4. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуға жəне бір-бірімен жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысымен жақын туыстық жəне жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс.
6. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі байқау кеңесі құрамының кемінде жартысы байқау кеңесінің тəуелсіз мүшелері болуға тиіс.
7. Байқау кеңесінің хатшысы мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмыскері болып табылады жəне ол байқау кеңесінің мүшесі болып табылмайды. Байқау кеңесінің хатшысы байқау кеңесіне есеп береді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді, отырысқа материалдар ресімдеуді қамтамасыз етеді жəне байқау кеңесі мүшелерінің отырыстардың материалдарына қол жеткізуінің қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді.
Байқау кеңесі хатшысының құзыреті мен қызметі мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі құжаттарында айқындалады.
8. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі қызметінің жəне оның шешімдер қабылдау тəртібі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында, сондай-ақ жалғыз қатысушы қабылдаған өзге де актілерде айқындалады.
Байқау кеңесінде дауыс беру кезінде кеңестің əрбір мүшесінің бір дауысы болады.
9. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының жəне байқау кеңесінің мүшелері (лауазымды адамдары) өздерінің əрекеттерімен (əрекетсіздігімен) жауапкершілігі шектеулі серіктестікке келтірілген залал үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
182-2-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесінің өкілеттіктері
Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) даму жоспарының орындалуы туралы есепті бекітеді, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза кірісін бөлу туралы алдын ала шешім қабылдайды;
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жəне оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады;
5) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органына сыйақы мөлшерін жəне сыйлықақы беру жəне материалдық көмек көрсету жүйесін айқындайды;
6) байқау кеңесінің хатшысын сайлайды, оның өкілеттік мерзімін жəне жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
7) жалғыз қатысушыға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
8) жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
9) жалғыз қатысушыға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
10) жалғыз қатысушыға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын, өкілдіктерін құру жəне жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
11) байқау кеңесі бекіткен тізбеге сəйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;
12) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі аудит қызметінің (егер ол құрылған жағдайда) сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысын жəне мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы, ішкі аудит қызметінің жұмыс тəртібін, ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне еңбекақы жəне сыйлықақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындайды;
13) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық құрылымын бекітеді;
14) жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындайды;
15) осы Заңда жəне (немесе) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында көзделген, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Байқау кеңесінің осы тармақта белгіленген өкілеттіктерін мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органына беруге жол берілмейді.
Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшесінің талабы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзыретіне жататын мəселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.
182-3-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ішкі аудит қызметі
1. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының шешімі бойынша ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
2. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері байқау кеңесінің жəне атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
3. Ішкі аудит қызметі байқау кеңесіне тікелей бағынады жəне оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
182-4-бап. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аудиті
Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын, байқау кеңесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті.»;
31-тармағының 31) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
31) 198-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тиісті саладағы жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізеді.»;
31-тармағының 32) тармақшасы 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
32) 199-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «қосымша мəліметтер» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган қалыптастырады жəне онда тиісті саланың уəкілетті органы (жергілікті атқарушы орган), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 27) тармақшасына сəйкес монополияға қарсы орган бəсекелес ортаға беруге ұсынатын, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар қамтылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды тарату не жекешелендіру туралы шешім қабылданған жағдайларда мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органның жəне жергілікті атқарушы органдардың тиісті хабарламалары негізінде оларды мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесінен алып тастайды.».
32. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді жəне олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор - мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара жəне Авиация қызметтерін, Шекара академиясын, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органды жəне оның авиациясын, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ авиациялық отынмен жабдықтау, оны сақтау жəне Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына жеткізу бойынша қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлға;»;
2) 3-баптың 2-тармағында:
3) тармақшада:
«Шекара қызметіне» деген сөздер «Шекара жəне Авиация қызметтеріне, Шекара академиясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға мұнай өнімдерін өткізуі кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «жəне оның авиациясына, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға мұнай өнімдерін өткізуі кезінде туындайтын;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың авиациялық отынды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына өткізуі кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
3) 7-баптың 21-1) жəне 21-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;»;
32-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «мемлекеттік бақылауды» деген сөздерден кейін «жəне қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 18-баптың 8-1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган - табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою, халыққа шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
34-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34. «Газ жəне газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 2 жəне 3-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сəйкес» деген сөздер алып тасталсын;
2) 30-баптың 1-тармағындағы «өнеркəсіптік, өрт қауіпсіздігі, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау, газ жəне газбен жабдықтау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
35-тармақ 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
35. «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік меншіктегі мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге беріледі.»;
2) 24-1-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аукцион қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық не бағалау құны мөлшерінде сатушы айқындайтын бастапқы баға мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып, бағаны көтеру əдісімен өткізіледі.
Бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционда сатуға жол берілмейді.
Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сəйкес айқындалған алғашқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады.
Əрбір кейінгі сауда-саттық жиырма жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады.»;
5, 6 жəне 8-тармақтар алып тасталсын.
36. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9-1) тармақшасы «құқық қорғау органдарында,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-бапта:
2-тармақтың 9) тармақшасының бірінші бөлігі «құқық қорғау органдарынан» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 27-баптың 9-тармағының екінші бөлігі «құқық қорғау органдарында» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылсын.
37. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
29) тармақша «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
34) тармақша «іске асыратын əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 2-баптың 1-тармағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-баптың 1-тармағында:
үшінші бөліктің төртінші абзацы «іске асыратын əскери», «- əскери», «туралы əскери» деген сөздерден кейін тиісінше «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөлік «құқық қорғау органдарына» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарына қызметке» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы «бойынша əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 18-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «2) əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтағы «арнайы мемлекеттік органдар» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың бесінші бөлігі «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 21-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі «құқық қорғау органдарына» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-тармақ «іске асыратын əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөздермен толықтырылсын;
4-2-тармақтың екінші бөлігі «Қарулы Күштердің» деген сөздерден кейін «, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 24-баптың 2-тармағы:
төртінші бөлік «арнаулы мемлекеттік органдарда» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылып, «мемлекеттік арнайы органдардағы» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік «құқық қорғау қызметі», «құқық қорғау органының» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдарындағы қызмет», «жəне азаматтық қорғау органының» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөлік «арнаулы мемлекеттік органдарынан,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 26-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы «мемлекеттік органдарына» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарына қызметке» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігі «қызметтен не» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың он екінші бөлігі «арнаулы мемлекеттік органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 35-баптың 5-тармағының 6) тармақшасы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 11) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «құқық қорғау органдарынан» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 39-бапта:
тақырып «Азаматтардың əскери», «Əскери» деген сөздерден кейін тиісінше «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «əскери» деген сөзден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік «Азаматтардың əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ «адамның əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ «адам əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі «іске асыратын əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
14) 39-1-бапта:
2-тармақ «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 40-баптың 1-тармағында:
5) тармақша «үшін - əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
6) тармақша «жəне əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
16) 40-2-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 9) тармақшасының бірінші бөлігі «құқық қорғау органдарынан» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 41-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «құқық қорғау қызметінен» деген сөздерден кейін «немесе азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 44-бапта:
1-тармақтың екінші жəне үшінші бөліктеріндегі «əскери оқу» деген сөздер «əскери, арнаулы оқу» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «əскери» деген сөзден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
19) 46-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «ал əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
20) 48-бапта:
тақырып «қызметшілерді, əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлік «қызметшілер, əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік «кері қайтқанда əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөлік «жəне əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
21) 48-1-бап «сондай-ақ əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
22) 52-баптың 2-тармағының үшінші абзацы «іске асыратын əскери» деген сөздерден кейін «, арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын.
38. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
68-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі оларды тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бəсекелестік негізде дербес сатып алуға құқылы.».
39. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша:
«мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті», «мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің», «мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді», «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет» деген сөздер тиісінше «кəсіби өртке қарсы қызметті», «кəсіби өртке қарсы қызметтердің», «кəсіби өртке қарсы қызметтерді», «Кəсіби өртке қарсы қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзге де жұмыскерлері», «өзге де жұмыскерлерінің», «өзге де жұмыскерлер» деген сөздер тиісінше «жұмыскерлері», «жұмыскерлерінің», «жұмыскерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе «қызметін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мəртебесі мен əлеуметтік қорғалуын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-бапта:
8) тармақшадағы «, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы «өрт қауіпсіздігі мен өнеркəсіптік қауіпсіздікті» деген сөздер «өрт қауіпсіздігін, өнеркəсіптік жəне сейсмикалық қауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «халыққа жəне мемлекеттік органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда əрекет ету тəртібі туралы хабар беруді» деген сөздер «адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда əрекет ету тəртібі туралы ақпаратты халыққа жəне басқару органдарына жеткізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшада:
«мемлекеттік жəне мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет» деген сөздер «мемлекеттік, кəсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«авиациясы» деген сөзден кейін «жəне теңіз ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақшадағы «ведомствосы, аумақтық бөлімшелері жəне оның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер» деген сөздер «аумақтық органдары, ведомствосы жəне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен кəсіпорындары» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтың 3) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері - азаматтық қорғау органдарында қызметте тұрған, арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
19) тармақшадағы «, мемлекеттік саясатты əзірлеуді жəне іске асыруды» деген сөздер алып тасталсын;
19-1) тармақша алып тасталсын;
24) тармақшадағы «, өрттердің алдын алу жəне (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) кəсіби өртке қарсы қызмет - ұйымдардағы, елді мекендердегі жəне объектілердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өрт сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен заңды тұлғалар;»;
39-тармағы 3) тармақшасының он алтыншы - жиырма төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32-1) тармақшада:
екінші абзацта:
«мемлекеттік бақылау мен қадағалауды өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган жүзеге асыратын,» деген сөздер алып тасталсын;
«0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер,» деген сөздер «0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жəне (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу жəне су жылыту қазандықтары (жылу желілерін қоспағанда), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға)» деген сөздер «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
«мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын,» деген сөздер алып тасталсын;
«жүк көтергіш механизмдер,» деген сөздер «жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға)» деген сөздер «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) тармақша «белгілі бір номенклатура мен сақтау» деген сөздер «мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының белгілі бір номенклатурасы мен оларды сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) тармақша «пункттеріне» деген сөзден кейін «, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
38) тармақша алып тасталсын;
39-1) тармақшадағы «атқарушылық жəне бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты» деген сөздер «мемлекеттік резерв саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
40), 41) жəне 42) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«40) мемлекеттік өртке қарсы қызмет - өрттердің алдын алуды жəне оларды сөндіруді ұйымдастыруға, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға жəне өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуге арналған облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы;