14-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
15-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді, ал тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
16-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, мерзімдерде және тәртіппен уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
17-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
18-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар жұмсаған, білім беруге арналған шығыстарды растау туралы салық органының талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті.
19-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19. Денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар жұмсаған, медицинаға арналған шығыстарды растау туралы салық органының талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтылымды пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ұсыну уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтерін қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілмейді.
21. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны шығарушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.
22. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы есепті орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 23-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
23. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 24-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24. Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға ұсынылған көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады.
Салық органдары бұл мәліметтерді осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін пайдаланады.
Мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер:
1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.
2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:
1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.
3. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:
1) бейрезидент-жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
28-бап. Коллекторлық агенттіктердің және тауарлармен электрондық саудаға байланысты қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің міндеттері
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Коллекторлық агенттіктер құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді өзінің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
2. Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.
3. Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
29-бап. Тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, жекелеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, жұмсау кезіндегі міндеттері
1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:
1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
коммерциялық мақсаттарда жүргізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізу мен әлеуметтанушылық сауал жүргізуді қоспағанда, қоғамдық пікірге сауал жүргізуді, әлеуметтанушылық сауал жүргізуді зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;
2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттардың депутаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттарына, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) жеке практикамен айналысатын адамдардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
3. Салық органдарының осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы дерекқорды жүргізу тәртібін, көрсетілген мәліметтер мен орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға қосу және одан алып тастау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
30-бап. Салықтық құпия
1. Мынадай:
1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы туралы;
2) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кеткен сомасын салық төлеушіге бюджеттен қайтару сомасы туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасы туралы;
4) әрекет етпейтін салық төлеушілер туралы;
5) осы Кодекстің 19-бабында көзделген жағдайда, уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататын;
6) салық төлеушінің таратуға (қызметін тоқтатуға) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті ұсынуы туралы;
7) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;
8) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауаптылық шаралары туралы;
10) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:
сәйкестендіру нөмiрi;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қойған күн, тiркеу есебiнен шығарған күн, тiркеу есебiнен шығарудың себебi;
қызмет түрі;
қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;
салық төлеушiнiң резиденттiгi;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
қолданылатын салық режимі туралы;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигі туралы;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынбауы туралы;
13) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;
14) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициенті туралы;
15) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) жеке тұлғалар декларациясын тапсырған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы;
16) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптардың бар (жоқ) екендігі туралы;
17) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға жататын;
18) салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне қарай санаттау нәтижелері туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салықтық құпияны құрайды.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға бере алмайды.
3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында, прокурор санкциялаған уәжді сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға ұсынады. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;
2) осы Кодексте айқындалған тәртіппен салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға байланысты істер бойынша сот ісін жүргізу барысында сотқа;
3) жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған қаулының негізінде іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сауда қызметін реттеу, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Қазақстан Республикасының осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
Салықтық құпияны құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тәртібі мен тізбесі уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік органға, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкiлетті мемлекеттік органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкiлетті органға ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
6) салықтық тексеру жүргізуге маман ретінде тартылған адамға;
7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға;
9) мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы және жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер бөлігінде жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген органдар салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
10) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға;
11) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 6-бабының редакциясында қолданылды
11) валюталық бақылауды жүзеге асыру және оларды кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажет мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде апелляциялық комиссияның мүшелеріне;
13) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарын қарау кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне;