10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылмайтын клиенттермен брокерлік қызметтерді көрсету туралы және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттар жасалған жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асырады.»;
6) 67-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шарт бірігу шарты болып табылады, оның талаптары бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады. Эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шарттың талаптарын көрсетілген шартқа тұтастай бірігу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
20-тармақтың 7) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 72-1-бап мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Бас банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде еншілес банк акцияларын берген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуына уәкілетті органның келісімі бас банктің осы акцияларға меншік құқығы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің (номиналды ұстау) жүйесінде тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.»;
8) 84-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының «алтын акциясының» иесі сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының шешімдеріне вето қоюға құқығы бар уәкілетті орган болып табылады.».
21-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржылық ұйым - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген заңды тұлға;».
22. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат):
7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.».
23. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
5-2-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
24-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
24. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.»;
«3-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.».
25. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 4-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік «бұл ретте» деген сөздерден кейін «, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 5-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «1. Уәкiлеттi» деген сөздер «Уәкiлеттi» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.» деген сөздер «көлемдері туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.»;
5) 8-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған» деген сөздер алып тасталсын;
25-тармақтың 19) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 19-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;»;
7) 30-1-бапта:
1 және 2-тармақтардағы «өзінің пайдасына» деген сөздер «борышкер тұлғаның өтініші бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4-3) және 4-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);
4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);».
26. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
27. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
36-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті органға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы ұсынылған құжаттар алынған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қаралады. Ұсынылған құжаттар осы баптың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi.
Құжаттар ұсынылмаған немесе оларда осы баптың 2-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатудан бас тартады.».
28. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағындағы «зардап шеккен қызметкердің кінәсі болған не болмаған кезде,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-1-баптың 1-тармағындағы «, облыстық және аудандық» деген сөздер «және облыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасындағы «персоналдың санаттары мен» деген сөздер алып тасталсын;
4) 11-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн қамтуға тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;»;
5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгіленген жағдайда, сақтандыру төлемiн қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Бұл ретте, мыналар:
жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;
кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.»;
6) 17-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) қызметкерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісуі бойынша негізгі шарттың қолданылуы кезеңіне қосымша келісім жасасу арқылы сақтандыру шартына өзгерістер (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгеруі сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейін қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды түрде есептеледі.
2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған төмендегiдей сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
Кәсіптік тәуекел сыныбы | Сақтандыру тарифі |
1 | 0,12 % |
2 | 0,29 % |
3 | 0,48 % |
4 | 0,49 % |
5 | 0,52 % |
6 | 0,53 % |
7 | 0,54 % |
8 | 0,65 % |
9 | 0,56 % |
10 | 0,88 % |
11 | 0,75 % |
12 | 0,76 % |
13 | 1,29 % |
14 | 1,55 % |
15 | 1,13 % |
16 | 1,17 % |
17 | 1,21 % |
18 | 2,43 % |
19 | 1,75 % |
20 | 2,05 % |
21 | 2,54 % |
22 | 2,96 % |
»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер осы баптың 1, 2-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс. Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.»;
5-тармақтағы «персоналдың санаттары мен» деген сөздер алып тасталсын;
7) 17-1 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту
1. Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінан болса, онда осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.
2. Түзету коэффициенті қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннің алдындағы соңғы бес жылдың ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері мынадай мөлшерлерде қолданылады:
Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны | Қызметкерлердің жалпы саны |
100-ге дейін | 101-ден 500-ге дейін | 501-ден 1000-ға дейін | 1001-ден 10000-ға дейін | 10001-ден 20000-ға дейін | 20000-нан астам |
2 -ден 9-ға дейін | 3 | 2 | 1,75 | 1 | 1 | 1 |
10-нан 19-ға дейін | 3,4 | 3,2 | 3 | 2,5 | 1,25 | 1,1 |
20-дан 49-ға дейін | 3,8 | 3,3 | 3,2 | 2,75 | 2,4 | 1,25 |
50-ден 99-ға дейін | 4 | 3,5 | 3,3 | 3 | 3,1 | 1,5 |
100-ден 199-ға дейін | | 3,6 | 3,5 | 3,4 | 3 | 2 |
200-ден 299-ға дейін | | 4 | 3,75 | 3,5 | 3,2 | 3 |
300 және одан астам | | | 4 | 3,8 | 3,6 | 3,5 |
3. Егер сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, онда түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс беруші мен оның филиалы (филиалдары) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептелінеді.
4. Зардап шеккен қызметкерлер санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны есепке алынады.
5. Түзету коэффициентін қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
«19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi
1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.
Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.
Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.
Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2. Сақтандырушы қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде - 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде - 750;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде - 1000.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiн сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.