28-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28. «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 19-12) тармақшасындағы «қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «бақылау жəне қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
29-тармақ 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
29. «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
76-1-бапта:
екінші бөлікте:
«мемлекеттік органдардың жəне» деген сөздер «мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жəне арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздер «, арнаулы мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында» деген сөздерден кейін «жəне «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен толықтырылсын.
30. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
30-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның күші, осы Заңның 3 (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан басқа), 45-1,59,60,61 жəне 62-баптарын, 69-бабының 3 жəне 3-1-тармақтарын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда, азаматтық қорғау органдарына жəне олардың қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарындағы қызметке қолданылады.»;
2) 15-баптың 2-тармағындағы «Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою, халыққа шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздер «Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 20-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде «табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою, халыққа шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздер «азаматтық қорғау органының қызметкерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 66-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, асырауындағы адамдарына немесе мұрагерлеріне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.»;
30-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5) 84-баптың бесінші бөлігі алып тасталсын.
31. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-тармағының 1) - 6) тармақшалары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
2-3) жəне 2-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3) əлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасы - осы əлеуетті сатып алушының (ие болушының) шешімдерін айқындауға жəне (немесе) ол қабылдайтын шешімге, оның ішінде жазбаша түрде жасалған мəмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы əлеуетті сатып алушының (ие болушының) осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
2-4) əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорация - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау топтамасы мемлекетке тиесілі, өңірдің экономикасын дамытуға жəрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;»;
мынадай мазмұндағы 2-5) жəне 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-5) байқау кеңесінің тəуелсіз мүшесі - осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылмайтын жəне өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кəсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорынның немесе осы мемлекеттік кəсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғаларының - ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес жəне өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кəсіпорынның, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аудитіне қатыспайтын жəне өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;»;
«23-1) мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі - əлеуетті сатып алушылар (ие болушылар) жекешелендіру процесіне бастамашылық жасайтын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылатын, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тізімі;»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-8), 4-9), 4-10) жəне 4-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-8) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесі) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын əзірлейді жəне бекітеді;
4-9) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тəуелсіз директорларының (тəуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
4-10) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу жəне шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
4-11) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарды əзірлейді жəне бекітеді;»;
3) 14-бапта:
9) тармақшадағы «, шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе» деген сөздер «немесе шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-7) жəне 26-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-7) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сəйкес, Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу жөнінде ашық конкурс өткізеді;
26-8) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тəуелсіз директорларының (тəуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларына сəйкес, Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тəуелсіз директорларының (тəуелсіз мүшелерінің) тізілімін жүргізеді жəне оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды;»;
4) 17-баптың 26) тармақшасындағы «, шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне» деген сөздер «немесе шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-баптың 6) тармақшасындағы «, шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе» деген сөздер «немесе шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-1-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «не кейіннен сатып алу құқығымен» деген сөздер алып тасталсын;
7) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде реквизициялау жергілікті атқарушы органдар бекітетін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жоюдың іс-қимылдар жоспарына сəйкес жүзеге асырылады.»;
8) 40-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармағының 9) тармақшасы 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
9) 74-бапта:
1-тармақтағы «120, 145-баптарында» деген сөздер «120-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «105, 106, 120, 145-баптарында» деген сөздер «120-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармағының 10) тармақшасы 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
10) 75-бапта:
1-тармақтағы «145,» деген цифрлар алып тасталсын;
14-тармақтағы «105, 106, 120, 145, 176-баптарында» деген сөздер «120-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 83-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 91-бапта:
1-тармақ «құқықтары» деген сөзден кейін «, мемлекеттік материалдық резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5, 6 жəне 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
31-тармағының 12) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«5. Материалдық құндылықтар мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар сатып алу-сату шартының толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджетке есепке жатқызылуға жатады.
6. Басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде жаңарту тəртібімен берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары, сондай-ақ номенклатура өзгерген жəне кəдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығарылғандарды қоспағанда, броньнан шығарылған материалдық құндылықтар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтажы үшін пайдалану Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, əкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек жəне гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
31-тармағының 12) тармақшасының сегізінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жəне олардың салдарының алдын алу жəне оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін пайдалану - уəкілетті органның шешімі бойынша, ал жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары пайдаланылған жағдайда жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
31-тармағының 13) - 25) тармақшалары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
13) 93-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі «Сатып алушы (ие болушы) -» деген сөздерден кейін «осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қор биржасында сауда-саттық жолымен жекешелендіруді қоспағанда, акционерлік қоғамдардағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі) акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) жекешелендіру кезінде тікелей мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілері жəне олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.»;
5-тармақтағы «мемлекеттік мүлікті» деген сөздер «қор биржасындағы мемлекеттік мүлікті жəне шетелдегі мемлекеттік мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 94-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
15) 97-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
16) 98-бапта 3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестерін сату осы Заңның 101-бабының 4-1 жəне 4-2-тармақтарына жəне 102, 103-баптарына сəйкес аукцион, тендер нысанындағы сауда-саттық, қор биржасындағы сауда-саттық жəне екі кезеңдік рəсімдер жолымен конкурс арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5, 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) тендерде сату қызмет бейінін жəне жұмыскерлердің штат санының кемінде үштен екісін сақтау шарттарымен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін, жұмыскерлерінің штат санын сақтау мерзімдерін сатушы мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде айқындайды.
6. Əлеуетті сатып алушының (ие болушының) жəне əлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасының жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сату жөніндегі бір аукционға, тендерге, екі кезеңдік рəсімдер жолымен конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
7. Мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесіне енгізілген, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды жекешелендіру осы Заңның 10-тарауының 1 жəне 2-параграфтарында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.»;
17) 100-бапта:
1-тармақтың үшінші жəне төртінші бөліктері алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Жекешелендіру объектілерін сату тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
18) 100-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тəуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады жəне оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде белгілейді.
Жекешелендіру объектілері, екінші жəне одан кейінгі сауда-саттықты өткізу жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан төмен болмайтын бастапқы баға бойынша сатуға қойылады.»;
4-тармақтағы «нарықтық» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жекешелендіру объектісін сату бағасы өткізілген сауда-саттық нəтижелері бойынша белгіленеді.»;
19) 101-бапта:
4-1-тармақта:
екінші бөлік «бағасы» деген сөзден кейін «осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сəйкес айқындалған» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «бағаны көтеру əдісі» деген сөздер «бағаны көтеруге арналған əдіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
«елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бағаны төмендету əдісі» деген сөздер «бағаны төмендетуге арналған əдіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «ең төмен баға белгіленбей, бағаны төмендету əдісі» деген сөздер «бастапқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған əдіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші жəне сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Төртінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі бастапқы бағаның отыз пайызы мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.
Бесінші жəне одан кейінгі сауда-саттықтарға жекешелендіру объектісі кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.»;
4-2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекешелендіру объектісі екінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның жетпіс пайызына тең.»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жекешелендіру объектісі үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның елу пайызына тең.
Жекешелендіру объектісі төртінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның отыз пайызына тең.
Жекешелендіру объектісі бесінші жəне одан кейінгі тендерлерге шығарылған кезде бастапқы баға кепілдік жарнаның мөлшеріне тең.»;
мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондар мен тендерлер мынадай негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:
1) аукционға немесе тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) жалғыз қатысушының аукционда бастапқы немесе жарияланған бағаны растамауы немесе тендерде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұсынбауы;
3) аукцион немесе тендер жеңімпазының осы баптың 6-тармағында белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймауы.
Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы өткізілмеген аукцион немесе тендер туралы актіге қол қояды жəне жекешелендіру объектісі қайтадан сауда-саттыққа шығарылады.»;
20) 103-бапта:
4-тармақтағы «ең үздік шарттар» деген сөздер «ең жоғары баға жəне (немесе) ең үздік шарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Егер:
1) конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға екеуден аз өтінім тіркелсе;
2) конкурстың екінші кезеңіне екіден аз əлеуетті сатып алушы (инвестор) жіберілсе;
3) конкурс жеңімпазы сатушы белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы мен тəуелсіз консультант өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды жəне жекешелендіру объектісі қайтадан конкурсқа шығарылады.
7. Əрбір кейінгі конкурс алдыңғы конкурс күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
21) 105 жəне 106-баптар алып тасталсын;
22) 107-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «нарықтық» деген сөз алып тасталсын;
23) 110-баптың 2 тармағында:
бірінші бөліктегі «Шарт» деген сөз «Сатып алу-сату шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «сарапшыларды, бағалаушыларды, сондай-ақ» деген сөздер «тиісті салалардың уəкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тиісті салалардың уəкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) сатушыдан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылауға қатысу үшін өз өкілдерінен кандидатуралар ұсынады.
Бақылауды жүргізу үшін консультациялық, аудиторлық жəне өзге де ұйымдарды тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;
24) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Мемлекеттік мүлікті шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру
Мемлекеттік мүлікті шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне, сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үшін өтеусіз беру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.»;
25) 130-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «, осы Заңның 97-бабының 5-тармағында, 98-бабының 4-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
31-тармағының 26) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 134-баптың 2-тармағының 24) тармақшасындағы «тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
31-тармағының 27) - 30) тармақшалары 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
27) 175-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
28) 176-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
29) 182-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің арасынан директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органның, тиісті саланың уəкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілер болып табылатын өкілдері директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайлана алмайды.
6. Тəуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеу, Ұлттық əл-ауқат қорын жəне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сəйкес конкурстық тəртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
7. Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарға сəйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар тиісті саланың уəкілетті органының шешімі бойынша директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттің өкілі ретінде ұсынылуы мүмкін.»;
30) мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2, 182-3 жəне 182-4-баптармен толықтырылсын:
«182-1-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі корпоративтік басқару
1. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне (немесе) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысының айрықша құзыретіне жатқызылған мəселелерді шешуді қоспағанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы - байқау кеңесі құрылуы мүмкін. Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бекітеді.
2. Жалғыз қатысушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің мүшелерін сайлайды (қайта сайлайды) жəне олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
3. Байқау кеңесін құру жəне тарату тəртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бекітеді.