2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы:
1) уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының рұқсатын не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса бере отырып жіберуге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді, бұл уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;
2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары (түрлері) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына), Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа филиалына (филиалдарына) беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін, сондай-ақ барлық міндеттемелер өтелгеннен кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігініңде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтарғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайтарылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін қызметті тоқтатуды Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша жүргізеді:
1) осы Заңның 68-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) болжанып отырған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаражатының жеткіліксіз болуы.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (оның қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.
Сот Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімді уәкілетті органның оны лицензиясынан айыруына байланысты емес негіз бойынша қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселені қарайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған кезде уәкілетті орган сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оған осындай шешімнің көшірмесін жібереді.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындайды, ол осы Заңның 55-2-бабында белгіленген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады және осы баптың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңның 54-1-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру портфелін береді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының сақтандыру портфелін беру Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру рәсімін аяқтағаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бұзылғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін тоқтатады және сақтандыру портфелін беруге және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты құжаттарды Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшыларына (қатысушыларына) және (немесе) органына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының басшы қызметкерлеріне береді. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қоса алғанда, филиалдың қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесін аяқтауға міндетті.
Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
64) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесіндегі бақылау өкілеттігі
1. Мәжбүрлеп, оның ішінде банкроттық негіз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
1) тарату комиссиясынан атқарылған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған кезде қосымша ақпаратты да алуға;
2) тарату комиссиясының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзімдерін және кезеңділігін белгілеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізуге;
4) тарату комиссиясының қызметінде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиясы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекіту ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу қағидаларын орындауы, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
65) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың осы мәміле бойынша алғанның барлығын қайтаруына жол берілмейді.»;
66) 79-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
11-тармақтың 66) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2023 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылды
Ұйым осы Заңның және міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру, бірлескен қайта сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Ұйым дерекқорды дамыту жоспарын әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және оны бекітеді.
Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
«1-4. Ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған мәселелерден басқа мынадай мәселелер жатады:
1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушылардың ұйымға төлеуіне жататын жарналар мөлшерлемесін бекіту;
2) дерекқорды дамытудың алдағы күнтізбелік жылға арналған жоспарын бекіту.»;
5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
6-тармақта:
3) тармақшадағы «жыл сайынғы аудитті» деген сөздер «үш жылда бір реттен сиретпей аудит» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, өзінің интернет-ресурсында сақтандыру сыныптары бойынша статистикалық ақпаратты сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашып көрсетпей жариялауды қамтамасыз етуге;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылардың дерекқорға қолжетімділігін олардың жаңа сақтандыру шарттарын жасаспауы мақсатында осындай қолжетімділікті шектеу туралы уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімге шектеуге;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сақтандыру шарттары бойынша ақпараттың, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасалған электрондық нысандағы сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты қарау үшін ұйымның интернет-ресурсына тұрақты түрде қолжетімділік беруге;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ұйым орналасқан елді мекеннің шекарасынан тыс жерде болатын, бірыңғай сақтандыру дерекқорының субъектілері туралы ақпараттың көшірмелерін сақтау үшін резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге;»;
7-тармақта:
4) тармақшадағы «сақтандыру нарығы», «және оларды уәкілетті орган мен өнім берушілердің сұратуы бойынша ұйымның интернет-ресурсы арқылы оларға беру үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру және жүргізу» деген сөздер тиісінше «осы Заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру нарығы», «ақпараттық-талдамалық жүйені құру мен жүргізу және оларды ақпараттандыру объектілерінде, оның ішінде ұйымның интернет-ресурсында орналастыру, сондай-ақ осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік дерекқормен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін ұйым осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес айқындайды;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 66) тармақшасының отыз бірінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«6) сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды олар бойынша әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша электрондық нысанда ақпаратты, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты сақтау үшін жүргізу;
7) өзінің интернет-ресурсында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) ұйымның жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.»;
8-тармақтың екінші бөлігі «Сақтандыру» деген сөзден кейін «(қайта сақтандыру)» деген сөздермен толықтырылсын;
67) 80-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарланған сақтандыру, сақтандыру төлемдері, төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру сомасының мөлшерлері және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтер туралы мәліметті қамтитын сақтандыру есебі;
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі;
3) жиынтық сақтандыру есебі - сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпайтын, сан түрінде, оның ішінде жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру төлемдерінің көлемі, сақтандыру жағдайларының саны және сақтандырудың өзге де параметрлері бөлігінде деректердің жиынтық көлемін қамтитын сақтандыру есебі.»;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
11-тармақтың 67) тармақшасының он бірінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-2) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Ұлттық Банк;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;»;
3) тармақшадағы «сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
11-тармақтың 67) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-2) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;»;
5) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшадағы «ұйымдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.» деген сөздер «ұйымдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: