11. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтедi.
Құжаттамаға сараптама осы Заңның 9-1-тарауында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.
Бұл ретте жобалаушы техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi энергиямен жабдықтау желiлерiне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң басталғаны туралы хабар беруге құқылы.
13. Құрылыс процесi осы Заңның 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауында және қадағалауында болады.
14. Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркейтiн мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
15. Жаңа объектiлер салуға және қазiргi бар объектiлердi өзгертуге қажеттi құжаттарды ресiмдеу мен берудiң тәртiбi, мерзiмдерi құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгiленедi.»;
43) 74-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқылы» деген сөздер «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше қабылдауды, атап айтқанда:»;
4-тармақтағы «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті тіркеуге жатады.».
6. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 8-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-бапта:
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) 19-3) 19-4) және 19-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;
19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;
19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;»;
3) 12-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы;
мердігер ұйымды таңдау туралы;
астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады.
Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады.
5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға:
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
2) мыналармен:
кондоминиум объектісін басқару органымен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.».
7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат):
134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) экономика, құрылыстағы баға белгілеу және басқару саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;».
8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №7, 36-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №15, 78-құжат):
1) 73-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу
1. Екi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
2. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы жобалау құжаттамасын келiсу үшiн:
1) жобалау құжаттамасын келiсуге жiберу туралы өтiнiштi;
2) жобалау құжаттамасының көшiрмесiн ұсынады.
Келiсу тәртiбi қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазіргі барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларында айқындалады.
3. Келiсу туралы оң шешiм немесе оны келiсуден уәждi бас тарту Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті жиынтық сараптамалық қорытындыға енгізіледі.
4. Жобалау құжаттамасына өзгерiстер енгiзiлген кезде қайтадан келiсу жүргiзу мiндеттi.».
9-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат):
2-қосымша мынадай мазмұндағы 347-1, 347-2 және 347-3-жолдармен толықтырылсын:
«
347-1. | Құрылыс және жобалау ұйымдарындағы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куәлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурстық рәсім қолдануға келеді |
347-2. | Тапсырыс беруші функцияларын жүзеге асыру және құрылыс объектілерін өткізу үшін құрылыс жобаларын басқару жөніндегі инжинирингтік компанияларды аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куәлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурстық рәсім қолдануға келеді |
347-3. | Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куәлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурстық рәсім қолдануға келеді |
».
10. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды түбегейлi жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат):
1-баптың 38-тармағының 24) және 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«24) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар
1. Салынған объектiлердi қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және осы Заңмен реттеледi.
2. Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.
Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.
3. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
4. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекiтiлуге жатады.
Қабылдау актiсiн бекiтудi тапсырыс берушi жүргiзедi.
Тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекiткен күн объектiнiң пайдалануға берiлген күнi деп есептеледi.
5. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
6. Объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылардың мiндеттерiне:
1) құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын анықтау және құжаттамалық растау;
2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;
3) жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;
4) объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;
5) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;
6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;
7) объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.
7. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.
8. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнде тiркелген, объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.»;
«26) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi
1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.
2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.
Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.
4. Тапсырыс берушi сәйкестiк туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылардың негiзiнде мердiгермен (бас мердiгермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бiрлесiп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектiнi қарап-тексеруге және оны тиiстi акт бойынша пайдалануға қабылдауға мiндеттi.
5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну - жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3), 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының төртінші абзацын және 8) тармақшасын, 5-тармағы 7) тармақшасының жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының он екінші абзацын, 11) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 21), 23) және 24) тармақшаларын, 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 28-і.
№ 366-V