Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.
8. Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
9. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
5-тармақтың 24) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
24) мынадай мазмұндағы 34-4-баппен толықтырылсын:
«34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқық берілген тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.
4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:
1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған;
2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген;
4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген;
5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған;
6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған;
7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған;
8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы;
9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған;
10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
8. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған объектіге еркін кіруіне;
2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық жобалау-техникалық және орындаушылық құжаттаманы алуына;
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауына құқығы бар.
9. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) зерттеп-қарауды құрылыс материалдарының тіреуіштік қабілетінің есебі бойынша нормативтерді, нақты сапалық көрсеткіштерін және орындалған жобалық шешімдерді ескере отырып, анықталған ақауларды, жобалық шешімдердің өзгерістерін, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін айқындайтын қолданылған материалды, жекелеген конструктивтік элементтерді ескере отырып нормативтік құжаттамаларға, ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
2) орындалатын зерттеп-қараудың түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмысты сапалы орындауды қамтамасыз етуге;
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (өзінің аккредиттелген зертханасы жоқ болған кезде) тартуға;
4) белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келетін сынақ, өлшем және бақылау құралдарын қолдануға;
5) құрылыс алаңындағы топырақ жағдайларын ескере отырып ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен элементтерінің нақты жай-күйінің негізінде салыстырып тексеру есептеулерін орындауға міндетті.
10. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде, зерттеп-қарауды жүргізуді орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданылатын техника қауіпсіздігінің арнайы қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс.
11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына жауапты болады. Сарапшылар (аккредиттелген ұйымдар) берген ұсынымдар олардың орындалу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.
12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық тұжырымдары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
13. Тапсырыс беруші техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін сарапшыға (сарапшыларға) ұсынылатын бастапқы деректердің, мұрағат материалдарының дұрыстығына жауапты болады.
14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
25) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөнiндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.
Объектілер мониторингі Мемлекеттік қала құрылысының кадастрында жүргізіледі.»;
26) 42-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «өндірістік,» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «шектеу түрлерін;» деген сөздер «шектеу түрлерін қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
27) 43-бапта:
тақырыбындағы «аймақаралық» деген сөз «өңіраралық» деген сөзбен ауыстырылып, 1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), агломерациялардың, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және:»;
3) тармақшадағы «өндірістік,» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «қорғау жөніндегі шараларды;» деген сөздер «қорғау жөніндегі шараларды айқындайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аумақты дамытудың өңіраралық схемасын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.»;
28) 44-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекелеген өңірлердің (облыстың немесе осы облыстың шекарасынан аумақтық тұрғыдан шықпайтын агломерациялар аумақтарын қоса алғанда, оның қандай да бiр бөлiгiнiң) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, жайғастыру, құрылыс салу) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасы негiзiнде жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
29) 46-баптың 3-тармағындағы «Аса ірі, ірі» деген сөздер «Ірі» деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 47-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Елдi мекеннiң бас жоспары жаңа бас жоспар бекiтiлгенге дейiн не қолданылып жүрген бас жоспарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде енгiзiлген өзгерiстер бекiтiлгенге дейiн қолданылады.»;
31) 48-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
32) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елдi мекеннiң шекарасы (шектерi) шегiндегi ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар ауыл шаруашылығын жүргiзуге арналады және елдi мекеннiң бекiтiлген бас жоспарына сәйкес оларды пайдалану түрлерi өзгерген кезге дейiн пайдаланылуы мүмкiн.»;
33) 60-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының талаптарымен және сатылары бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
34) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
«60-1-бап. Құрылыстағы баға белгілеу
1. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар:
1) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен объектілер құрылысын салуға арналған шығындарды жоспарлауды;
2) техникалық-экономикалық негіздемелердің дұрыстығын және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен салынатын объектілер құрылысының сметалық құнының айқындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
2. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар:
1) экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып қолданыстағы сметалық нормаларды талдауды және жаңартуды;
2) құрылыс өндірісінің жаңа тиімді технологияларының сметалық нормаларын әзірлеуді;
3) құрылыс материалдарының, бұйымдардың, жабдықтың ағымдағы бағаларын мониторингтеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңартуды қамтиды.»;
35) 61-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қала құрылысы жобалары жөніндегі сараптама комиссиялары немесе мәслихаттар бекітетін қала құрылысы жобалары жөніндегі сараптама топтары орындайтын жұмыстардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалады.
4. Қала құрылысы жобалары (аумақтарды дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары):
1) жалпымемлекеттік маңызы бар аумақтарды ұйымдастыру және дамытуды жоспарлау жобалары;
2) өңірлік маңызы бар аумақтарды дамытудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;
3) қалаларды (олардың қала маңындағы аумақтарын қоса алғанда не оларсыз) және ауылдық елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;
4) елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендердің немесе жабық түрдегі өзге де объектілердің құрылысын салу үшін қонысаралық аумақтардың қала құрылысын игеру жобалары болып бөлінеді.
5. Жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларына:
1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
2) екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарын аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары жатады.
6. Өңірлік маңызы бар қала құрылысын жоспарлаудың жобаларына:
1) облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;
2) аудандар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары жатады.
7. Елді мекендерді дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына:
1) тұрғындарының есептік саны жүз мың адамнан асатын қалалардың бас жоспарлары;
2) тұрғындарының саны жүз мың адамға дейінгі қалалардың бас жоспарлары;
3) тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендердің бас жоспарлары;
4) тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары - даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы);
5) техникалық-экономикалық негіздемелердің құрамындағы ахуалдық жоспарларды және бас жоспарларды немесе ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қоспағанда, қалалардың аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысы игеруінің жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобалары және қолданыстағы бас жоспардың туындысы болатын құрылыс салу жоспарлары) жатады.»;
36) 62-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
37) 64-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешендi қала құрылысы сараптамасын сараптама комиссиялары немесе сараптама топтары жүргiзедi, олардың құрамына жобалардың тиiстi бөлiмдерi (бөлiктерi) бойынша аттестатталған сарапшылар кiредi. Бұл ретте кешенді қала құрылысы сараптамасына кеңесшілер ретінде жобалау ұйымдарының, мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының мамандары тартылуы мүмкін.»;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «жобалау-сметалық құжаттама жатады.» деген сөздер «жобалау-сметалық құжаттама;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы баптың 4-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
38) 64-2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржыландыру көзiне қарамастан, мемлекеттiк сараптама ұйымы салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.
3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.»;
39) 64-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк монополияға:
1) бюджет қаражаты есебiнен немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектiлердi салу немесе қазіргі барларын өзгерту;
2) мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын ықтимал қауiптi жаңа өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi, олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiктiк коммуникацияларын салу немесе қазіргі барларын өзгерту үшiн құрылыс салу жобаларына (техникалық-экономикалық негiздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.»;
40) 64-5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
41) 65-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылысын, оның ішінде бірегей объектілердің құрылысын және ірі инвестициялық жобалардың құрылысын салу үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісі (инвесторы) жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік ұйымдарды тарта алады.
Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
42) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Құрылыс процесiне қойылатын негiзгi талаптар
1. Құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде осы бапта белгiленген рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс.
2. Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмдi алуға мiндеттi. Бұл қағидаға тапсырыс берушіге меншiк құқығымен тиесiлi жеке үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерiне уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсы және абаттандыру элементтерiн, сондай-ақ тапсырыс беруші жер пайдалану құқығымен пайдаланатын учаскелерде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар салу қосылмайды.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құқық (жер пайдалану не жеке меншік құқығы) берілген жерлерде ғана жол беріледі.
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығы мұқтаждары, қосалқы орман пайдалану үшiн орман ресурстары өзiне ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде, сондай-ақ туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи резерваттардың ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген учаскелерiнде объектiлер салуды жүзеге асыру ниетi бар тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының орман заңнамасына және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жер учаскесiн құрылыс салу үшiн пайдалануға рұқсат алады.
4. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмiнiң қабылданған күнінен бастап құрылыс басталғанға дейiнгi қолданылу мерзiмi жобалаудың және белгiленген тәртiппен жобаны бекiтудiң нормативтiк ұзақтығы ескерiле отырып Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiленедi және рұқсат құжатында көрсетiледi.
5. Жерге тиiстi құқық беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiш берiлген кезден бастап он күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырыс берушіге) оның сол құрылысты жүзеге асыру ниетiне қайшы келетiн Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға мiндеттi.
6. Жерге тиiстi құқық беру туралы аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты тапсырыс берушінің белгiленген объектiнi жобалауға тапсырмасын жасау үшiн негiз болып табылады.
Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекiтедi.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Жобалауға арналған тапсырма объектiнiң талап етiлетiн параметрлерiн, өзге де бастапқы деректердi қамтуға тиiс.
7. Көзделiп отырған құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен объектiнiң құрылысы және кейiннен пайдалануға берiлгенде оның орнықты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есептемелiк) параметрлерiнде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ұсынады.
Берілген техникалық шарттар тұтынушының жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы олардың қолданыстағы мерзімі ішінде жаңа техникалық шарттарға өзгертілуі мүмкін.
8. Құрылыс объектiсiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлердiң техникалық шарттар берілген кезде инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) тапсырыс берушінің қатысуы (үлестiк қатысуы) туралы негiзсiз талаптар белгiлеуiне жол берiлмейдi.
Белгiлi бiр елдi мекен немесе құрылыс ауданының инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылымын қамтамасыз етудiң сол кездегi деңгейi тапсырыс беруші сұратқан параметрлерде қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бермеген жағдайда, қосылатын абоненттердiң қосымша жүктемелерiн жабуға арналған инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар туралы мәселелер жеткiзiп берушiлер (өндiрушiлер) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) арасында шарт және қайтарымдылық негiздерiнде шешiлуге тиiс.
9. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жерге тиiстi құқық беру туралы шешiм, инженерлiк қамтамасыз ету және коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосу үшін техникалық шарттарды жобалаудың бекiтiлген тапсырмасы және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негiзiнде тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi.
10. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн қажеттi бастапқы материалдардың құрамы мен көлемi мемлекеттiк нормативтiк құжаттармен белгiленедi.
Жаңа объект салу немесе қазіргі бар объектiнi реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтiру) үшiн жер учаскесiн бөлiп беру (телiм беру) талап етiлмейтiн жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу қажет болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиiстi жазба жасалады.