Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алуға құқылы.
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар
1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін, осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа, кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге де кіріс алуға құқылы емес.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.
36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай шарт бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерге қоса:
1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.»;
13) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
11) тармақшадағы «немесе осы Заңда» деген сөздер алып тасталсын;
11-1) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
3) тармақшадағы «немесе осы Заңда» деген сөздер алып тасталсын;
3-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.»;
12-тармақтың 14) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтанушының келісімін алу жөніндегі осы баптың 1-тармағының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.
Сақтандыру портфелі берілгенге дейін сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
15) 46-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.»;
16) 48-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, сақтандыру холдингінің болуы жөніндегі талап дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне, тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
17) 54-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде болуы көзделген, сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған;»;
18) 79-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет қатысатын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі коммерциялық емес ұйым болып табылады.»;
2, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 4) тармақшасындағы «есептеу болып табылады.» деген сөздер «есептеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.»;
19) 80-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.»;
20) 81-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.»;
21) 85-бап алып тасталсын.
13-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
13. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
212-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншік құқығын мемлекеттік тіркегеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде тіркеледі.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның пайдасына құқықтарды (талаптарды) берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылысын:
«Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.».
14. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен не ұлттық басқарушы холдингтен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабына сәйкес, өздері бұрын сатып алған өз акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.».
15. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
1) 1-баптың 3-1) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері;»;
«16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы;»;
2) 4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың акционері болып табылады. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары да Қордың акционерлері бола алады. Қор акцияларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде елу пайызын плюс бір акцияны құрауға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционерінің акциялар саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс.
4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.»;
«9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары
1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қордың акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.
4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
4) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және өз капиталы жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қарыз беруге құқылы, бұл қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.»;
5) 17-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде осы Заңның 17-2-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын, жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.»;
6) 17-2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерлерде (айлық есептік көрсеткіштермен) жүзеге асырылады:
1) өміріне зиян келтірілген кезде - 1000;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген кезде - 500;
3) жерлеуге жұмсалған шығыстар - 100.»;
7) 22-бапта:
2-тармақтағы «немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер алып тасталсын;
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар алып тасталсын.
16. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж. № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
17. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
18. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.».
19. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
8-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға» деген сөздер «көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен қатысу шартын жасасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «кіруге;» деген сөз «кіруге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын.
20. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат;№ 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 53) тармақшасы «нысанында құрылған,» деген сөздерден кейін «дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы уәкілетті органға тиесілі,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 30-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарын, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асырған кезде облигациялар шығарылымын жою туралы эмитент органының шешімі болғанда;»;
3) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (біржақты мәмілені тіркеген жағдайда - мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрығы негізінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен мәмілелері тіркелген жағдайда, оны тіркеуші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде жүзеге асырады.»;
20-тармақтың 4) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (номиналды ұстаушы) кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды көрсете отырып, осы мәмілені тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтерді қамтитын (қамтыған), кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының бұйрықтары негізінде, ал «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2 және 61-4-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған жағдайда - ауыртпалықты алып тастаусыз кепіл ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырады;»;
5) 45-бап мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері (бұдан әрі осы бапта - активтер) сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асырады.
9. Осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптары активтерге қатысты бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жоғарыда көрсетілген түрлерін жүзеге асырған кезде, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамға қолданылмайды.
Осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам активтерге қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті осы акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі инвестициялық декларацияларға сәйкес жүзеге асырады.