2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, орталық депозитарийден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 24-бабының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында және 27-бабында ұсынылуы көзделген мәліметтерді алуға;
6) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 24-бабының 13) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алуға;
7) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
8) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) осы Кодекске сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында аталған декларацияда көрсетілген, мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы мәліметтердің анықтығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;
9) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
10) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес өзге де талаптар қоюға құқылы.
2. Салық органдары:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіруге;
4) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.
4) тармақшаның екінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушілер үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген түсіндірмелерді жүзеге асыруды және түсініктемелер беруді уәкілетті орган жүргізеді. Бұл ретте мұндай салық төлеушілер үшін уәкілетті орган жоспарланатын мәмілелерге (операцияларға) қатысты алдын ала түсіндірмелер мен комментарийлерді береді;
5) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу фактісін растайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға салық органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беруге;
7) осы Кодексте айқындалған тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:
салықтық берешегі бар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекет етпейтін деп танылған;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеушілер (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;
8) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салықтық есептілік пен өтінішті ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды тегін беруге;
9) салық төлеушінің (салық агентінің) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;
10) жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрау салуы бойынша жылдық жиынтық кірісі «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілерінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді ұсынуға;
11) салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға;
12) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берудің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;
13) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
14) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;
15) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) уәкілетті органның сайтында:
активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны;
кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
3. Салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді орындайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ әдейі банкроттық фактілері анықталған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
20-бап. Салық органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.
2. Салық органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық органдары лауазымды адамының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қолсұғушылық, салық органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
3. Қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген кезде салық органдарының лауазымды адамына бюджет қаражатынан бес айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты денсаулығына кәсіптік қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян келтірілген кезде салық органдарының лауазымды адамына бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық айлықақысы мен зейнетақысының мөлшерлері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
5. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда, қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.
21-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
1) салық органдарынан салық сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеуші - жеке тұлғаға табыс етуді;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеуші - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
3) екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомаларын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын тапсыруды қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз болса, сондай-ақ елді мекенде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша тапсыру үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.
22-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы
1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 573-баптың 3-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау (мемлекеттік экологиялық бақылау) бойынша өздері жүзеге асырған тексерулердің нәтижелері бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
4. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 26-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
5. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салықтар жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 21-бабында айқындалған тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджетке төленетін төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер ұсыну жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалады.
7. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды осы Кодексте айқындалған тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Салық органдары салықтық тексеру барысында еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны тексерілетін салық төлеушіге қатысты алу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.
9-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бірлескен актілерде айқындалады.
10-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізілген, 50 000 АҚШ долларынан астам сома баламасында валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдері және (немесе) ақша қаражатының аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты уәкілетті органға береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде жіберіледі.
11. Салық органдары өндірушілер бойынша ақпаратты олардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын береді.
12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және (немесе) құпиялылық туралы келісімдердің көшірмелерін және (немесе) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының пайдалы қазбалардың қорларын бекіту және пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік балансқа қою туралы хаттамаларын, сондай-ақ оларға толықтырулар мен өзгерістерді жасалған немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, оның ішінде автоматтандырылған ақпарат алмасу жолымен салық органына ұсынады.
13. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтерді орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады.
23-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
23-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы
1. Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен шығарылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
1) жеке тұлғалар жылдың сәуірінде - маусымында:
мерзімді әскери қызметке шақырылған;
мерзімді әскери қызметтен шығарылған болса, сол жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;
2) жеке тұлғалар жылдың қазанында - желтоқсанында:
мерзімді әскери қызметке шақырылған;
мерзімді әскери қызметтен шығарылған болса, сол жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жергілікті әскери басқару органдарының тізбесін уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
24-бап. Екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші - заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашқан не «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-1, 61-2, 61-11, 61-12-баптарында көзделген жағдайларда банктік шоттағы жеке сәйкестендіру коды өзгерген кезде көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы олар ашылған не өзгерген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі арқылы беру жолымен уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттар, бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттары, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттары, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттар, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттар, эскроу-шоттар, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттар бойынша хабарлама талап етілмейді.
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат беріледі.
Көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы телекоммуникациялар желісі арқылы хабардар ету техникалық проблемалардың салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;
2) Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент-жеке тұлғалардың, бейрезидент-заңды тұлғалардың, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;
3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттiң уәкілетті органының Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;
4) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін тексеруге міндетті.
Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайларда, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мұндай төлем құжатын орындаудан бас тартады.
Осы тармақшаның бірінші және екінші бөліктерінің ережелері осы Кодекстің 189-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;
5) жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеу бойынша төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын орындаудан бас тартуға міндетті.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректерде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатын орындаудан бас тартуға құқылы емес.
6) салық төлеушіге осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банктік шоттарды жабу кезінде олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлардың кепiлдік беріліп жеткiзiлуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі арқылы хабардар етуге міндетті.
Көрсетілген шоттардың жабылғандығы туралы телекоммуникациялар желісі бойынша хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;