2-тармақтың 89) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
89) 551-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына беріледі, ол осы Кодекстің 301 - 304-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.»;
90) 580-баптың үшінші бөлігінің 1) тармағы «айыптау актісінің,» деген сөздерден кейін «айыптау хаттамасының, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының,» деген сөздермен толықтырылсын;
91) 594-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін отыз тәулік ішінде этаппен апаруды және ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды ол ұстап берілген (экстрадицияланған) мемлекеттің тиісті органына беруді ұйымдастырады және оның орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлайды.»;
92) 595-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ішкі істер органына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін адамдарды беру орнын, уақытын және тәртібін келісу туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін адамдарды қабылдауды және оларды үшінші мемлекеттерге беруді жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.»;
93) 604-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шет мемлекеттің уәкілетті органынан сотталған адамды жазасын өтеу үшін немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды қабылдауға келісетіні туралы ақпарат алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісінше ішкі істер органына осы адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымнан шет мемлекетке беру орнын, уақыты мен тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар сотталған адамды шет мемлекетке беруді жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.»;
94) 607-баптың бірінші бөлігі «заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, жұбайы (зайыбы)» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 609-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдау туралы сұрау салу қанағаттандырылғаннан және осындай беруге шет мемлекеттің уәкілетті органының келісімі алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ішкі істер органына осы адамды Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға беру орнын, уақыты мен тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдауды жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.»;
96) 617-баптың төртінші бөлігі «айыптау актісінсіз» деген сөздерден кейін «, айыптау хаттамасынсыз» деген сөздермен толықтырылсын;
97) 628-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалғанынан кейін судьяға беріледі, ол оның заң талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай:
1) істің келісімдік іс жүргізуде қаралуын жалғастыру туралы;
2) егер сотта сотталушының кінәлі екендігіне күмән туындаса не келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы;
3) егер сот қылмыстың саралануына, азаматтық талап қоюдың мөлшеріне, жазаның түріне және (немесе) мөлшеріне келіспесе, жаңа процестік келісім жасауға мүмкіндік беру туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.
Тараптар процестік келісімнің шарттары бойынша келісімге қол жеткізбеген жағдайда, соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіп бойынша жалғастырылады.»;
98) 629-3-баптың төртінші бөлігінің 3) тармағындағы «алдын тергеу» деген сөздер «алдын ала тергеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
99) 631-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алқабилер қатысатын сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы, сондай-ақ төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру туралы, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы, сондай-ақ төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру туралы, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.».
3. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 2-тармағында:
3-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған;».
1-баптың 4-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-тармағында:
9) тармақша жетінші абзацындағы «қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды - сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.» деген сөздер «қылмыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды - сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.»;
43) тармақша сегізінші абзацындағы «қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.» деген сөздер «қылмыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.»;
69) тармақша:
жетінші абзацтағы «қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.» деген сөздер «қылмыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.»;
он төртінші абзацтағы «қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.» деген сөздер «қылмыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 41), 67) тармақшаларын, 68) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 69), 70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және жетінші абзацтарын, 72), 73), 74), 75) тармақшаларын, 76) тармақшасының үшінші, төртінші және жиырма бірінші абзацтарын;
3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 5), 6), 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының үшінші абзацын, 10) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 16), 17) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 26) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы және он төртінші абзацтарын, 28), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 85), 87), 88), 89) тармақшаларын, 3-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 желтоқсан
№ 88-VІІ ҚРЗ