57) 424-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Кассациялық саты үкімнің және барлық кейінгі қаулылардың күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау осы Кодекстің 41 - 46-тарауларының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.»;
58) 431-баптың бірінші бөлігінде:
8) және 9) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Кодекстің 323-бабына, 340-бабының үшінші бөлігіне сәйкес және сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты үкімнің күшін жою және істі прокурорға жіберу;
9) осы Кодекстің 436-бабы үшінші бөлігінің 2), 5) және 9) тармақтарында көзделген процестік құқық нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда және сотта қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты үкімнің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:
«10) егер іс мәні бойынша қаралмаса, сот қаулысының күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»;
59) 442-баптың бірінші бөлігінің 3) және 9) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға;»;
«9) үкімге азаматтық талап қою, процестік шығындарды және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізуге;»;
60) 443-баптың бірінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 431-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру, үкімді өзгерту, істі тоқтата отырып үкімнің күшін жою, үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 323-бабына, 340-бабының үшінші бөлігіне сәйкес және сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты прокурорға жіберу туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
Апелляциялық қаулы кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.»;
«7. Осы Кодекстің 441-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жаңа үкім қаулы етіліп, үкімнің күші жойылған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот үкімнің күшін жою туралы қосымша қаулы шығармай, осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарады, онда бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылғанын көрсетеді.»;
61) 444-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судья (судьялар) қол қояды және судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында сот актісінің кіріспе және қарар бөліктері жария етіледі.
2. Үкімнің, қаулының көшірмелері шығарылған күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.
3. Апелляциялық үкім, қаулы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.»;
62) 445-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы шығарылған күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, орындауға енгізу үшін іспен бірге бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.»;
63) 475-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«475-бап. Үкімнің орындалуын кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту»;
екінші бөліктегі «алты айға дейін» деген сөздер «бір жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 476-бапта:
12) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12) басқа да орындалмаған үкімдер болған кезде, егер бұл уақыты жағынан соңғы үкімде шешілмесе, үкімді орындау туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының алтыншы бөлігі, 60-бабы);»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақпен және 22) тармақтағы «босату туралы мәселелерді қарау жатады.» деген сөздер «босату туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, 23) тармақпен толықтырылсын:
«14-1) жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту туралы;»;
«23) тағдырын сот шешпеген заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қоюды шешу кезінде техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы мәселелерді қарау жатады.»;
65) 477-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді - осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мәселелерді қоспағанда, үкім орындалатын жерде жұмыс істейтін аудандық және оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде жоғары тұрған сот шешеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 13), 17), 22) және 23) тармақтарында көрсетілген мәселелерді қарайды.»;
66) 478-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 12), 14), 14-1), 18) және 21) тармақтарында көрсетілген мәселелер жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қаралады.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
«3-2. Осы Кодекстің 476-бабының 23) тармағында көрсетілген мәселені сот сотталған адамның, оның қорғаушысының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 14), 17) және 23) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.»;
1-баптың 2-тармағының 67) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
67) 484-бапта:
үшінші бөліктің 1) тармағындағы «бойынша;» деген сөз «бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармағы алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кассациялық сатының қаулысы осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
68) 485-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға мыналарға:»;
6), 7) және 8) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге, мүлікті тәркілеу туралы мәселені дұрыс шешпеуге;
7) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға;
8) Осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қайшылықтарын жою туралы ұсыну енгізілген сот актілерінің қайшылықтарына алып келген, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.»;
1-баптың 2-тармағының 68) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктің 2) тармағындағы «сотталған;» деген сөз «сотталған жағдайлар болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармағы алып тасталсын;
1-баптың 2-тармағының 69) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
69) 486-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да, осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша да енгізуге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса тіркеледі.»;
1-баптың 2-тармағының 70) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
70) 487-баптың мәтініндегі «, ұсыну» деген сөздер алып тасталсын;
71) 488-бапта:
1-баптың 2-тармағының 71) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«488-бап. Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беру тәртібі»;
бірінші бөліктегі «, ұсыну», «, ұсынуда» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына беріледі.»;
1-баптың 2-тармағының 71) тармақшасының жетінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктердегі «, ұсынуға», «, ұсынудың», «, ұсыну», «, ұсынуын», «, ұсынуды» деген сөздер алып тасталсын;
1-баптың 2-тармағының 72) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
72) 489-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«489-бап. Өтінішхаттарды, наразылықты қарамай қайтару»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттар, наразылық мынадай негіздер бойынша:»;
1), 2), 3) және 4) тармақтардағы «, ұсыну», «, ұсынуды» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақ «судьяның» деген сөзден кейін «(судьялардың)» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «, ұсынуды» деген сөз алып тасталсын;
1-баптың 2-тармағының 73) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
73) 490-бапта:
бірінші бөлік 2) тармақтағы «туралы мәселелерді шешеді.» деген сөздер «туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:
«3) тараптарды шақыра отырып, өтінішхатты алдын ала қарау күні туралы мәселелерді шешеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарауды үш судья тараптарды шақыра отырып, ашық сот отырысында жүргізеді, олардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі келтірмейді.
3-2. Өтінішхатты алдын ала қарау кезінде судьялар өтінішхаттың дәлелдерін де, осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздердің бар-жоғын да тексереді.»;
төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуына,» деген сөздер алып тасталсын;
1-баптың 2-тармағының 74) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
74) 491-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Судьялар өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша:»;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Судьяның» деген сөз «Судьялардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақтағы «судьяның» деген сөз «судьялардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-баптың 2-тармағының 75) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
75) 492-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы,» деген сөздер алып тасталсын;
76) 494-бапта:
алтыншы, он екінші және он төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
1-баптың 2-тармағының 76) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«6. Егер өтінішхатты, наразылықты айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз сөйлейді, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында жазылған уәждер мен дәлелдерді оның тапсырмасы бойынша сот отырысында тиісті прокурор баяндауы мүмкін.»;
«12. Кассациялық сатыдағы сот соттың актілерін өзгертуге және:
1) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануына сәйкес жаза тағайындауға;
2) сот тағайындаған жазаны жеңілдетуге;
3) неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде, сотталған адам сотқа берілген айыптаудың шегінде қосымша жаза қолдануға;
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгертуге;
5) қылмыстардың тиісті қайталануының болуын, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тануға;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша шартты түрде соттаудың күшін жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жоюға және осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жазаны, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса, тағайындауға;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) азаматтық талап қою, сондай-ақ процестік шығындарды өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде үкімге өзгерістер енгізуге;
9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сот тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, бұл туралы қаулыда көрсетеді.
Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам күзетілуден дереу босатылуға жатады. Сот сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін және қабылданған шешім туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.»;
«14. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді және ұсынуда, наразылықта немесе өтінішхатта көрсетілмеген негіздер бойынша, егер бұл ретте сотталған адамның жағдайы нашарламайтын болса, оған өзгерістер енгізуге құқылы.
Сот актісіне өздеріне қатысты ұсыну, наразылық немесе өтінішхат келтірілмеген басқа сотталғандарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталғандардың жағдайы нашарламайтын болса, өзіне қатысты ұсыну, наразылық немесе өтінішхат келтірілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жол беріледі.
Сот жағдайды нашарлату туралы шешімді ұсынуда, прокурордың наразылығында немесе жәбірленушінің өтінішхатында көрсетілген сотталғандарға (ақталғандарға) қатысты және сол негіздер бойынша ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.
Сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге сот құқылы емес.»;
1-баптың 2-тармағының 76) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
он алтыншы, он жетінші және он сегізінші бөліктер алып тасталсын;
77) 499-баптың екінші бөлігінің 4) тармағында:
«қорытындысында» деген сөз «өтінішхатында» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ұйғарым» деген сөз «қаулы» деген сөзбен ауыстырылсын;
78) 501-баптың төртінші бөлігінің 3) тармағындағы «прокурор жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жасаған» деген сөздер «жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша прокурор жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты сотқа енгізген» деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 502-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау тәртібі
1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдері мен қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесілі.
2. Азаматтардың, оның ішінде осы іс бойынша процеске қатысушылардың да арыздары, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарлары, сондай-ақ басқа да қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
3. Осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа келтіріледі.
4. Осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арыздар, хабарлар прокурорға беріледі.
Прокурор арызды, хабарды қарау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген мән-жайлардың бар-жоғын көріп, тексеруді, тергеп-тексеруді ұйымдастырады не арызды, хабарды қанағаттандырудан бас тартады.
Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арызды, хабарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы арыз иесіне қаулыға жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен шағым жасау құқығы түсіндіріле отырып, үш тәулік ішінде жіберіледі.
Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеп-тексеру кезінде осы Кодекстің қағидалары сақтала отырып, жауап алу, қарап-тексеру, сараптама, алу және өзге де тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
5. Тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы үкім, қаулы шығару кезінде сотқа беймәлім болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бірге сотталушы адамның кінәсіздігін немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын не ақталған адамның немесе өзіне қатысты істі сот тоқтатқан адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар анықталған кезде прокурор үкімді, қаулыны шығарған сотқа қылмыстық істі және тексеру немесе тергеп-тексеру материалдарын қоса бере отырып, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты енгізеді.»;
80) 503-бап алып тасталсын;
81) 504-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі
1. Сотқа жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья он тәулік ішінде өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтінішхатты соттың іс жүргізуіне қабылдау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қаулы шығарады;
2) егер өтінішхат осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкес келмесе және оған осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздерді растайтын сот актілері немесе өзге де актілер қоса тіркелмесе, егер ол осы Кодекстің 500-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпайтын сот шешімдеріне қатысты болса не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған сол бір негіздер бойынша нақ сол тарап берсе, өтінішхатты қараусыз қайтарады.
Кассациялық сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сотта, егер іс алқалы түрде қаралған жағдайда, өтініш хаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексеруді тиісті соттың судьясы жеке-дара жүргізеді.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы прокурордың өтінішхатын сот тікелей қарайды.
2. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген адамға жіберіледі. Өтінішхат қайтарылған жағдайда оған қоса берілген құжаттар қайтарылуға жатады.
3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы судьяның қаулысы бар өтінішхатты сот іс жүргізу қайта басталған не прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей ашық сот отырысында қарауға тиіс.
4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулылар шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарауды:
1) апелляциялық сатыдағы сот - егер істі апелляциялық сатыдағы сот жеке-дара қараған болса, жеке-дара және егер іс алқалы түрде қаралса, алқалы түрде;
2) кассациялық сатыдағы сот - алқалы түрде жүзеге асырады.
5. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процеске өзге де қатысушылар және сот отырысына шақырылған адамдар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған аталған тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.
6. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді.»;
82) 505-бапта:
төртінші бөліктегі «қайта бастау» деген сөздер «қозғау» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулылары - шығарылған күнінен бастап он бес тәулік өткен соң, ал егер оларға шағым жасалса және жоғары тұрған сот оларды күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулыны шығарған күні заңды күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған қаулы, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың шағым жасалған қаулысын өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;
83) 506-бап алып тасталсын;
84) 507-бапта:
бірінші бөліктегі «қайта бастау» деген сөздер «қозғау» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 490 және 491-баптарында көзделген қағидалар апелляциялық сатыдағы соттың қаулыларына шағымдарға, наразылықтарға қолданылмайды және оларды кассациялық сатыдағы сот тікелей қарайды.»;
2-тармақтың 85) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
85) 518-баптың төртінші бөлігіндегі «жетінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
86) 527-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Хаттамада сондай-ақ:
1) егер бар болса, куәлар мен жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;
2) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер көрсетіледі.
1-2. Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамада сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның сот ісін жүргізу тілін айқындау, қылмыстық сот ісін жүргізу форматын таңдау, қорғаушыны, аудармашыны тарту туралы, оның ішінде олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, нәрселерді, құжаттарды және өзге де мүлікті заттай дәлелдемелер ретінде тану және оларды іске қоса тіркеу, процестік шығындарды анықтау, азаматтық талапкер деп тану туралы шешімдері, сондай-ақ қорғаушы қызметінен бас тарту туралы арыз көрсетілуі мүмкін.
Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамаға қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі.»;
2-тармақтың 87) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
87) 537-баптың үшінші бөлігіндегі «бекіткен» деген сөз «жасаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 88) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
88) 547-баптың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына беріледі, ол осы Кодекстің 301 - 305-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Депутатқа қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.»;