87) 404-бапта:
1-тармақтың 87) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 2) тармақшасы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы және үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осы Кодекстің 401-бабының 5-тармағында айқындалған салықтық кезеңде жүргізіледі.»;
88) 410-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есепке жатқызылуға жатуына рұқсат етілмеген қосылған құн салығы осы Кодекстің 243-бабы 9-тармағының мақсаттары үшін есепке алынбайды.»;
89) 411-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында:
бірінші абзацтың бірінші сөйлемі «балық өсіру шаруашылығының» деген сөздерден кейін «немесе кәсіпшілік балық өсіру шаруашылығының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«ашытқы өндіру;
салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру;
қант өндіру;»;
90) 412-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу кезінде шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді шектеудің күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.»;
7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;»;
14-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.»;
екінші бөлік «жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушы» деген сөздерден кейін «өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде» деген сөздер «өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелеріне сәйкес шот-фактураны жазып беру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны бойынша жүзеге асырылады.»;
91) 413-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз тоқсан бес күн ішінде жүзеге асырылады.»;
92) 424-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 85-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында, 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.»;
93) 431-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қалған жағдайларда - жетпіс бес жұмыс күні ішінде.»;
94) 434-баптың 2-тармағының он бірінші бөлігінде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мыналарға:»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін - есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде;
осы Кодекстің 429-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін - нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының бір бөлігінің 50 пайызынан аспайтын, бірақ есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде;»;
95) 440-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уақытша әкелінген тауарлар әкелу күнінен бастап екі жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, мұндай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және мұндай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығы салынуға жатады.»;
96) 453-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды бір салықтық кезеңде өткізген кезде шот-фактура электрондық нысанда салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.
Өзге жағдайларда импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 47-тарауында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі.»;
1-тармақтың 97) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
97) 463-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының кестесінде:
1-жолдағы «, емдік және фармацевтикалық препараттарды» деген сөздер алып тасталсын;
3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. | 2208-ден | Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан аз спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын және белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа | 2550 теңге/ литр 100% спирт |
»;
мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын:
«
3-1. | 2208-ден | Емдік және фармацевтикалық препараттар үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті | 600 теңге/ литр 100% спирт |
»;
8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8. | 2208-ден | Коньяк, бренди | 1000 теңге/литр 100% спирт |
»;
1-тармақтың 98) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
98) 464-баптың 3-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын квоталар шегіндегі, өз қызметінің басталғаны туралы белгіленген тәртіппен хабардар еткен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спирті;»;
«5) есептен шығару және жою туралы актінің негізінде салық органдары қабылдаған, ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары.»;
99) 484-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «53) тармақшасында» деген сөздер «50) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 494-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.»;»;
1-тармақтың 101) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
101) 505-баптың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 28,95 |
2. | Шымкент | 9,17 |
3. | Астана | 19,30 |
4. | Ақтау | 9,65 |
5. | Ақтөбе | 6,75 |
6. | Атырау | 8,20 |
7. | Жезқазған | 8,20 |
8. | Көкшетау | 5,79 |
9. | Қарағанды | 9,65 |
10. | Қонаев | 9,17 |
11. | Қостанай | 6,27 |
12. | Қызылорда | 8,68 |
13. | Орал | 5,79 |
14. | Өскемен | 9,65 |
15. | Павлодар | 9,65 |
16. | Петропавл | 5,79 |
17. | Семей | 8,68 |
18. | Талдықорған | 9,17 |
19. | Тараз | 9,17 |
20. | Түркістан | 7,79 |
21. | Алматы облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 |
24. | Ақмола облысы: | |
25. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 |
26. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 |
27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы |
28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы |
29. | Кенттер | 0,96 |
30. | Ауылдар | 0,48 |
»;
102) 517-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, келісімшарттық қызмет шеңберінде күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.»;
103) 518-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, қаржылық жалдауға берілген объектілер бойынша жалға беруші салық төлеуші болып табылады.
Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.»;
104) 519-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.» деген сөздер «құрылысжайлар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген сыныптауышқа сәйкес осындайларға жататын ғимараттар мен құрылысжайлар, осындай ғимараттар мен құрылысжайлардың қаржылық жалға берілген және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес дебиторлық берешек ретінде ескерілетін бөліктері салық салу объектісі болып табылады.»;
105) 520-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықтық база халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.»;
«4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленетін дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы ағымдағы салықтық кезеңнің әрбір айының 1-күніне және есептіден кейінгі салықтық кезең айының 1-күніне дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің сомаларын қосқан кезде алынған соманың он үштен бір сомасы ретінде айқындалады.»;
106) 521-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 107) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
107) 529-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құны теңгемен |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 60 000 |
2. | Шымкент | 60 000 |
3. | Астана | 60 000 |
4. | Ақтау | 36 000 |
5. | Ақтөбе | 36 000 |
6. | Атырау | 36 000 |
7. | Жезқазған | 36 000 |
8. | Көкшетау | 36 000 |
9. | Қарағанды | 36 000 |
10. | Қонаев | 36 000 |
11. | Қостанай | 36 000 |
12. | Қызылорда | 36 000 |
13. | Орал | 36 000 |
14. | Өскемен | 36 000 |
15. | Павлодар | 36 000 |
16. | Петропавл | 36 000 |
17. | Семей | 36 000 |
18. | Талдықорған | 36 000 |
19. | Тараз | 36 000 |
20. | Түркістан | 36 000 |
21. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
22. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
23. | Кенттер | 4 200 |
24. | Ауылдар | 2 700 |
»;
1-тармақтың 108) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
108) 531-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 4 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 0,96 |
2. | Шымкент | 0,58 |
3. | Астана | 0,96 |
4. | Ақтау | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 0,58 |
6. | Атырау | 0,58 |
7. | Жезқазған | 0,58 |
8. | Көкшетау | 0,58 |
9. | Қарағанды | 0,58 |
10. | Қонаев | 0,58 |
11. | Қостанай | 0,58 |
12. | Қызылорда | 0,58 |
13. | Орал | 0,58 |
14. | Өскемен | 0,58 |
15. | Павлодар | 0,58 |
16. | Петропавл | 0,58 |
17. | Семей | 0,58 |
18. | Талдықорған | 0,58 |
19. | Тараз | 0,58 |
20. | Түркістан | 0,39 |
21. | Алматы облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
24. | Ақмола облысы: | |
25. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
26. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | 0,39 |
28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | 0,19 |
29. | Кенттер | 0,13 |
30. | Ауылдар | 0,09 |
»;
1-тармақтың 109) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
109) 550-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу;»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алымдар алынады:»;
5) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтағы «және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 110) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
110) 552-баптың 1-тармағындағы «, жергілікті атқарушы органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға» деген сөздер «және жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 111) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
111) 553-бапта:
3-тармақ кестесінің 17., 17.1. және 17.2.-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
17. | Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін: | |
17.1. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін: | |
»;
«
17.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін ** | 0,5 |
»;
4-тармақ кестесінің 1.5., 2.5. және 3.5.-жолдары алып тасталсын;
112) 554-бапта:
1-тармақтың 112) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың кестесінде:
мынадай мазмұндағы 1.85.-жолмен толықтырылсын:
«
1.85. | Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсету | 10 |
»;
2.1. және 2.2.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.1. | 1.51. - 1.53.1., 1.55. - 1.59., 1.79. - 1.80.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100%-ы |
2.2. | 1.51. - 1.53.1., 1.55. - 1.59.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10%-ы |
»;
1-тармақтың 112) тармақшасының жетінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ алып тасталсын;
113) 558-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын салық салынатын объектінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.»;
1-тармақтың 114) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
114) 582-баптың 3-тармағы кестесінің 1., 1.1., 1.3., 1.7.1. және 1.8.1.-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. | Кәсіпшілік, ғылыми және өсімін молайту мақсаттарында: | | |
1.1. | бекіре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай, Сібіp бeкіpecі, Сырдария тасбекіресі) | | 0,064 |
»;
«
1.3. | албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус, Каспий албырты, Арал албырты, таймень, сылан, ақбалық) | | 0,017 |
»;
«
1.7.1. | ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, жайын, нәлім, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке, күтім, шортан тектес ақмарқа (тазбалық), Арал қаязы, Түркістан қаязы | | 0,013 |
»;
«
1.8.1. | табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, ала бұға, оңғақ, кәдімгі және Талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, білеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, қарабалық, Іле қарабалығы (Іле популяциясы), Шу сүйрікқанаты, Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясы), шатқалдық тас тасалағыш, Волга көп аталықты майшабағы | | 0,004 |
»;
1-тармақтың 115) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
115) 591-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын мынадай АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады:
жаяу жүргіншіден - 0,1 АЕК;
мотоциклдерден, мопедтерден, квадроциклдерден - 0,2 АЕК;
жеңіл автомобильдерден - 0,3 АЕК;
орын саны 16-ға дейінгі шағын автобустар мен жүк автомобильдерінен - 1,0 АЕК;
орын саны 32-ге дейінгі автобустардан - 2,0 АЕК;
орын саны 32-ден жоғары автобустардан - 3,0 АЕК.»;
1-тармақтың 116) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
116) 605-бапта:
3-тармақ кестесінің 8.1. және 8.2.-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
8.1. | 20 ш.м-ге дейін | 20 | 14 | 6 |
8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 30 | 24 | 16 |
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде көріністердің, бейнекөріністердің, қазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен оны орналастыру жағының алаңы негізге алынатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі.»;
1-тармақтың 117) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
117) 606-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«606-2-бап. Төлемақы төлеушілер
Осы тараудың мақсатында:
Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингті жүзеге асыратын;
цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.»;
118) 606-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«606-4-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы
1. Төлемақыны есептеу үшін тоқсан салықтық кезең болып табылады.
2. Декларация салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.»;
119) 606-5-бапта:
2-тармақтағы «айдың 20-күнінен» деген сөздер «екінші айдың 25-күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Төлемақы сомасы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жатады.»;
120) 609-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 120) тармақшасының екінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшадағы «сотқа» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан, сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін есепке алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды сақтау үшін белгіленген мерзімнен аспайтын кезең ішінде сақтауда тұрған автомобильге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (телнұсқаларын) бергені үшін;»;
1-тармақтың 121) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
121) 610-бапта:
тақырыптағы «Соттардағы» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан мемлекеттік баж 1 АЕК мөлшерінде алынады.»;
122) 616-бапта:
тақырыптағы «Соттарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында және соттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында мемлекеттік баж төлеуден жеке тұлғалар - Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі босатылады.»;
123) 621-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы және 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Конституциялық Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 124) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
124) 623-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты қарайтын азаматтардың жолданымдары бойынша - жолданым берілгенге дейін;»;
125) 628-баптың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы және 6) тармақшасының төртінші абзацындағы «Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Конституциялық Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
126) 631-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;»;