2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай келісім (рұқсат) болса;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты жəне банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингі бола алады.»;
«3. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін уəкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 жəне 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мəліметтерді қоса бере отырып, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өтініш берушінің банктік шотындағы, өтініш беруші:
1) жеке тұлға үшін:
кəсіпкерлік, еңбек жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
сыйға тарту, мұра, ұтыстар түріндегі жəне (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан - банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) заңды тұлға үшін:
кəсіпкерлік жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған ақша банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің акцияларын сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.»;
4, 4-1, 5, 6, 6-1 жəне 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды жəне мəліметтерді:
1) банк акцияларын сатып алу шарттары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болуы) туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жеке тұлға сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен банктің акцияларын сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы жəне осы қаражаттың, мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мəліметтерді де ұсынады;
3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мəліметтерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасында ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады.
4) банктің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
5) кірістер мен мүлік туралы мəліметтерді, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасы банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті уəкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылған, нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесі мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімде ұсынылған, кірістер жəне мүлік туралы декларацияның нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған көшірмесін де ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Көрсетілген мəліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде бағалаушы айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мəліметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезидент - жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің жəне өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
7) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
4-1. Егер жеке немесе заңды тұлға уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты, сенімгерлік басқару шарты негізінде немесе мұраны қабылдау нəтижесінде банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне сəйкес келсе, ол осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сəйкес тиісті мəртебені иелену туралы өтінішті ұсынған кезде мыналар:
1) банк акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұрагерлік талаптары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6 жəне 7) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мəліметтер;
3) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, осы баптың 5-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар;
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылса, осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат;
5) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұрагерліктің нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мəліметтер қосымша ұсынылады.
Сыйға тарту немесе мұрагерлік нəтижесінде банктің акцияларын меншікке алған өтініш беруші банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде өтініш берушіден банкті қайта капиталдандыру жоспарына сəйкес банктің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болып табылуға тиіс.
5. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
2) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
4) осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
5) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мəліметтерді ұсынады;
6) аудиторлық есептермен расталған, өтініш берушінің соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің өтінішті беру алдындағы аяқталған соңғы тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік орналастырылған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелерін;
3) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін;
4) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылса, лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген растаманың көшірмесін ұсынады.
6-1. Осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі жəне осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талаптары мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
1) өтініш берушіде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болса;
2) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтер болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге қолданылмайды.
Осы баптың 5-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері болып танылады.
Осы баптың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды.
7. Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде, ол осы баптың 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларында, 5-тармағының 1), 2), 6) жəне 7) тармақшаларында жəне 6-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді ұсынады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «тармақшалары талаптарының» деген сөздер «тармақшаларында белгіленген талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «банктің» деген сөз «осы Заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензияның (осындай рұқсаттың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының осы баптың 1-1-тармағында көзделген талаптарға сəйкес келмеуі;»;
он бесінші абзац алып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы «қаржы ұйымы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Уəкілетті орган банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иеленуге келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігі;
2) өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мəртебесін иелену нəтижесінде Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы.
Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Келісім кері қайтарылып алынған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісім кері қайтарылып алынған күннен бастап алты ай ішінде банктің өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мəртебесін иеленуге уəкілетті органның рұқсатын алу талап етілмейтін деңгейге дейін азайтуға жəне растайтын құжаттарды уəкілетті органға ұсынуға міндетті.
Осы бапқа сəйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уəкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уəкілетті орган осы тұлғалардың уəкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.»;
18-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «уəкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат» деген сөздер «уəкілетті органға банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың көздері туралы (пайда болуы туралы) мəліметтерді осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген.»;
13) 19-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша беріледі.
3. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мəліметтер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар - жеке жəне заңды тұлғалар (уəкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мəліметтер, оның ішінде құрылтайшы - заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы құрылтайшы - заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі қоса берілуге тиіс.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, құрылтайшы - заңды тұлға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылындағы жəне соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік:
қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған кезде;
құрылтайшы - заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;
4) осы Заңның 17-1-бабының 3-тармағында көрсетілген банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті жəне осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында жəне 7-1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;
5) құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (пайда болуын) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы Заңның 17-1-бабының 3-1-тармағында көрсетілген;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай шартының нотариат куəландырған көшірмесі;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.»;
14) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлері болып танылады.»;
5-тармақтың бірінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын банктің басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) банктің басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
7) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.»;
«Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, əкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс кірмейді.»;
5-1-тармақта:
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының жəне ұлттық басқарушы холдингтің тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын еншілес ұйымының басқару органы басшысының, атқарушы органы басшысының, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының;»;
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) мыналардың:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;