үшінші бөлік «ішкі істер органы,», «ішкі істер органының,» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органы,», «азаматтық қорғау органының,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 101-4-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлікте:
бірінші абзац «Ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
1) жəне 2) тармақшалар «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша «ішкі істер органынан» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органынан» деген сөздермен толықтырылсын;
2), 3) жəне 4) тармақшалар «ішкі істер органының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органының,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «ішкі істер органының», «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органының», «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 101-5-бап мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй төлемдерін осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 6) тармақшаларында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар.
Тұрғынжайды жалдау ақысын төлеу мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жəне (немесе) олардың отбасы мүшелері тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызынан аспайтын мөлшерде жəне олар тағайындалған күннен бастап бес жылдан аспайтын уақытта тұрғын үй төлемдерін пайдаланады.»;
12) 101-6-бапта:
1) тармақша «ішкі істер органынан» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органынан» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «ішкі істер органының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органының,» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 101-7-бапта:
1) жəне 2) тармақшалар «ішкі істер органын,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органын,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «ішкі істер органы,», «ішкі істер органының қызметкері» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органы,», «, азаматтық қорғау органының қызметкері» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 101-9-бапта:
тақырып «ішкі істер органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «ішкі істер органының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органының,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 101-10-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы «ішкі істер органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 101-11-бапта:
тақырып «Ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлік «ішкі істер органдары», деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) жəне 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнаулы шотына тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызынан аспайтын мөлшерде тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте азаматтық қорғау органының қызметкері мен оның отбасы мүшесіне арналған тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен, бірақ тоқсан шаршы метрден аспайтын мөлшерде айқындалады.»;
бесінші бөлік «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «Ішкі істер органының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органының» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөлік «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлік «Ішкі істер органдарында», «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдарында», «, азаматтық қорғау органы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жəне оның осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді, оны жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
үшінші бөлік «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «ішкі істер органдарында» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ «Ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, əскери-дəрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сақталады.»;
екінші бөлікте:
«бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші жəне екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 109-баптың 2-1-тармағында:
бірінші жəне екінші бөлік:
«арнаулы мемлекеттік органдардың», «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдарының», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«өзге де жабық объектілерде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын.
14-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14. «Жұмылдыру дайындығы жəне жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-бап мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3) жəне 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау жəне көлемдерін есептеу əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;
8-3) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау жəне көлемдерін есептеу əдістемесіне сəйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
8-4) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға ұсыныстар енгізеді;».
15-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 6-7) тармақшасындағы «қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «бақылау жəне қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тəртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
46-12-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «əскери қызметтен» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты жəне аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады» деген сөздер «жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын.
18-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың 1-тармағының 30-1) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылауды жəне» деген сөздермен толықтырылсын.
19-тармақ 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
19. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
41) жəне 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41) объектілер мониторингі - сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі;»;
«43) объектінің бас жоспары - құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мəселелерін кешенді шешуді жəне жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды қамтитын бөлігі;»;
мынадай мазмұндағы 43-1) жəне 43-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«43-1) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі туралы қорытынды - адамдар жаппай болатын салынған объектілердің жəне биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдар алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі туралы азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық органы беретін құжат;
43-2) объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек жəне қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік жəне (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, негіздері мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дəрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар:
жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;
жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;
жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді;»;
44), 44-1) жəне 44-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«44) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға жəне мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сəйкес аяқталғанын жəне объектінің пайдалануға толық əзірлігін растайтын құжат;
44-1) орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сəйкестігін растайтын құжат;»;
«44-3) өрт-техникалық зерттеп-тексеру - нəтижесінде адамдар көп болатын салынған объектілердің жəне биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі айқындалатын зерттеп-тексеру түрі;»;
2) 34-2-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «сəйкестік туралы декларацияны жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі» деген сөздер «сəйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі жəне объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 73-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жəне орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі» деген сөздер «, орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі жəне объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 75-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мердігерден (бас мердігерден) объектінің дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден) жəне техникалық жəне авторлық қадағалауларды жəне өрт-техникалық зерттеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардан сəйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестігі жəне объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі туралы қорытындыларды сұратады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық органы тапсырыс берушіден өтінішті алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өрт-техникалық зерттеп-тексеруді жүзеге асырады жəне адамдар көп болатын объекті мен биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттар өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкес келген кезде оларды пайдалануға қабылдар алдында тиісті қорытынды береді.»;
4-тармақтағы «мен орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестігі» деген сөздер «, орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестігі жəне объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«жəне орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестігі» деген сөздер «, орындалған жұмыстардың жобаға сəйкестігі жəне объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«авторлық қадағалауларды» деген сөздерден кейін «, өрт-техникалық зерттеп-тексеруді» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 75-1-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі» деген сөздер «, орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі жəне объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «декларация жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі» деген сөздер «декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сəйкестігі мен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
20-тармақ 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
20. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 35-баптың 1-тармағы «əлеуметтік» деген сөзден кейін «, табиғи жəне техногендік» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 35-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«35-1-бап. Теміржол көлігін беру міндеті»;
екінші бөліктегі «осы бапта» деген сөздер «осы баптың бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Теміржол көлігі иелерінің табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою үшін оларды (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ теміржол көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу, осы баптың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады.».
21. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
47-3-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «əскери қызметтен» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын.
22. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 2-тармағының 1) жəне 9-1) тармақшаларындағы «аумақтық бөлімшелері», «аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер тиісінше «аумақтық органдары», «аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
23-тармақ 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
23. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1-бап. Автомобиль көлігін беру міндеті»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке жəне заңды тұлғалардың табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою үшін автомобиль көлігін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ автомобиль көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу, осы баптың бірінші, үшінші жəне төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады.»;
үшінші бөліктегі «Осы бапта» деген сөздер «Осы баптың бірінші жəне үшінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
24-тармақ 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
24. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1-бап. Ішкі су көлігін беру міндеті»;
екінші бөліктегі «Осы бапта» деген сөздер «Осы баптың бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке жəне заңды тұлғалардың табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою үшін ішкі су көлігін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ ішкі су көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеуі, осы баптың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады.».
25. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-9) тармақша «жеке тариф -» деген сөздерден кейін «құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жыл сайынғы индекстеуге жататын (қажет болған кезде),» деген сөздермен толықтырылсын;
31-4) тармақша «жеке тариф -» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жыл сайынғы индекстеуге жататын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі жəне коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр, жылу энергиясы мен су (дистиллят) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар бөлек заңды тұлға құрып, оған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім бойынша міндеттемелер беру арқылы жаңғыртуға, кеңейтуге жəне реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уəкілетті орган, көрсетілген энергия өндіруші ұйым мен заңды тұлға арасында жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімге қосымша келісім жасасу жолымен іске асыруға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлға деп осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес айқындалған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен үлестес заңды тұлға түсініледі.
Уəкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан энергия өндіруші ұйымдарға қолданылатын электр энергетикасы саласындағы заңнаманың күші осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім бойынша міндеттемелер берілген заңды тұлғаға қолданылады.»;
3) 15-8-баптың 8-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (қажет болған жағдайда) құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жыл сайынғы индекстеуге жатады.».
26. «Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
28-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «əскери қызметтен» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын.
27. «Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде Қарулы Күштер оларды тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бəсекелестік негізде дербес сатып алуға құқылы.».