7) келтірілген залал мөлшері;
8) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер;
9) заттай дәлелдемелер (олар болған кезде), олардың сақталу орны туралы мәліметтер;
10) азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар;
11) күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою.
Айыптау хаттамасына қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса беріледі.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат түскен жағдайда, оларға айыптау хаттамасын және қылмыстық іс материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы айыптау хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Айыптау хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.
5. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) айыптау хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады не осы Кодекстің 189-бабының бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен алдын ала тергеп-тексеруді тағайындайды.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық іс ұстап алу мерзімі өткенге дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
6. Прокурор айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) қылмыстық қудалауды толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
5) жаңа айыптау хаттамасын жасайды;
6) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
7. Прокурор айыптау хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының айыптау хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.»;
26) 193-бапта:
бірінші бөлікте:
2-тармақтың 26) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
16) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16) айыптау актісін жасайды;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақпен толықтырылсын:
«16-1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;»;
екінші бөлікте:
2-тармақтың 26) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9) айыптау актісін жасау;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
«9-1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіту және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу;»;
11) тармақ және үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы Кодекстің нормалары осы міндетті прокуратура органының басшысына тікелей жүктеген жағдайларда, адамды күдікті деп тану туралы және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды келісу жатады.
2-тармақтың 26) тармақшасының он төртінші абзацының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
Прокуратура органы басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7), 8), 9), 9-1) және 10) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың басшылары жүзеге асыруы мүмкін.»;
27) 194-баптың үшінші бөлігі «тергеушілері» деген сөзден кейін «, анықтаушылары» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың 28) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
28) 195-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық қудалауды, қылмыстық істі толықтай немесе бір бөлігінде тоқтату туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы, қылмыстық істерді біріктіру және бөлу туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту, сот санкциялайтын бұлтартпау шараларын қолдану және оларды ұзарту туралы өтінішхат қозғау туралы қаулыларға, сондай-ақ айыптау хаттамасына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке топ жетекшісі қол қояды.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
29) 198-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«198-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде шығарылатын шешімдер
1. Осы Кодексте осы адамның процестік әрекет хаттамасында шешімді көрсете отырып, жеке қаулы шығармай шешім қабылдау мүмкіндігі тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде осы Кодекске сәйкес қандай да бір процестік шешімді қабылдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, осы адамның тегі және лауазымы, қабылданатын шешімнің мәні мен негіздері, осы Кодекстің қаулы шығаруға негіз болған баптары көрсетіледі.
2. Анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, прокурор, тергеу судьясы шығаратын шешімдер, осы Кодекстің нормаларында аталған адамдардың қаулы шығару қажеттігі тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қарармен ресімделуі мүмкін.»;
30) 202-бап мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісу үшін дереу прокурорға жібере отырып, адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығаруға және осы Кодекстің 209 және 216-баптарында көзделген қағидалар бойынша одан жауап алуға құқылы.
Қаулыға қылмыстық іс материалдары және адамнан күдікті ретінде жауап алу хаттамасы қоса беріледі.
Прокурор қылмыстық іс материалдарын және адамнан күдікті ретінде жауап алу хаттамасын зерделеп шығып, дереу:
1) адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келіседі;
2) жүргізілген жауап алуды дәлелдеме ретінде қолдануға жол берілмейді деп тани отырып, адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады және қылмыстық іс материалдарын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қажет болған кезде белгілі бір тергеу әрекеттерін және (немесе) процестік әрекеттерді жүргізуін көрсете отырып қайтарады. Прокурор осы қаулыны келісуден бас тартқан кезде адамның күдікті жағдайында болуы тоқтатылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурор қабылдаған шешім туралы күдіктіні немесе өзіне қатысты прокурор күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан адамды хабардар етеді.»;
2-тармақтың 31) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
31) 38-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«38-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау және қылмыстық істі прокурорға жіберу»;
2-тармақтың 32) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
32) 298-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«298-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасайды.»;
2-тармақтың 33) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
33) 299-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепте мыналар көрсетіледі:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің жасалған уақыты және орны;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
3) күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы және туған жері, оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі және тармағы;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған орны мен уақыты, оның тәсілі, салдары және өзге де мән-жайлар;
5) адамды айыптауға негіз болатын мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
6) айыптау актісін шығару туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу туралы шешім.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке оны жасаған адам қол қояды.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме көрсетіледі.
Тізім екі бөліктен: күдікті және қорғаушы атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адам жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
Тізім мөрленген конвертке салынады және қылмыстық іске қоса тігіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, адамды күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар, күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетілетін анықтама да қоса беріледі.»;
2-тармақтың 34) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
34) 300-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу
1. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберіледі.»;
2-тармақтың 35) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
35) 39-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«39-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімдері және әрекеттері»;
2-тармақтың 36) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
36) 301-бапта:
тақырып және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделейді және мыналарды:»;
3) және 7) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) күдіктінің іс-әрекеті қайта саралауға жататынын-жатпайтынын;»;
«7) істе бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге не оның күшін жоюға негіздердің бар-жоғын;»;
2-тармақтың 37) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
37) 302-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«302-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі және әрекеттері»;
бірінші бөлікте:
1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айыптау актісін жасайды;»;
2) тармақ алып тасталсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокурор осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді он тәулік ішінде жүзеге асырады, ал күрделі, көп эпизодты қылмыстық істер бойынша бұл әрекеттер бір айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
2-тармақтың 38) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
38) мынадай мазмұндағы 302-1-баппен толықтырылсын:
«302-1-бап. Айыптау актісінің мазмұны
1. Прокурордың айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
2. Кіріспе бөлікте прокурор өзіне (өздеріне) қатысты айыптау актісі жасалып жатқан айыпталушының (айыпталушылардың) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), айыпталушы (айыпталушылар) туралы мәліметтерді (азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы), оны (оларды) сипаттайтын өзге де деректерді, оған (оларға) қатысты таңдалған бұлтартпау шарасын, оның (олардың) әрекеттері сараланатын қылмыстық заңды (бапты, бөлікті, тармақты) көрсетеді.
3. Сипаттау-уәждеу бөлігінде: айыптаудың мәні, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, жәбірленуші туралы мәліметтер, айыпталушының кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес ықтимал тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің ықтимал тәркіленуге жататынын растайтын дәлелдемелердің тізбесі; оның жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар; психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтардан (аурулардан) емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер; қорғаушы тараптың өз пайдасына берген дәлелдері және осы дәлелдерді тексеру нәтижелері баяндалады. Айыптау актісінде істің томдары мен парақтарына сілтемелер болуға тиіс.
4. Айыптау актісінің қарар бөлігінде айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі мен тармағы, айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі соттылығы бойынша сотқа жіберу туралы шешім көрсетіледі.
5. Айыптау актісіне оның жасалған орны мен күні көрсетіле отырып, прокурор қол қояды.
6. Адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, баптарының бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жеке сараланып көрсетілуге тиіс.
Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы әрбір айыпталушыға қатысты көрсетіледі.
7. Айыптау актісіне сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме көрсетіледі.
Тізім екі бөліктен: қорғаушы тарап атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және прокурор жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
Тізім мөрленген конвертке салынады және қылмыстық іске қоса тігіледі.
Айыптау актісіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, адамды күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар, айыпталушыдан өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетілетін анықтама да қоса беріледі.»;
2-тармақтың 39) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
39) 303-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер прокурор кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою, оны өзгерту не таңдау не күдіктінің күзетпен ұсталу немесе үйқамақта болу мерзімін ұзарту қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 145, 146, 147, 152 және 153-баптарын басшылыққа алады.»;
2-тармақтың 40) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
40) 305-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«305-бап. Қылмыстық істі сотқа жіберу
1. Осы Кодекстің 304-бабында көзделген әрекеттер жасалған соң прокурор айыптау актісімен бірге қылмыстық істі соттылығы бойынша сотқа жібереді.»;
1-баптың 2-тармағының 41) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
41) 313-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы «Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуларын,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 42) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
42) 314-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «Айыптау актісі» деген сөздер «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп, айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 320-баптың 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің берілгенін-берілмегенін;»;
44) 321-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алдын ала тыңдау барысында судья, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы, төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмысты жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғын, егер осындай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын- қолдамайтынын анықтайды.»;
алтыншы бөлік «айыптау актісін» деген сөздерден кейін «, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын» деген сөздермен толықтырылсын;
45) 340-бапта:
төртінші және бесінші бөліктер «айыптау актісін» деген сөздерден кейін «, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлік «айыптау актісі» деген сөздерден кейін «, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы» деген сөздермен толықтырылсын;
46) 341-бапта:
бірінші бөлік «айыптау актісін» деген сөздерден кейін «, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот талқылауы жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау қажеттігіне байланысты кейінге қалдырылған кезде сот қорғаушы тараптың істің қосымша материалдарымен танысу құқығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және жаңа айыптаудан қорғануға дайындалу үшін ақылға қонымды мерзім ұсынады.
Жаңа айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы сотталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысып отырған кезде), жәбірленушіге, заңды өкілге және өкілге табыс етіледі және істің материалдарына қосып тігіледі.»;
47) 342-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін сот күзетпен ұстау мерзімін өзінің қаулысымен он сегіз айға дейін ұзартуға құқылы. Айрықша жағдайларда көрсетілген мерзім соттың уәжді қаулысы бойынша, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
48) 347-1-бапта:
екінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот отырысының қысқаша хаттамасында соттың әрекеттері олардың болған ретімен қамтылады және:»;
9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9) процеске қатысушылардың және іске қатысатын өзге де адамдардың арыздары, қарсылықтары мен өтінішхаттары туралы; сот шығарған қаулылар туралы; файл нөмірі мен жауап алыну уақыты көрсетіле отырып, сотта жауап алынған адамдар туралы, соттың жазбаша құжаттарды, заттай дәлелдемелерді зерттеу уақыты туралы, іске қосымша материалдарды қоса тіркеу туралы, сот жарыссөзін жүргізудің, сотталушының соңғы сөзінің, соттың кеңесу бөлмесіне кетуінің және сот актісін жария етудің уақыты туралы мәліметтер;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Іс бойынша төрағалық етуші сот отырысының аудио-, бейнетіркеуінің толықтығы мен сапасын тексереді. Егер сот отырысының аудио-, бейнежазбасы сапасыз болып табылса, онда осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес басты сот талқылауының хаттамасы жасалады.»;
49) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«355-бап. Сотталушының жеке басын және айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің уақтылы табыс етілгенін анықтау
Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған жылын, айын, күнін және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын анықтайды, деректерді жеке басын куәландыратын құжатымен немесе оның куәландырылған көшірмесімен салыстырады, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін, тұрғылықты жерін, кәсібін, білімін, отбасылық жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтайды. Содан кейін төрағалық етуші айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің сотталушыға табыс етілгенін - табыс етілмегенін және нақты қашан табыс етілгенін анықтайды. Бұл ретте істі сотта талқылау, егер сотталушы бұл туралы өтінішхат бермесе, сондай-ақ осы Кодекстің 411-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелері табыс етілген күннен бастап үш тәуліктен ерте басталмайды.»;
50) 368-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «сотқа дейінгі дайындық барысында» деген сөздер «сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) мынадай мазмұндағы 379-1-баппен толықтырылсын:
«379-1-бап. Соттың азаматтық талап қоюды қарауы
1. Сот азаматтық талап қоюды осы Кодекстің 20-тарауының қағидалары бойынша сот отырысында қарайды.
2. Процеске қатысушы азаматтық талап қоюды шешу үшін қосымша дәлелдемелер ұсына алады. Бұл ретте, ол істе қандай маңызы бар мән-жайды растау үшін дәлелдемені ұсынғысы келетінін негіздеуге тиіс.
3. Дәлелдемелер сот белгілеген мерзімде ұсынылуға тиіс.»;
52) 382-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Істі сотта талқылаудың қысқартылған тәртібі сотталушыдан, жәбірленушіден жауап алудан, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімнің мән-жайларын, азаматтық талап қою бойынша төлемдерді және процестік шығындарды төлеу мерзімі мен тәртібі туралы мәселелерді анықтаудан ғана тұрады. Қысқартылған сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.»;
53) 398-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағының бірінші абзацы және 9) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жасалғанына сотталушы кінәлі деп танылған әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін оған тағайындалған негізгі және қосымша жазаның түрі мен мөлшері, қылмыстардың қайталану түрі, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау, алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешім және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58 және 60-баптарының негізінде өтелуге жататын түпкілікті жазалау шарасы көрсетілуге тиіс.»;
«9) үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы және процестік мәжбүрлеу шарасы туралы шешім;»;
54) 406-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
55) 46-тарау мынадай мазмұндағы 406-1-баппен толықтырылсын:
«406-1-бап. Үкім, қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот шешетін мәселелер
Үкім немесе қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот олардың мәнін өзгертпей, жіберілген анық қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру, сот үкімімен не қаулысымен тағдыры шешілмеген заттай дәлелдемелер, азаматтық талап қоюды шешу кезіндегі техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.»;
56) 408-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымда ол берілген соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдемелері көрсетіле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа істі іс жүргізуге қабылдау туралы өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәліметтер, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ), сотқа шақырылуы қажетті куәлардың тізімі қамтылуға тиіс. Шағымға оны берген адам қол қояды. Анонимді шағымдар іс жүргізуге қабылданбайды.»;