ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау
органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және
жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2023 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 15-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-баптың 1-тармағы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
467-баптың 1-1-бөлігіндегі «2022» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 7-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақпен толықтырылсын:
«40-1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның жиналған нақты деректерге негізделген, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау және айыптау актісін жасау және істі сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберу туралы қысқа тұжырымдары;»;
54) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54) хаттама - қылмыстық процесті жүргізетін орган жасайтын процестік әрекет тіркелетін процестік құжат, ал осы Кодекстің баптарында тікелей көзделген жағдайларда - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімі;»;
2) 45-баптың жетінші бөлігі 7) тармағындағы «болмаған жағдайларда үзіледі.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақтармен толықтырылсын:
«8) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен;
9) қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған жағдайларда үзіледі.»;
3) 52-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру туралы, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыпталушының өтінішхаты бойынша істерді қарауды бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырылады.
2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.
Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.
Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.»;
4) 58-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ мемлекет атынан қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық қудалауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам: осы Кодексте белгіленген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорлары және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысатын прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.»;
төртінші бөлік:
«өкілеттіктері» деген сөзден кейін «158 (сегізінші бөлікте), 165 (сегізінші бөлікте),» деген сөздермен толықтырылсын;
«192,» деген цифрлардан кейін «192-2 (алтыншы және жетінші бөліктерде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«196 (екінші бөлікте),» деген сөздерден кейін «202, 203,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«302,» деген цифрлардан кейін «302-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
5) 59-бапта:
екінші бөліктің 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тергеу бөлімі бастығының іс бойынша нұсқаулары тергеушінің осы Кодекстің 60-бабында белгіленген дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау міндетті, бірақ ол жөнінде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушінің тергеу бөлімі бастығының әрекеттеріне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
2-тармақтың 6) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
6) 60-баптың үшінші бөлігіндегі «айыптау актісін» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 7) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
7) 62-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Анықтау органының бастығы мүлікке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекітеді; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді; прокурорға қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.»;
8) 63-бапта:
үшінші бөліктегі «191-баптарында» деген сөздер «191, 192-1 және 192-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
алтыншы бөліктегі «істі айыптау актісімен бірге» деген сөздер «қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 64-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
«1-1) прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан кезге дейін осы Кодекстің 202-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен күдікті ретінде жауап алынған;»;
4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық теріс қылық немесе осы Кодекстің 191-бабының екінші - 11-1-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.»;
10) 65-бапта:
бірінші бөліктің 1) және 2) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
«1) прокурор айыптау актісін жасаған;
2) прокурор бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;»;
2-тармақтың 10) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
бесінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) прокурор жасаған айыптау актісінің, прокурор бекіткен қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін алуға;»;
11) 71-баптың алтыншы бөлігінің 13) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;»;
12) 87-баптың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтінішхатты шешетін, сондай-ақ шағымдарды осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен қарайтын тергеу судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді осы тергеу судьясы қаулы шығара отырып жеке-дара шешеді. Істі осы Кодекстің 52-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жеке-дара қарайтын судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда, жоғары тұрған соттың судьясы шешеді. Қарсылық білдіру туралы мәлімдеме қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық іс, шағым не өтінішхат белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.»;
13) 97-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық іс-әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) ықтималдығын болғызбайтын бұлтартпау шараларын күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодексте көзделген тәртіппен қолданады;»;
14) 118-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 221-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен не осы Кодекстің 527-бабының талаптарына сәйкес жасалған хаттамамен іске қоса тігіледі және үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін сонда болады. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және оларды сақтау тәртібі осы Кодекстің 221-бабында айқындалады.»;
15) 119-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық процесті жүргізетін адам тікелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын, осы Кодекстің қағидаларына сәйкес жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында, осы Кодекстің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада қамтылған, сондай-ақ қарап-тексеру, куәландыру, алу, тінту, ұстап алу, мүлікке тыйым салуды қолдану, тануға ұсыну, үлгілерді алу, мәйітті эксгумациялау, айғақтарды сол жерде тексеру, құжаттарды ұсыну, тергеу эксперименті, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу, тергеу әрекеті барысында маман жүргізген заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, сондай-ақ сот отырысының сот әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелері көрсетілетін хаттамасында қамтылған нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.»;
2-тармақтың 16) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
16) 151-бап мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«13. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі және оның айыптау актісін жасауы кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты прокурор күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясына ұсынады.»;
2-тармақтың 17) тармақшасының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
17) 152-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, сондай-ақ прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат осы бапта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қаралуға жатады.
Күдіктінің қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, сондай-ақ прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі кезеңінде күзетпен ұстауда болу мерзімін тергеу судьясы қылмыстық істің көлемін, іске қатысатын адамдардың санын және күдіктінің және оның қорғаушысының іспен танысу уақытына әсер ететін өзге де мән-жайларды, сондай-ақ прокурордың қылмыстық істі зерделеуін және айыптау актісінің жасалуын ескере отырып айқындайды.»;
18) 153-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау осы Кодекстің 100 - 106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5. Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасының күшін жоюды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың келісуімен жүргізеді.
Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын тергеу судьясының санкциялауына да жататын бұлтартпау шарасына өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын тергеу судьясының санкциялауына жатпайтын бұлтартпау шарасына өзгертуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың келісуімен жүргізеді.»;
19) 158 және 165-баптардың сегізінші бөліктеріндегі «тергеу судьясының санкциясы бойынша» деген сөздер «прокурордың келісуі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 187-бапта:
екінші бөлікте:
«144,» деген цифрлардан кейін «147 (бесінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«269-1,» деген цифрлар «269-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«295-1,» деген цифрлар «295-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-бөліктегі «217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында),» деген сөздер «217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында),» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 189-баптың алтыншы бөлігі «теріс қылықтар бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері және анықтау істері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 190-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-бөліктермен толықтырылсын:
«4-1. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабар-хат қамтылады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 527-бабының бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген тәртіппен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын жасайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат келіп түскен жағдайда, оларға сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істің материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау ісі бойынша - анықтау органының бастығына, алдын ала тергеу ісі бойынша тергеу бөлімінің бастығына жіберіледі.
4-3. Анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Тергеу бөлімінің бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық іс ұстап алу мерзімі өткенге дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексерудің жаңа хаттамасын жасайды;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.»;
23) 191-бапта:
екінші бөлік «143 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «147 (төртінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
он алтыншы бөлік «294,» деген цифрлардан кейін «295-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма үшінші бөлік «Қылмыстық кодексінің» деген сөздерден кейін «269-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 192-бапта:
2-тармақтың 24) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарының қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, айыптау хаттамасымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.
Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.»;
үшінші бөліктің 1) және 2) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 190, 192-2 және 296-баптарында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысқан;
2) қылмыстық істің қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Прокурор істі қосымша тергеп-тексеру үшін қайтарған, қылмыстық істі үзу немесе тоқтату туралы қаулының күші жойылған не сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны келісуден немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітуден бас тартылған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.»;
25) мынадай мазмұндағы 192-1 және 192-2-баптармен толықтырылсын:
«192-1-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Анықтау барысында осы Кодекстің 113-бабына сәйкес: қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам, адамның кінәлілігі, залалдың сипаты мен мөлшері және іс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамнан сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтамалар, оның жұмыс немесе оқу орнынан мінездемелер, іс үшін маңызы бар өзге де материалдар талап етіп алдырылуы; жәбірленушіден, куәдан жауап алу және басқа да қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға беру
1. Анықтау аяқталған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабар-хат қамтылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау хаттамасын жасайды.
3. Айыптау хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) оның жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны;
2) күдіктінің жеке басы туралы деректер;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақыты, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәлілігін растайтын нақты деректер;
5) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы;
6) егер бар болса, куәлардың және жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;