерін қамтиды.
Білім алушы таңдау бойынша құрауыш шеңберінде жеке оқыту траекториясын айқындау кезінде:
1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;
2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады.
Негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді меңгерудің тәртібі мен көлемі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында белгіленеді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»;
3-тармақтағы «және ол кемінде төрт жыл болуға тиіс» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «Интернатура туралы ережені» деген сөздер «Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды, оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кәсіптік практиканы, диссертация (бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларына арналған жобаны) жаза отырып, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»;
14) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «қатысты» деген сөз «қарай» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «білім беру» деген сөздер «білім беру бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «біліктілікті» деген сөз «құзыреттерді» деген сөзбен, «арттыру бағдарламалары болып бөлінеді.» деген сөздер «арттыру бағдарламалары;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.»;
15) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «азаматының» деген сөз «азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасындағы «мамандықтар бойынша» деген сөздер «білім беру бағдарламалары бойынша оқуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының тізбесі мен арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін білім алушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.»;
11-тармақ «мамандықтары» деген сөзден кейін «немесе білім беру бағдарламалары» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 28-баптың 6-тармағындағы «, ал жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери кафедраларда» деген сөздер алып тасталсын;
17) 29-баптың 2-тармағы:
үшінші абзацтағы «кабинеттеріне жүктеледі.» деген сөздер «кабинеттеріне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.»;
18) 35-бапта:
2-тармақта:
9-тармақтың 18) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «ұлттық жоғары оқу орны» деген сөздер «ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «бакалавр» дәрежесі беріледі немесе «маман» біліктілігі беріледі.»;
19) 36-бапта:
9-тармақтың 19) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.»;
2-тармақтағы «жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында,» деген сөздер «қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «Резидентура туралы ережені» деген сөздер «Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 37-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «Ересектерге» деген сөз «Ересектерге қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.
Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.»;
21) 39-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.»;
22) 40-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;»;
23) 40-1-бап алып тасталсын;
24) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруын, қайта ұйымдастыруын және таратуын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын коммерциялық емес ұйымдар етіп қайта ұйымдастыру «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
25) 43-бапта:
3-тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.»;
26) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен мынадай қызмет түрлерін:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
2) білім алушыларды тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;
3) жұмыскерлерді тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;
4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;
6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, спорттық және шығармашылық секциялар құруды;
7) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызметті;
8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагог жұмыскерлер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен оларға қатысуды;
9) білім алушыларды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлауды;
10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды;
11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалау конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құруды;
12) білім мен ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ендіруге қатысуды;
13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивтік білім беру ресурстарын және оқу фильмдерін ұйымдастыруды, жасауды және дамытуды;
14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысуды;
15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды, қаржыландыруды, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуды;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олармен үлестес тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерімен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;
3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;
5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;
8) білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;
9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;
12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;
13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын ендіру;
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну жатады.
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорын құруға;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;
3) стартап-компаниялар ашуға;
4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық құралдардың қосымша көздерін тартуға;
5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.
4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруге де құқылы.
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген қызмет түрлерін, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 6), 7), 9), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының осы баптың 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;
27) 44-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға» деген сөздер «мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:
«9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 6), 7) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ:
1) штат санын бекіту;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту;
4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді қабылдау жатады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»;
28) 47-бапта:
3-тармақтың 6) тармақшасы «мамандықтан» деген сөзден кейін «немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың төртінші бөлігіндегі «жоғары және» деген сөздер «жоғары және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 28) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақтағы «Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім» деген сөздер «Білім» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтағы «және жоғары білім беретін ұйымдарда» деген сөздер «, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың бесінші бөлігіндегі және 17-5-тармақтағы «орган сенім білдірген агентке» және «органның сенім білдірілген агентінің» деген сөздер тиісінше «органның операторына» және «орган операторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 52-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
30) 55-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру сапасын басқару техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.»;
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында - жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.»;
6-тармақтағы «сырттай бағалау жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары білімді мамандықтардың» деген сөздер «сыртқы бағалау жүргізілетін орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 56-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «білімнің» деген сөздің алдынан «оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды және атауы көрсетіледі.»;
33) 61-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) стипендиялық бағдарламаларды бюджеттік қаржыландыру;»;
5) тармақша «салымдары» деген сөзден кейін «, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының эндаумент-қорларының инвестициялық кірістерінің қаражаты» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «мамандарды» деген сөз «кадрларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) 62-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: