2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 37-тармағының төртінші абзацын;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 12), 13), 14), 15) тармақшаларын, 6-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 25-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру түрінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ислам банктері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
3. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде сақтандыру дерекқорын (қабылдау-тапсыру актісінің негізінде) мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға өтеусіз негізде беруге міндетті.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, уәкілетті орган жоғарыда аталған заңды тұлғаларға және оның лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
4. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметін жүзеге асырған күннен бастап үш ай ішінде ақпарат беру және мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға және осы ұйымда тіркелуге міндетті.
5. Осы Заңның қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бөлігіндегі нормалары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) жағдайларына қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы сәуірдің 27-і.
№ 311-V